Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі
Сотталғандар еңбегінің жалпы сипаттамасы.Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарды дене еңбегіне тарту және оны орындауға міндеттеу, жазаның негізгі көрінісін ғана емес, сонымен қатар сотталғанға қолданылатын түзеу құралын да білдіреді. Еңбектің тәрбиелеу құралы ретіндегі мәні адамның дене жұмысымен айналысу кезіндегі ой қызметімен және оған бейімделумен анықталады. Сондықтан, сотталғанңың еңбекке деген көзқарасы оның түзелуін анықтаушы кілттің бірі болып табылады.
Адамды тәрбиелеу мәселесінде тиімді жұмыс істеу үшін, алдымен сотталғанды дене еңбегіне баулу қажет, содан кейін ғана, басқа да тәрбиелеу құралдарын қолдану ыңғайлы. Басқаша айтқанда, жаза өтеп жүрген адам дене еңбегіне ықылассыз болса немесе одан бас тартса, ол сотталушыға басқа тәрбиелеу құралдарын қолданудан нәтиже шықпайды. Яғни, сотталғанның дене еңбегіне оң қарап, оған бейімделуі, қалған тәрбиелік шараларды тиімді қолдануға жол ашады.
Еңбектің тәрбиелік әсерінің маңыздылығы бас бостандығынан айыру жазасында ғана емес, басқа да жаза түрлерінде ескеріліп, оған барлық қылмыстық-атқару жүйесіне қарайтын мекемелер көңіл аударады.
Түзеу колонияларындағы дене еңбегі - сотталғандарды тәрбиелеу құралы ретінде ғана емес, езге де маңызды қызметтерді қамтамасыз етуге жол ашатын тәсіл ретінде қолданылады. Соның бірі - еңбектің бас бостандығынан айыру орындарындағы экономикалық мәні болып табылады. Қазіргі кезде түзеу мекемелеріне мемлекет тарапынан жұмыс тапсырыстары әлсіз жүргізілуде. Сондықтан, қылмыстық-атқару заңы түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың мемлекеттік қана емес, ұжымдық, жеке меншіктегі кәсіпорындардың жұмыстарына жіберілуін де шектемеген. Мұндай жағдайда, түзеу мекемесі әкімшілігі қоғам қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, түзеу мекемелері тапсырыстарды әртүрлі шаруашылық субъектілерінен қабылдап, ол жұмыстарды түзеу колониясы шегінде орындауға құқылы.
Сотталғандардың еңбегі - түзеу мекемесінің материалдық қорын және сотталғандардың өздерінің әртүрлі қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Жазаны өтеу орындарындағы еңбектің экономикалық мәні - «барлық адамдар еңбекпен айналысуы арқылы өз қажеттілігін өтейді, бұл жағдай сотталған адамдарға да қатысты» дегеннен шығады. Бірақ, түзеу мекемелері сотталғандарды өндірістік-шаруашылық қызметке араластырғанда, олардың еңбегі арқылы пайда табуды көздемеуі керек. Мұндағы еңбектің тәрбиелік мәні - «адам өз қажеттілігін өз еңбегі арқылы өтеуі керек» - деген қағидаға бағынады. Адамның өмірінде еңбек етуі өте қажет. Жұмыссыздық немесе еңбекке араласпау адамгершілік тұрғыдан ғана емес, оның дене тәрбиесіне, яғни организміне де зиянды. Сондай-ақ, адам еңбек ету кезінде сол орындаған жұмыстарына жауаптылықпен қарап, тәртіпті жұмыс істеуді үйрене бастайды. Демек, дене еңбегі - адамды тәртіпке шақыру мәнін де атқара алады.
Сотталғандардың бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбегі, тәрбиелік ықпалмен қатар, жазаның міндеттеуші белгісінің бірі болып табылады. Сотталғандарды еңбекке тарту негізінде қылмыс жасаған кезде келтірген шығындары мен зардаптарының орнын толтыру міндеттілігі жатыр. Адам дене еңбегіне араласқан кезде шыдамдылыққа, кәсіпке үйренеді. Шыдамдылық тәрізді жақсы қасиеттер сотталғандардың бойында аз кездесіп, көпшілік жағдайларда қылмыс жасауға итермелеуші себеп болып саналады.
Қылмыстық заңда қарастырылған көпшілік жазалар сотталғандарды дене еңбегіне тартуды көздейді. Сотталғандар жаза өтеу кезінде еңбек ретінде, ой-рухани еңбегіне, әскери қызметке жататын немесе адамзат және қоғам қауіпсіздігі үшін жауаптылықты жүктейтін еңбектерге тартылмайды. Дене еңбегі ретінде, адамның өз дене күшін пайдалану арқылы жұмыс істеу ескеріледі.
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 2918;