Жасушалық цикл. Митоз. Апоптоз. Көбею. Мейоз

Жасушаның тіршілік циклі деп оның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын кызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою (өліп қалу) кезеңдері жиынтығын айтамыз яғни жасушаның циклі оның пайда болуынан бөлінуіне немесе өлуіне дейінгі уақытты қамтиды, мысалы, ұдайы бөлінетін жасушалардың тіршілік жиынтығын митоздық цикл (5-сурет) деп атауға болады. Сонымен, митоздық цикл дегеніміз жасушаның митоздық жолмен екі бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыс-тар жиынтығы. Ол 4 кезеңге бөлінеді: 1-пресинтездік (G1,); 2-синтездік (S); 3) постсинтездік(G2,); 4) митоз (М).

Пресинтездік (G1,) кезенде жаңадан пайда болған жас жасуша өсіп аналық жа­сушаның мөлшеріне дейін жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс материалдары - көмірсулар, майлар, ақуыздар көптеп синтезделуі қажет. Тұқым қуалаушылық материалы бұл кезеңде 2п 2с күйінде болады.

Синтездік (S) кезенде ДНҚ молекуласы синтезделінеді де тұқым куалаушылық материалы 2п 4с күйінде кездеседі.

Постсинтездік (G2) кезеңде жасуша бөлінуге дайындалады. Ол үшін жасушада көмірсулар, майлар, ақуыздар синтезделініп олардың қоры көбейе түседі, Органеллалар саны да көбейеді, себебі келесі кезеңде — митозда, олардың бәрі де екіге бөлінуі қажет.

Митоз— жасушаның дұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процессінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып саналады.

Митоздың негізгі себептері: 1) ядро - цитоплазмалық ара қатынасының өзгеруі (1/6-1/8 ден 1/69-1/89 ге дейін); 2) "митогенетикалық сәулелер" - бөлінуші жасушалар көршілес жатқан жасушалардың митоздық жолмен бөлінуіне әсер етеді;

3)"жарақат гормондарының" әсері - жарақаттанған жасушалар жарақаттанбаған жасушалардың бөлінуіне ықпал ететін ерекше заттар бөліп шығарады.

Біртұтас митоз құбылысы 4 фазаға бөлінеді: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.

Профазада ядро көлемі ұлғайып, хроматин жіпшелері тығыз ширатылып,жуандап,қысқарып митоздық хромосомаларға айналады.Профазаның аяғында бөлінуші жасушаның екі полюсіне центросоманың центриолялары ажырап,арасында ахроматин жіпшелері пайда болады.

Метафазада хромосомалар өздерінің ценромералары арқылы ахроматин жіпшелеріне бекініп бөлінуші жасушаның экваторына реттеліп орналасады. Бұл кезеңде әрбір хромосома хроматидаларының теламерлік бөліктері ажырап, тек центромерасы арқылы байланысып тұрады. Бұл кезде хромосомалардың пішіні анық көрінеді. Соңдықтан, кариотипті анықтау және хромосомаларды жіктеу осы метафазада (метафазалық пластинкада) жүргізіледі.

Анафазада хромосомалардың хроматидалары бір-бірінен толық ажырасады да әр түрлі полюстерге қарай тартыла бастайды.

Телофазада бөлінуші жасушаның полюстеріне топтасқан хромосомалар жіңішкеріп, ұзарып хроматин жіпшелеріне айналады, ядрошық, ядро қабықшасы пайда болып, 2 жаңа ядро түзіледі. Ядро 2-ге бөлінгеннен кейін (кариокинез), цитоплазмада 2-ге бөлінеді (цитокинез). Сөйтіп, митоз және цитокинез негізінде бір жасушадан жаңа 2 жасуша пайда болады.

Жасушалар митоздан басқа жолдармен де бөлінуі мүмкін, мысалы: амитоз — жасушаның тікелей (бұрыс) бөлінуі және жыныс жасушаларының бөлінуі және мейоз –жыныс жасушаларының бөлінуі.

Амитоз арқылы негізінен прокариоттар және регенерацияланушы эукариотты жасушалар бөлінеді.Бұл кезде көзге көрінетін хромосомалар және бөліну ұршығы түзілмейді. Амитоз ядроның және цитоплазманың созылып екіге бөлінуі арқылы жүреді.








Дата добавления: 2016-03-10; просмотров: 20002;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.