В) Көлденең оське түсірілген жүріс ізіннің проекциясы - аралықта жүрген уақытты көрсетеді.
Пойыздардың жүріс сызығын бейнелеу:
а – даражолды аралықтарда; б – қосжолды аралықтарда
Пойыздарды бұлайша бейнелеу мынаны білдіреді:
- № 2201 тақ санды пойызы А станциясынан 0 сағат 00 минутта жөнелтілген,
- а бекетінен 0 сағат 25 минутта өткен,
- б бекетіне 0 сағат 46 минутта келген, осы бекетте 6 минут аялдап,
- № 2202 пойызымен кездесіп айрылысқан соң 0 сағат 52 минутта жөнелтілген
- в бекетіне 1 сағат 17 минутта келген;
- № 2202 жұп санды пойызы в бекетінен 0 сағат 28 минутта жөнелтілген, б және а бекеттерінен тоқтамай өтіп,
- А станциясына 1 сағат 33 минутта келген. Егер пойыздың осы бекетке келу, кету немесе жүріп өту уақыты сағаттық немесе 10 минуттық вертикаль сызықпен сәйкес келетін болса, онда бұл сызыққа оны нөл шамасына үзіп 0 цифры қойылады.
Осы аралыққа бір пойыздың келу және екінші пойыздың кету уақытын белгілеуде, 10 минуттық интервалдың бір аралығында цифрларды қатар жазу керек; егер бұл цифрлар қатар жазуға сыймайтын болса, оларды вертикаль бағытта ығыстыра орналастыру қажет.
10 минуттық интервалдар аралығында цифрларды олардың шамасына қарай жазу керек. Мысалы, № 2202 пойыз А станциясына 1 сағат 33 минутта келді, 3 цифрын 30 минуттық вертикаль сызыққа жақындатып, бүкіл аралықтан шамамен 1/3 қашықтықта сағаттық периодтың 30 және 40 минуттық бөліктерін көрсететін тік сызықтардың арасына жазу керек. Осыған орай, пойыздың жүріс сызығының жазық сызықпен қиылысу нүктелері график торында пойыздың белгілі бір бөлім бекетіне келу, кету немесе жүріп өту уақытына сай келетін жерде көрсетілуі тиіс.
Қосжолды аралықтардағы пойыздардың жүріс графигінің үзіндісі 1.5.3, б-суретте көрсетілген. Қосжолды телімдердегі пойыздардың жүріс сызығын бейнелеу және цифрды график торында жазу тәртібі даражолды аралықтардағыдай. Алайда аралықтарда екінші басты жол болғандықтан, жұп және тақ санды пойыздардың жүріс сызықтары өзара бөлім бекеттерінде де, сондай-ақ аралықтарда да қиылысуы мүмкін.
График торының негізгі бөлігінің бүйірлерінде телімнің техникалық сипаттамасы туралы және пойыздардың жүріс графигін жасау үшін қажет болатын мағлұматтарды жазу үшін орын қалдырады.
Негізгі мағлұматтарды график торының оң және сол жағындағы вертикаль бағаналарға орналастырады.
Пойыздардың жүру кестесі ҰК «ҚТЖ»-ның президенті бекітеді. ҚР теміржолдарында жолаушы пойыздарының жүру кестесі ҰК «ҚТЖ»-ның жолаушылар тасмалдары ААҚ –ның президенті бекітеді.
Дата добавления: 2016-03-10; просмотров: 1788;