Вирустық цирроз

 

Бұл бауыр циррозының түрі сары аурумен сырқаттанып шыққан науқастарда кездеседі. Ісінген бауыр торшалары өліп орнына дәнекер тіні дамиды.

Бұның қауыпті түрі ауыр түріне өтіп тез арада бауыр жеткіліксіздігіне әкеліп соғады. Сонымен қоса бұл ауруда дене қызуының көтерілуі жиі кездесіп, аурудың белсенділігін көрсететін қолайсыз белгі болып табылады. Науқас оң жақ қабырға астының, іштің ауырсынуына, диспепсиялық және әлсіздік, вегетативтік өзгерістердің пайда болуына шағымданады. Сонымен қоса тез шаршағыш, әлсіз, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы байқалады.

Жалпы қарағанда көздің шырышты қабатында, жұмсақ таңдайда, тілдің астыңғы беткейінде одан соң алақанда, табанда жалпы терінің сарғаюы және қышыну байқалады. Көп жағдайларда теріде бауырлық белгілер табылады: тамырлы жұлдызшалар дененің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Алақанның эритемасы (бауырлы, “пальмарлы” алақан) қызыл түсті немесе ошақты түрде байқалады; алақан жылы болады. Қызыл жылтыр еріндердің болуы байқалады.

 

22 суретБауыр циррозының белгілері

1 – ісіктер;

2 – қан құйылу;

3 – жұмыртқаның атрофиясы;

4 – “бауыр” алақандары;

5 – іш құрсаққа сары судың жиналуы (асцит)

6 –бүдірленіп солған бауыр;

7 – гинекомастия;

8 – тамыр “жұлдызшалары”

9 – ашық қызыл ерін;

10 - өңеш көктамырларының кеңейуі;

11 – спленомегалия (көк бауырдың үлкеюі);

12 – “медуза басы”;

13 – шаштың түсуі;

14 – тырнақтардың өзгеруі;

Гормонды бұзылыстардың өзгеруінен ер адамдарда гинекомастия, тағы басқа әйелдің жыныс белгілері, белсіздік, ал әйелдерде етеккір циклының өзгеруі білінеді. Теріде сарғыш - қоңыр түсті дақтар пайда болып олар қабақта, алақанда, кеудеде, арқада орналасады. Зертханалық тексерісте қанда ақуыз құрамы өзгеріп, жалпы холестерин, фибриноген мөлшері төмендейді. Тимол сынамасы жағымды.

Порталдык цирроз

 

Бұл ең жиі кездесетін сырқаттың түрі. Әртүрлі бауырға жағымсыз әсерлерден (ішімдік, ақуыз, дәрумендер жеткіліксіздігі) дамиды. Портальдіқ цирроздың қалыптасуы бауырдың бөліктерін қоршап тұратын дәнекер тінінің түзілуіне байланысты, осы дәріс бауырдың барлық бөліктерін қамтиды. Сондықтан порталдық циррозға тән біркелкі түйіндер пайда болады. Маңызды белгілердің бірі - көк тамырлардың кеңеюі. Тез арада асцит білінеді - ішке сары судың жиналуы. Кіндік манайының тамырлары кеңейіп, жан - жаққа жайылып өзіне тән көрініс береді,мұны “медузаның басы” деп атайды. Осы аталған үш белгі порталдық гипертензияға тән үштік белгіні құрайды. Науқаста сонымен қатар әлсіздік, тәбетінің төмендеуі немесе мүлде болмауы, бауыр аймағында ауырсынудың болуы, диспепсия белгілерінің білінуі анықталынады. Жалпы қарағанда тері қабатының сарғаюы, қара түсті дақтар, тамырлы жұлдызшалардың пайда болуы, эритематозды алақандардың болуы. Көк бауыр, бауырдың көлемі ұлғайғандығын, тығызданғаның, ауырсынудың белгілерінің білінуін науқастан сұрастыру арқылы және сипалау арқылы білуге болады. Сонымен қоса бұл ауруда гормоналды өзгерістер білінеді.

Асқынулары. Варикозды тамырлардан, жатырдан, өңештен, асқазаннан қан кетуі мүмкін. Жұқпа аурулары, бауыр - бүйрек жеткіліксіздігі дамиды. Сырқаттың соңғы кезеңінде эндогенді дистрофия белгілері байқалады - науқас жүдеу келеді, жағы суалған, терісі бозарған, ернімен тілі жылтыр - қызыл түсті болып келеді, аяқ қолдары пішіні жіңішкеріп, ұштары үлкейген. Бүйрек шамасыздығы дамиды. Жалпы қан анализінде билирубин мөлшері көбейеді, жалпы ақуыздың мөлшері төмендеп, құрамы өзгереді. Тимол сынамасы жағымды нәтиже береді. Қан аздық белгілері, лейкопения, тромбоцитопения білінеді.

 

Билиардық цирроз

 

Бұл аурудың пайда болу себебі - бауыр өзектерінінің созылмалы қабынуы. Бара-бара өт жолдары дәнекер тінімен бітеліп, қасындағы бауыр торшалары өт құрамындағы заттармен уланып қызметін атқара алмай қалады.

Клиникалық бейнесі.Көбнесе әйелдер аурады. Бастапқы кезеңінде дененің сарғаюы және терінің қышуы осы сырқаттың негізгі белгісі болып табылады. Қарағанда терісі құрғақ, тығыз, үстінде дақтары бар, теріде тырнақтың іздері қалған, қабақта, шынтақта, тізеде, алақанда дақтар, тамырлы жұлдызшалар байқалады. Аурудың айқын кезеңінде мұрыннан, қызыл иектен жиі қан кетеді. Бауыр көлемі ұлғайған, тығыз. Сүйек жүйесінде өзгерістер болады. Арқада, қабырғаларда ауырсыну, остеопороз, сүйек эпифизінің үлкеюі, омыртқаның патологиялық сынуы байқалады. Асқынуларының бірі болып он екі елі ішектің пептикалық ойық жарасы, өт қабының ұстамалы түрде шаншуы, қызбаның қалтырау түрінде өтуімен сипатталады. Іш мүшелерінің қызметі бұзылады: өкпе, асқазан, бүйрек, шеттік лимфа бездері үлкейеді. Сырқаттың ақырғы кезеңінде айтылып кеткен белгілердің барлығы өршіп, ісіну, асцит қаңсырау байқалады. Кахексия дамиды, бүйрек зақымданады, бауыр жеткіліксіздігі комамен аяқталады. Қанда холестерин, фосфатаза, трансаминаза, билирубин мөлшерлері жоғарылайды, анемия белгілері білінеді. Зәрде протеинурия байқалады.

Сырқаттың дерт анықтамасы. Негізінде клиника - биохимиялық мәліметтер арқылы анықталады. Зертханалық тексеріс альбуминнің, протромбиннің мөлшерінің азайғанын, ал гаммаглобулиннің артқанын көрсетеді. Қан торшаларының деңгейінде де ауытқушылықтар байқалады, мысалы, лейкоцит, тромбоцит мөлшерлері кемиді. Нақты цирроздың түрін анықтау үшін бауырдың құрылысын, көлемін, цирроз жайылған аймағын лапароскопия арқылы анықтайды, бауырға биопсия, сканерлеу, эхография, томография әдістерін қолданады. Болжамы жағымсыз. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы 3-6 жыл.

 

 

Сурет

Бауыр циррозындағы

бауыр мен көк бауырдың

сканограммасы.

Емі. Бауыр циррозын емдеуде ең алдымен тамақтануға көңіл бөлу керек. №5 емдәм тағайындалынады: майлы, қуырылған, жіті тамақтардың мөлшерін шектеу, құрамында дәрумендері, ақуызы, көмірсуы мол тағамдармен жиі және аз мөлшерде қолдану керек. Бауыр циррозының барлық түрлерінде симптомдық ем жүргізіледі. Аяқ ісінген жағдайда, асцитте тамақтағы тұзды азайтады, зәр айдайтын дәрілер ішкізеді. Демалыс және еңбек тәртібін дұрыс ұйымдастыру жөн. Қозу кезінде қатаң төсек тәртібін сақтау керек. Қабынуды басу мақсатымен гормонды дәрі - дәрмектерді қолдану. Кортикостероидтар: преднизалон, триамценалон, Е, В1 ,В 6, В12, тобының дәрумендерін қолдану, кокарбаксилазаны алмасу дәрісін жақсарту мақсатымен тағайындау. Бауыр препараттары: сирепар, легалон, эссенциале, Лиф-52. Уыттануға қарсы - көп мөлшерде көк тамыр арқылы дәрілік ертінділерді енгізу (5% глюкоза, 0,9% физиологиялық ерітінді). Ас қорыту процесстерін жақсарту мақсатымен фермент препараттарын қолданады. Асцитте абдоминалды парацентез жүргізеді. Қаңсырауда гемостатикалық ем қолданылады: 5% аминокапрон қышқылын, дицинон ер-ін, кальций хлорид ер-ін көк тамырға енгізеді. Сонымен бірге симптомдық ем жүргізеді: қышынуда, ауырсынуда, остеопорозда т.б.

Алдын алуы. Біріншілік алдын алудың маңызы гепатиттерді алдын алу, салауатты өмір салтын сақтау, рационды тамақтану. Екіншілік алдын алуда бауыр циррозымен ауыратын науқастарды диспансерлік тіркеуге алып, жағдайына байланысты диспансерлік нұсқауға сүйене отырып, жалпы тәжірибелік дәрігері, гастроэнтеролог қарап отырады. Зертханалық тексерістерге жалпы қан анализі, АЛТ, АСТ ферменттерін, билирубинді, холестеринді, ақуыз құрамын тексереді. Сонымен қатар науқасқа алдын алу ретінде күнделікті дұрыс тамақтануы, жағымсыз қылықтардан аулақ болуы, бауырға жағымсыз әсер ететін заттармен қарым-қатынас жасамауы, дұрыс тынығуы осы аурудың алдын алуындағы маңызды роль атқарады.

 








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1313;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.