ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР
Ғылыми психологияның пайда болу уақытынан бастап-ақ идеалистік және материалистік көзқарастағы әр түрлі психологиялық мектептер пайда болды. Әртүрлі ғылыми-практикалық міндеттермен айналысуына қарамастан психиатрия және психология бір-біріне жақын мамандықтар. Әрқилы психологиялық мектептердің өкілдерімен жасалған көптеген методикалар психикалық ауруларды зерттеуде, ал теоретикалық концепцияларда – жеке психопатологиялық көріністерді түсінуде қолданыс тапты.
Бірақ,ереже бойынша, психологиялық концепциялар психиатриялық мектептер үшін жалғыз теориялық негіз болып саналмайды. Өйткені психология мен психиатрия психика көріністерінің әртүрлі сапалық жағдайларымен байланысты болып келеді.
Психодинамикалық психиатрияның теориялық-методикалық негізі болған өзекті психология концепциясы ерекше. Өзекті психологияның пайда болуы француз психиатры Месмер атымен байланысты. Өткен ғасырдың басында Шелингтің, Ницшенің идеалистік концепциясы, «әлемдік жан» бар екендігін және адамдарды иррационалды күштердің басқаратынын уағыздаған философтардың концепциясы кең таралды.
«Магнетикалық сомнабулизм» (гипноздың көмегімен болатын ерекше жағдай) «әлемдік жанмен» қатынастың тәсілі ретінде қаралды. Өткен ғасырдың ортасында өзекті психология дамуы дағдарысқа ұшырады. Әлем жанымен және иррационалдық күштермен байланысты магнетизм идеясы «гипноз» түсінігіне ауысты (терминді ағылшын ғалымы Дж.Брэдом енгізді).
Өзекті психология З.Фрейдтің коцепциясынан жалғасын тапты. З.Фрейд концепциясында адамның жүріс-тұрысында иррационалдық күштерге басты рөл берілді. Адамның психикалық сферасы нақты ғылыми дәлелдемелерге сүйенбей-ақ мынандай деңгейлерге бөлінді: санадан тыс «Мен» және «менен жоғары» (сверх - Я) немесе «ол» («оно») «эго», «супер-эго». Санадан тыс жағдай адамды басқаратын иррационалдық күштердің қоры болып табылады. Бастапқыда З. Фрейд бұл күштерді ең алдымен сексуалды ынтамен байланыстырды. Қоғамдағы моральды-этикалық принциптерге қарама-қайшы тұлғаның тілектері мен оның орындалмауы арасындағы тұлғаішілік шиеленіс - «комплекс» түсінігін енгізді. Бұның мысалы эдип комплексі бола алады (мифологияғасүйенсек патша Эдип өзінің әкесін өлтіріп, өз анасына үйленеді)- балалардың қарама-қарсы жыныстағы ата-анаға үйірлігі және басқа ата-анадан өзінің қарсыласын көруі.
Санаға бағынбайтын тілектер бет перделі түрде ерекше түс көрулер және ассоциациялар ретінде санаға енуі мүмкін. Кейінірек бұл санаға бағынбайтын тілектер мен әуестіктерге З.Фрейд агрессия және өлімге талпынысты қосты. Барлық психикалық және көптеген соматикалық ауруларды З.Фрейд және оның ізбасарлары адамда комплекстің болуымен, «эго» әлсіздігімен байланыстырады. Бұл бұзылыстарды емдеуде психоанализ ұсынылды - яғни, комплекстерді анықтап, психоаналитик көмегімен науқастың оларға қарсы тұруы. Арнайы зерттеулердің қорытындысы бойынша, психоаналитикалық терапия басқа психотерапиялық емдеу тәсілдерімен салыстырғанда ешқандай артықшылығын көрсете алмады. Фрейд концепциясы бойынша қоғамның социальды, мәдени және діни салалары түсіндірілді, оның ізбасарлары адекватты психологиялық және патопсихологиялық белгілердің айырмашылықтарын көрмеді, олардың түсінігінше екі жағдайдың да негізінде сол бір механизмдер жатыр, олар: конфликттер (шиеленістер), тұлғаның өзге құрылымдарымен әсерлесетін санаға бағынбайтын күштер. Грек философ –идеалисті Платонның жан туралы ойы З.Фрейдтің адамның психикалық сферасы жөніндегі схемасымен сәйкес келеді. Платон ілімі бойынша адам жаны үш бөлікке бөлінеді. Бұл бөліктер ИД (сана астылық), «эго» және «суперэго» тәрізді психикалық сфералармен (Фрейд бойынша) өте ұқсас болып келеді. Дегенмен, Платонның Фрейдтан ерекшелігі адамда рационалдықтың иррационалдықтан басымдылығын айқын көрсетіп бергендігінде. Бұл тағы да З.Фрейдтің концепциясының идеалистік бағытқа бағытталғанын көрсетеді.
З.Фрейдтің концепциясы өз отанында кең түрде танымал болған жоқ. Мұнда Э.Крепелиннің нозологиялық принциптегі клиникалық психиатриясы жоғарғы орынға көтерілді. Ал, З.Фрейдтің концепциясы АҚШ-та дәріс оқуына байланысты, кең түрде танымал болды. Американдықтарға бұл концепция олардың мүддесін қорғайтын болғандықтан, америка қоғамының идеясына сәйкес келгендіктен тез көтерілуіне себеп болды. Сонымен қатар З.Фрейд концепциясы және психоанализ жеке жұмыс жасайтын дәрігерлерге табыс көзі болды, себебі психоанализбен емдеу ұзақ бірнеше айлар мен жылдарға созылатын еді.
З.Фрейд концепциясы өзінің бұлдырлы құрлысымен және претензиялығымен өзінің бағыттастарының арасында да сынға тап болды, әсіресе сынға қатты ұшырағаны - эдип комплексі болды. З.Фрейд концепциясына ғылыми теория қалпын беру үшін оған әр түрлі толықтырулар енгізілді. АҚШ-та З.Фрейд концепциясы іс жүзінде психиатрияның психодинамикалық теориясына тасымалданды. Олар фрейдизм өкілдері сияқты, сананың және «Меннің» әртүрлі саласын көрсетті: саналы және санадан тыс«Мен», және «менен жоғары». Ерекше мағынаны олар баланың превербальды кезеңіндегі эмоционалды өміріне берді, олардың ойынша санадан тыс сфераның құрылуында бұл үлкен рөл алады.
Авторлар, өздерінің концепциясын психодинамикалық деп атай отырып, психикалық дамудың динамикалық принципін, сонымен қатар, эмоциональды принципті де теріске шығарды. Олар неліктен балалық шақта қалыптасқан эмоционалды реакцияның немесе күйзелістердің қандай-да бір түрі уақыт өте түзелмейтіндігіне қандай-да болмасын түсініктеме бермеді. Авторлар эмоциональды көріністерді тұлғаның психикалық қасиеттерінің жалпы жиынтығынан тыс қарастырды. Қорқыныш, үрей, мазасыздық, сенімсіздік сияқты эмоциональды күйзелістердің патогенді рөліне акцент жасау арқылы, психодинамикалық концепцияның, инстинктивті өмір сүру саналы өмір сүруден басым деп нақты айтқан фрейдизммен методологиялық бірлігін дәлелдеді. Психикалық аурулар, жүріс-тұрыс ауытқулары тұлғаның өмірлік ситуациялармен күресу мүмкінсіздігі деп түсіндірілді, ал тұлға әлсіздіктерінің тамыры эмоционалдық тәжірибеде жатыр делінді. Психодинамикалық психиатрия фрейдизмнен метеодологиялық ортақ болып табылады, тек комплекстердің құрылу сипаты және шарты бойынша ғана ажыратылады. Ол көптеген шетел, әсіресе батыста кең қолданыс тапты.
Материалистік психология және патопсихология дамуында маңызды саты болып психикалық және соматикалық өзара қатынастың механизмін ашу болды. И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың құрған рефлекс концепциясы психикалық және соматикалық арақатынасты, сонымен қатар ми қызметінің бейнелеу қызметін түсіндіруде және оқуда жаңа ғылыми-методологиялық тәсіл ашты. С.Л.Рубинштейн бойынша (1957) психикалық қызметті рефлекторлы сипатта түсіну – психикалық қызметті ми қызметімен байланыстырушы міндетті звено болып табылады. Ми қызметін рефлекторлық сипатта қарастыру екі фундаменталды (психика және ми қызметі) жағдай тұтасталады.
Психиатрияда клиникалық және патопсихологиялық профильдегі қарқынды зерттеулермен қатар психикалық бұзылыстарға тән мидағы, науқас ағзасындағы нақты материалдық өзгерістерді анықтауда үнемі әртүрлі әдістер қолданылып отырды. Бұл бағыт биологиялық психиатрия деп аталады.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 6266;