Анның лейкоциттік формуласы

Лейкоциттік формула – қан жағындысындағы лейкоциттер түрлерінің пайыздық арақатынасы. Қанның лейкоциттік формуласының өзгеруі көптеген ауруларда кездеседі және көбінесе ол арнайы емес болып келеді. Дегенмен, бұл әдістің диагностикалық маңызы зор, себебі ол науқастың жағдайының ауырлығын, жүргізіліп жатқан емнің тиімділігі туралы мәлімет береді.

Қандағы лейкоциттердің мөлшері - сүйек кемігінен жасушалардың келу жылдамдығына және олардың тіннен шығу жылдамдығына байланысты. Шеткі қанда лейкоциттер мөлшерінің 10,0∙109/л –ден көп болуы лейкоцитоз деп аталады, ал 4,0∙109/л –ден төмен болуы лейкопения деп аталады. Қандағы лейкоциттердің жеке түрлерінің ының жоғарылауы және төмендеуі лейкоциттердің жалпы құрамына–қалыпты, жоғары немесе төмен болуына байланысты абсолюттік немесе салыстырмалы болуы мүмкін. Қан көлемінің бірлігіндегі лейкоциттердің жеке түрлерінің абсолюттік құрамын мына формула бойынша анықтауға болады:

 

А (%) ∙ лейкоциттердің жалпы мөлшері (109/л)

----------------------------------------------------------

100 %,

мұндағы А – лейкоциттердің белгілі бір түрінің мөлшері, %.

Мысалы, лейкоциттердің жалпы мөлшерінің төмендеуі кезінде (2,0∙109/л) лимфоциттердің пайыздық мөлшерінің көбеюі (лейкоцитарлық формуланы есептеу кезінде 60%) салыстырмалы лимфоцитозды білдіреді, себебі осы жасушалардың абсолюттік саны қалыпты тербеліске сәйкес (1,2∙109/л) болып табылады. Лейкоциттердің әр түрлерінің пайыздық қатынасы лейкоцитарлык формула деп аталынады.

Қалыпты жағдайда ересек адамның лейкоциттік формуласының көрсеткіштері:

 

Таяқша тәрізді нейтрофилдер 1-6%
Сегмент тәрізді нейтрофилдер 45-70%
Эозинофилдер 0-5
Базофилдер 0-1%
Лимфоциттер 18-40
Моноциттер 2-9%

 

Лейкоциттік формуласы бойынша тек әр түрлі лейкоциттердің салыстырмалы көрсеткіштері ғана анықталынады (пайызды маңыздылығы). 1л қандағы лейкоциттердің белгілі бір түрлерінің саны абсолюттік сан деп аталады.

Абсолюттік санды шығару үшін 1л қандағы лейкоциттердің жалпы саны және әр түрлі лейкоциттердің пайыздық көрсеткіші қолданылады.

Мысалы: 1л қандағы лейкоциттердің саны 6·109, сегменттік жасұнақтық нейтрофилдер – 55%. 1л қандағы абсолюттік санды келесі тепе-теңдігімен есептейді:

 

6·109 - 100%

55·6·109

χ = -------------------- = 3,3·109

χ 55% 100

 

 

1л қанда қалыпты жағдайда абсолюттік нейтрофилдердің саны 2,01·109 - 5,8·109; эозинофилдердін -0-0,3·109; базофилдердің 0 - 0,06·109; лимфоциттердің -1,2·109 – 3·109; моноциттердің 0,09·109 – 0,6·109.

 

Қалыпты жағдайда сау адамның шеткі қанының көрсеткіштері:

Қан көрсеткіштері Жынысы Қалыпты жағдайдан ауытқуы
1л қандагы эритроциттер е 4·1012 – 5,1·1012
1 л кандагы эритроциттер ә 3,7·1012 – 4,7·1012
Гемоглобин, г/л е 130-160
Гемоглобин ә 120-140
Түрлі - түсті көрсеткіштер   0,86-1,1
Ретикулоциттер ‰   2-10
ЭТЖ, мм/сағ. е 1-10
ЭТЖ ә 2-15
1 л қандағы тромбоциттер   180·109 – 320·109
1л қандағы лейкоциттер   4·109 – 9·109
Таяқша тәрізді жасұнақты нейтрофилдер, %   1-6
1л қандағы таяқшажасұнақтық нейтрофилдер   0,01·109 – 0,3·109
Сегмент тәрізді жасұнақты нейтрофилдер, %   45-70
1 л қандағы сегментті жасұнақтық нейтрофилдер   2·109 – 5,5·109
Эозинофилдер, %   0-5
1л қандағы эозинофилдер   0 – 0,3·109
Базофилдер, %   0-1
1л қандағы базофилдер   0 – 0,06·109
Лимфоциттер, %   18-4
1л қандағы лимфоциттер   1,2·109 – 3,0·109
Моноциттер, %   2-9
1л қандағы моноциттер   0,09·109 – 0,6·109

 

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 5911;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.