Батпалы электроқозғалтқыш
Батпалы электроқозғалтқыш үш фазалы асинхронды қысқа тұйықталған қозғалтқыш болып табылады, оның ішкі аумағы маймен толтырылған. Ол ішінде статор мен ротор орналасқан тұрқыдан (12), подшипниктерге қондырылған біліктен (11), ал головкасында табаннан (3) және асты табаннан (4) тұратын тіреуіш подшипник орналасқан. Статор кезектесіп жүретін бөлек магнитті (8) және магнитті емес (9) секциялардан жиналады. Ротор роторды жестьттер пакетінен (10) құралады. Магнитті емес секцияларда радиальды сырғанау подшипниктері (7) орналасқан.
Статордың орауы және “тиін қақпағының” мыс стерженьдері арнайы паздарында жатқызылған. Статор орауының шығарулылары (выводы) головкада (2) орналасқан кабельді енгізудің (5) (ввод) колодкасымен байланыстырылады.
Сурет 1.27 Батпалы электроқозғалтқыш.
Электроқозғалтқыш ішінде майдың циркуляциясы (айналымы) үшін қозғалтқыштың бос білігінде турбина (6) орнатылған. Оның айналуы кезінде май ротор және статор арасында қозғалады, статордың жинағындағы (набор) арнайы тесіктерден ағып, біліктің төменгі жағында орналасқан фильтрдан (13) өтеді. Осы кезде май подшипниктерді майлайды және жылуды қызу көзінен тұрқыға апарды, ал ол өз кезегінде қабат сұйығымен суытылады. Қозғалтқышты толтыру үшін тұтқырлығы аз, жақсы майлау қасиеттері бар және жоғары тескіш кернеуі бар май қолданылады (высокое пробивное напряжение). (40 кВ төмен емес.
Сораптың табанында (14) гидроқорғау компенсаторы қондырылады, ол электроқоғалтқышпен фланецті қосылыс арқылы байланысады.
Электроқозғалтқыш тұрқысының жоғары бөлігінде протектормен фланецті қосылыспен байланысады, электроқозғалтқыш білігі протектор білігімен шлицевті муфта (1) арықыл байланысады.
Протектор электроқозғалтқышты қабат сұйығынан қорғайтын гидравликалық қорғау және температура өзгергенде майдың көлемінің өзгеруін компенсациялайды. Ол электроқозғалтқышпен сораптың арасында орналасады.
Протектор құрылысын Г типті гидро қорғаудың үлгісінде қарастырамыз (сурет 1.28)
Сурет 1.28 Гидроқорғау протекторы
Протектор (1) электроқозғалтқыштан төмен орналасқан (2) май көлемінің компенсаторынан (3), майысқақ диафрагамасы бар бөлгіш камерадан (4), торцевой тығыздауыштары (1) және (3) бар біліктен және тіреуіш өкшеден (2) тұрады.
Протектор келесі әдіспен жұмыс істейді: ішкі қуыс А-да тұтқырлығы аз май орналасады, мысалыға электроқозғалтқыш толтырылған трансформатор майы. Бұл қуыс электроқозғалтқыш аумағы арқылы май аумағының компенсаторы қуысы В-мен байланысады. Иілгіш элемент қоршаған ортаның қысымын Б қуысына жібереді.
Майдың жұмсалуы кезінде компенсатор көлемі азаяды. Майдың көлемі үлкейген кезде қызу нәтижесінде компенсатор көлемі үлкейеді.
В қуысында екібетті өкшені майлауға арналған май орналасады – сорап білігінен өстік қысымды қабылдайтын тіреуіш пошипник. Өкшеден жоғары және төмен торцевые тығыздаушытар орналасады: төменгісі – электроқозғалтқышпен жалғанған ішкі қуысты В герметизациялайды, ал жоғарғысы – тіреуіш подшипникті майлауға арналған майды ағызбауы үшін арналған.
Май жұмсалуы кезінде қуыс Б-дан қуыс А-ға клапан (7) арқылы қабат сұйығы түседі, ол жерде сұйық тыныдырылып мұнай мен суға бөлінеді. Майдың толық жұмсалуынан кейін мұнай түтік (5) және тесік арқылы В қуысына түседі де ротордың білігінің подшипниктерін майлайды.
Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 1145;