Айырғыш клапаны
Ашық фонтандалуды ескертуге арналған жабдықтар.
Ыманың ішіндегі әр түрлі жабдықтар.
Айырғыш клапаны
Сағалық жабдықтың апатты істен шығуы кезінде немесе жөндеу жұмыстары кезінде ашық фонтандауды болдырмау үшін фонтандалуға бейім ұңғымалар оқпанның төменгі бөлігінде орнатылған бөлу клапандарымен жабдықталады, бұл клапан өз кезегінде ұңғыманың төменгі сүзгіш бөлігін оның жоғарғы бөлігінен бөледі.
Айырғыш клапандары орнатылған тәртіп бұзылған кезде сорапты компрессорлық құбырлардың бағаналарын автоматты түрде жауып, ұңғыма өнімінің ағысын тоқтату үшін арналған.
Айырғыш клапаны СКҚ бағанасында ниппельге тастау әдісімен немесе арнайы орнату құралының көмегімен орнатылады.
Қабатты айырғыш клапандар, сонымен қатар ұңғымада технологиялық процестерді жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан айырғыш клапан басқа қондырғымен толықтырылады да, олар арнайы жүйені құрайды. Бұл жүйе бірнеше бөлшектерден тұрады: негізгі бөлігі айырғыш клапанның өзі, нығыздауыш-герметизатор (пакер), якорь, берілген деңгейді ұстаушы пакер, клапанды басқару үшін қажетті қатынас каналы, өзіндік басқару құрылымы, клапанды, якорь мен пакерді орнату және демонтаждау жұмыстарына арналған қондырғы, технологиялық операцияларды жүрігізуге арналған қондырғылар.
Жоғарыда аталған қондырғылар (сүзгінің жоғары жағында орналасады) қабаттың әртүрлі ерекшеліктеріне (сұйық немесе газдың қасиеті, дебиті, ортаның агрессивтігі, температура, қысым) байланысты пайдаланылады. Бұл жұмыс жағдайларында әрбір қондырғы ұзақ уақыт бойы бас тартпай жұмыс істеуі қажет және ол инженерлік тұрғыда күрделі мәселе болып саналады.
Қабаттың айырғыш клапаны (1.6-сурет) пакерден (1), айырғыш клапаннан (2), ажыратқыштан (3), ұңғыманы апат кезінде сөндіруге арналған циркуляциялаушы клапаннан 4, ингибиторды енгізуге арналған клапан (5), сызықтың деформацияларды азайтуға арналған телескопиялық байланыс (6), қабат сұйығының шығым мөлшерін басқаруға қажетті дроссель (7), қабылдағыш клапаннан (8) тұрады. Пакер түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы мынада: түсірілетін күшті қабылдау және пайдалану тізбегіне бағыттауы бойынша, фиксация әдісі бойынша, отырғызу және алынуы бойынша, әртүрлі орта үшін қолдануы және өлшемі мен конструкциясы бойынша бөлінеді.
Қабаттың айырғыш клапандарының бір-бірінен айырмашылығы мынада: басқару әдістері, құбырлармен байланысы, құбырда орналасуы және жүру каналдары бойынша ажыратылады. Клапандар автоматтық және басқарылу клапандары болып бөлінеді. Өз кезегінде автоматтық клапандар келесі түрге бөлінеді: оларды орналастырған аралықт
а қысымның төмендеуі кезінде іске қосылатын және сұйық мөлшерінің белгілі мәнінен асып кету себебінен іске қосылатын клапандар. Клапандардың құбырмен байланысы бойынша келесі түрлерге бөлінеді: алынатын клапандар – олар канат арқылы құбыр бойымен түсіріліп, құбырдың ниппельдерінде орналастырылады; стационарлы клапандар – құбырмен бірге ұңғымаға түсіріледі және онымен бірге жер бетіне шығарылады.
Ұңғымаларда айырғыш клапан орналастырылған кезде және орналастырылмаған кезде де ұңғыма ішінде бірнеше операцияларды орындау қажет болады және олар жоғары қысым аумағында орындалады.
Қысымы бар ұңғымада жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде айырғыш клапанға қосымша арнайы клапандар қосылады (1.7-сурет): циркуляциялы, теңгеруші, қабылдаушы және кері клапанды.
Циркуляционды клапан арқылы ұңғыма түбін, құбыр сыртын және ішін жуу жұмыстарын жүргізу, ұңғыманың түбін әртүрлі химиялық реагенттермен жуу кезінде және басқа да ұңғыма ішіндегі операциялар кезінде құбырдың ішкі кеңістігі мен құбыр сыртындағы кеңістіктерді байланыстырады.
Циркуляциялы клапан (1.7-сурет, а) СКҚ (НКТ) құбырына орнатылып, онымен бірге жер бетіне шығарылады. Ол тесіктері бар қораптан (4) тұрады және әрбір тесікте жылжымалы төлке (3) (оның да тесіктері бар) орналасқан. Соңғысы нығыздаушы элементтермен герметизацияланған: (6), (7), (8), (9), (10).
Резьбалық байланыстар сақиналармен (5) нығыздалады . Клапанды СКҚ-мен байланыстыру үшін корпуста аудармалар (2 және 11) орналастырылады. Жоғарғы аудармаға (2) муфта (1) отырғызылған. Ашық және жабық жағдайларында төлке (3) фиксатормен (12) қатаяды және ол төменгі аударманың (11) сақиналы кеңістігінде орналасқан.
1.7-сурет. Арнайы клапандардың құрылымы:
а-циркуляциялы; б-теңгеруші ; в-қабылдаушы; г-кері екі клапанды
Клапанды басқару кезінде төлкені төмен түсіреді немесе жоғары көтереді, сонда корпус пен төлкенің тесіктері сәйкес келеді немесе бір бірін жабады.
Теңестіруші клапан (1.7 б-сурет) ұңғы қоңдырғысының жабу элементінің
көтеру үшін, сонымен бірге құбырдағы кеңістіктерді жабу мақсатында қолданылады. Пакерді отырғызғаннан кейін нығыздайды, бірақ кейбір жағдайларда престейтін шардың үзіліп кету салдарынан пайдалану құбырының жақтарының қысымын теңестіру үшін немесе құбырдан айырғыш клапандарды, тығындар мен қабылдаушы клапандарды қосып шығару үшін қолданылады.
Клапан корпустан (1) және корпустың қабырғаларына пісіріліп орнатылған клапандардан (3) тұрады. Клапанның пружиналары (2) чехолдың көмегімен ұсталынып отырады. Клапан ұңғыға штанга немесе канат арқылы түсірілетін жүктің көмегімен ашылады.
Қабылдаушы клапан (1.7 в-сурет) пакерді отырғызу және де құбыр ішіндегі қысымды пакермен герметизациялануы үшін қысым жеткіліксіз болады. Бұл үшін қабылдаушы клапандарды қолданады. Оларды пакердің астында орналасқан өткізбейтін ниппельге орнатады. Қабылдаушы клапан корпустан (7) тұрады және оның жоғарғы ұшын жабатын шардың ершігі ретінде жасайды. Корпустың жоғарғы жағына шары (5) бар тор (4) орнатылады. Корпустың сыртына кожух (3) кигізіледі және ол кожухтың басы ұстағыш ретінде жасалады. Тордың ішкі кеңістігімен байланысты ұстау үшін кожухтың шет жақтарында арнайы терезелер бар.
Корпустың жақтарындағы тесіктерді сақиналармен (6) нығыздалған кожухтың юбкасы жабады. Стерженьде (1) орналасқан штифт (2) үшін кожух көлденең қозғала алмайды. Қабылдаушы клапан өткізбейтін ниппельде нығыздауштармен (8) герметизацияланады. Клапанды алу үшін штифт (2) алынып, кожух (3) стерженнің (1) басына тірелгенше жоғары көтеріледі де, теңестіруші тесіктер ашылады, ал шардың (5) астындағы және оның үстіндегі қысымдар теңестіріліп, осыдан кейін клапан ниппельден жеңіл алынады.
Кері клапан (1.7 г-сурет) қысымы бар аймақта құбырларды көтеру-түсіру жұмыстары барысында құбырдағы кеңістікті жабады. Ол әрқашан да аралықты жауып тұру керек және апат болған жағдайда мүмкіншілігінше ұңғыны тұйық сөндіреді. Кері клапандар сонымен қатар, ұңғыларды газлифт әдістерімен пайдалану кезінде қолданылады, мұнда олар сұйықтың кері ағынының құбыраралық аймақтан өтуіне кедергі жасайды. Кейбір жағдайларда оларды пружинасыз құрастырады және реверсивті етіп қолданады, яғни ұңғыма өнімінің ағын қысымының есебінен өздігінен жабылады.
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
На данной лекции мы познакомимся со штриховкой и ее видами, освоим идеи и их воплощения. | | | Железоуглеродистые сплавы, применяемые для отливок |
Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 2186;