КЛИНИКАЛЫҚ БАҒЫТТАР
Психиатрияның басты бағыты ол - клиникалық бағыт. Психиатрияның клиникалық бағытта дамуын француз психиатры Ф.Пинель реформасымен байланыстырса, отандық психиатр Н.Н.Баженованың бейнелік сипаты арқылы «ақылынан адасқандар» науқас адамдар ретінде қабылданды.
Клиникалық бақылаулар негізінде психикалық бұзылыстар табиғатының гипотезасы құрылды. Гипотеза-систематикалардың көпшілігі шектеулі мағынаа берді, тек кейбіреулері ғана психиатрияның дамуына елеулі әсер етті. Соның ішінде жалпы психоз концепциясы (ауруларды жекелемей), туылыс концепциясы- дегенерацияға байланысты, бұл кезде психикалық аурулар тұқым қуалаушылық және сыртқы факторлардың әсер етуімен дамып, ерекше даму сатылары болады. Бірінші буында тұқым
Пинель Ф (1745-1826) қуалаушылық бейімділік және қолайсыз факторлар, оның ойы бойынша жеңіл психикалық бұзылыстар мен жүріс-тұрыс бұзылыстарын шақырады, кейінгі ұрпақтарында психикалық бұзылыстар ауырлап, ақыл кемістігімен, салданумен аяқталады.
Ж.Эскироль идеясы психикалық аурулардың дамуында бейімділік пен ықпал етуші факторларды айқындап берді. Бұл идея басқа да көптеген психиатрлардың еңбектерінде орын алды. Француз психиатры Байлем 1822 ж. үдемелі салдануды ашты. Бұл психиатрияда, психиатрияның өзге де медициналық пәндермен біртектілігін дәлелдейтін бір маңызды оқиға ретінде қабылданды. Клиникалық психиатриядағы келесі маңызды жаңалық С.С.Корсаковтың полиневриттік алкогольды психозды ашуы болды, ол кейіннен Корсаков психозы деген атауға ие болды.
Ауруды этилогиялық факторлары мен клиникалық ерекшеліктерін ескере отырып суреттеу психиатрияның басқа да медициналық мамандықтармен методологиялық бірлестігін және клиникалық бағытының болашағы зор екендігін дәлелдеді. Клиника ерекшелігіне және психикалық аурудың салдарына сүйене отырып Э.Крепелин оның жүйесін құрды. Батыс елдері психиатрлары идеалистік және дуалистік көзқарасты ұстанды. Өткен жүз жылдықтың екінші жартысында өмір сүрген әлемге белгілі неміс психиатры В.Гризингер механикалық және электрлік процестердің психикалық үрдіске айналуы мәселесін шешілмейтін мәселе деп тапты. Өткен ғасырдың екінші жартысында орыс психиатрларының ішінде психикалық бұзылыстардың шығу тегіне материалистік көзқарас кең таралды. П.П.Малиновский «Помешательство как оно является врачу в практике» кітабында, психикалық бұзылыстар мидың тікелей немесе жанама зақымдануы нәтижесінде болады деп келтірген. И.П.Мержеевскийдің «Соматическое исследование неистовых больных» деген кітабы шықты. В.Х.Кандинскийдің псевдогаллюцинацияларды психопатологиялық тараптан зерттеуі бүкіл әлемге әйгілі болды. Мәскеулік психиатрия мектебінің негізін қалаушы С.С.Корсаков психикалық бұзылыстардың шығу табиғатын материалистік тұрғыда түсіндірді.
Клиникалық психиатрияның дамуында теориялық және практикалық тараптан қарағанда психикалық бұзылыстарды нозологиялық жіктеу сатысы маңызды болды, бұл ұсыныс неміс психиатры Э.Крепелинмен Юрьев университетінде қызмет етіп жүрген кезеңінде жасалды. Ол алғаш жеке ауру ретінде (ерте ақылкемдігін) dementia praecox ашып, кейіннен ол (Э.Блейлер) шизофрения деген атауға ие болды. Э.Крепелин
Корсаков С.С (1846-1900) Крепелин Э (1856-1926)
аурудың нәтижесін анықтады. Психикалық ауруларды жүйелендіруде С.С.Корсаков аурудың бастапқы белгілеріне және дамуының сатылығына үлкен мән берді. Нозологиялық принциптің психиатрияға енгізілуі, психиатрияның медициналық мамандық екенін дәлелдеді. Психикалық бұзылыстардың нозологиялық жіктеуі барлық елде мойындалмады. АҚШ-та Л.Мейер психиатриядағы нозологиялық классификацияға белсенді қарсылығын білдірді, өйткені ол психикалық бұзылыстар адамның қандай да бір факторларға реакциясы деп түсіндірді. Бұл реакциялар индивидуальды, адамның психобиологиялық ерекшеліктерімен, зиянды факторлардың сипатымен (психикалық, соматикалық, инфекциялық-токсикалық т.б.) анықталады. Бұл бағыт психобиологиялық бағыт деп аталды. Уақыт өте келе психобиологиялық бағыттар, фрейдизммен ортақ психодинамикалық психиатрияға көшті. Кейбір елдерде Крепелиннің нозологиялық систематикасы жекелеп қабылданды. Мысалы, Францияда-созылмалы сандырақтық психоздар, галлюциноздар және т.б., Скандинавия елдерінде-реактивті, конституционалдық психоздар.
Кейінірек, клиникалық психиатрия жаңа мәліметтер мен зерттеулерге толығып өсе түсті. Ерекше көңіл психикалық аурулардың симптомдары мен синдромдарын суреттеуге және олардың ерекшеліктеріне бөлінді, психикалық бұзылыстардың динамикасындағы ортақ заңдылықтар (жалпы психопатологиялық) анықталды бөлген. Клиникалық психиатрияның дамуына кеңес ғалымдары көп еңбек сіңірді. Жалпы психопатологияның және психикалық аурулардың клиникасын анықтауда П.Б.Осиповтың еңбегі зор болды. П.Б.Ганнушкин психопатияның әртүрлі варианттарын нақты зерттеп, динамикасының ерекшеліктерін сипаттады.
Ганнушкин П.Б (1875-1933) Гиляровский В.А (1875-1959)
Шекаралы психиатрияның мәселелері О.В.Кербиковтың және оның шәкірттерінің еңбектерінде ары қарай өрбіді. О.В.Кербиков және тұлғаның психопатиялық түзілуіндегі сыртқы факторлардың (баланы, жасөспірімді тәрбиелеу ерекшеліктері) рөлін көрсетіп берді. Жүргізілген тәжірибелер мен талдаулар негізінде әртүрлі экзогенді психоздардың клиникалық суреттемелері берілді (В.А.Горовой-Шалтан, В.Л.Осипов, С.Н.Давиденков, Н.Н.Тимофеев т.б.). Экзогенді және эндогенді психоздарға тән психопатологиялық көріністер арасындағы шекараның жоқтығы көрсетілді. Маниакальді-депрессивті психоз және шизофренияға тән аффективті және сандырақтық психопатологиялық көріністердің созылмалы соматикалық, жұқпалы ауруларда пайда болуы бақыланды. Соматикалық аурулардың психикалық жағдайларын арнайы зерттеу психиатриялық бағытта соматопсихиатрияның дамуына әкелді (В.А.Гиляровский). Балалық шақта кездесетін психикалық аурулардың болжамы мен клиникасының ерекшеліктері анықталды, осылайша жалпы психиатрияның жаңа бөлімі-балалар психиатриясы туындады (Г.Е.Сухарев, Т.Г.Симсон, Н.Н.Озерецкий).
Ескерте кететін жағдай, клиникалық психиатрияның теориялық және тәжірибелік мәселелерін қарастыруда кеңес психиатрлары тек клиникалық әдістермен шектелмеді. Сонымен бірге психикалық патологияны зерттеуде, клиникалық зерттеулер өзге әдістемелік тәсілдермен бірге қолданылды, бұл жаңа жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде науқастардағы психопатологиялық көріністерге нейротропты заттардың әсерін бағалау мақсатындағы Е.А.Поповтың зерттеулері маңызды орын алды. Бұл зерттеу нәтижелері психотропты дәрілердің психикалық аурулардың клиникасында қолданылуына жол ашып берді. О.В.Кербиков психикалық аурулардың әр түрлі құрылымын (синдромдар деңгейінде) математикалық моделдеуге әрекет жасады. Кеңес психиатрлары клиникалық психиатрияның мәселелерін нозологиялық принципке негізделіп қарастырды, олар психиатрияда жеке, бөлек аурулардың болатынын сенімді айтты. Сонымен қатар, заманауи психиатрияда отандық психиатрияның негізін салушы С.С.Корсаковпен ұсынылған аурудың динамикасы жөніндегі идея жалғасын тапты. Психикалық ауруларды зерттеудегі динамикалық көзқарас психикалық аурулардың даму үрдісінде анықталған синдромдардың кең спектрін суреттеуге мүмкіндік берді. Осының негізінде симптоматикасының айқын бейнеленуімен синдромдардың глоссарийі құрылды.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2740;