Аумақтық пластинка
Толқындық шепті тақ және жұп Френель аумақтарына бөлуге болатындығы қалаған аумақтарды бөліп алуға жарайтындай дифракциялық қалқа (экран) жасауға мүмкіндік береді. Тек тақ немесе тек жұп аумақтардың қосынды әрекеті, әрине, толық ашық толқындық шептің жасайтын әрекетінен артық болады. Егер қалқада (экранда) тек тақ Френель аумақтарын ашса (1-і, 3-і, 5-і,...), онда осы аумақтардан қоздыралатын тербелістердің амплитуда векторларының бәрі бағыттас болады да, бұлардың қосындысы модулі бойынша және векторларынан көп есе басым түсетін векторды береді. Осындай қалқаны аумақтық (зоналық) пластинка деп атайды. Дәл осылай тек жұп Френель аумақтары ашық болатын аумақтық пластинканы жасауға болады (6-сурет).
n ашық аумақтан тұратын пластинка P бақылау нүктесінде бірінші Френель аумағын ашатын тесікке қарағанда шамамен n2 есе артық интенсивтік туғызады.
Аумақтық пластинканың жарық интенсивтігін күшейтуі линзаның тоғыстаушы (фокустаушы) әрекетіне пара-пар. Аумақтың пластинкадан S жарық көзіне дейінгі және оның P “кескініне” дейінгі қашықтықтарды байланыстыратын қатынас дәл линза үшін тиісті қашықтықтарды байланыстыратын қатынас сияқты болады. Бұған көз жеткізу үшін формуланы былайша жазамыз
мұнда теңдіктің оң жағындағы өрнекті ретінде қарастыруға болады. f-фокус қашықтығы: , өйткені . Бірақ аумақтық пластинканың линзадан өзгешелігі-ол таутохрондық жүйе емес: F фокусқа көрші ашық аумақтардан келетін тербелістердің фаза бойынша айырмашылығы 2p болады (жол айырымы l). (Таутохрондық-екі нүкте арасындағы жарықтың барлық жолдарын оның бірдей уақытта өтуі). Аумақтық пластинканың осы фокустан (басты фокус) басқа да фокустары, дәлірек айтқанда, F¢ нүктелері болады, бұларға көрші ашық аумақтардан тербелістер 2l, 3l және т.т. жол айырымымен келеді. Осы басқа фокустар негізгі фокусқа салыстырғанда көп әлсіз болады.
Егер барлық жұп (немесе тақ) нөмірлері бар Френель аумақтарынан шығарылатын екінші реттік толқындардың фазаларын p-ге өзгертсе, онда аумақтық пластинканың F бас фокусындағы жарық интенсивтігін тағы да 4 есе өсіруге болады. Сонда барлық аумақтардан шығарылатын тербелістердің амплитуда векторлары бағыттас болады да, қорытқы амплитуда тағы екі есе өседі.
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1514;