Диафрагмалық басқыш серіппесі бар ілініс

Жеңіл автомобильдерде, қағида бойынша, қосу иінтіректері (рычаг) мен цилиндрлік серіппелердің үлкен санының орнына, диафрагмалық қысқыш серіппесі бар ілініс қолданылады. Іліністің серіппесі жазық немесе қиылған конустың формасына ие болады, оның орталық бөлігінде, біруақытта қысқыш иінтіректер (рычагтар) болып қызмет ететін, жапырақшалар (лепесток) (жиырмаға жуық) қалыптанған. Басқышқа (педаль) басқан кезде іліністі ажырату ашасы (вилка) басқыш муфта мен қысқыш подшипникті (выжимной подшипник) 7 жылжытады, серіппенің ішкі жиегі алға қарай жылжиды, серіппе майысады және оның сыртқы жиегі басқыш дискті 4 айырады, ілініс ажырайды. Басқышты (педаль) жібергеннен кезде бөлшектер кері ретте қозғалады, диафрагмалық серіппе қиылған конус формасына қайта оралады. Диафрагмалық басқыш серіппесі бар ілініс иінтіректері (рычаг) бар іліністен жеңілдеу және арзанырақ, жөндау кезінде азырақ реттеулер талап етіледі.

Сурет 4 – Диафрагмалық типті ілініс:

1 – иінді білік (коленчатый вал); 2 – сермер (маховик); 3 – іліністің жетектелетін дискі; 4 – қысқыш диск; 5 – диафрагмалық серіппе; 6 – беріліс қорабының бірінші білігі; 7 – басқыш муфта және қысқыш подшипник (выжимной подшипник); 8 – іліністің қаптамасы (кожух) (ілініс себеті); 9 – қосылыстар; 10 – шпилькалар; 11 – тіреулер.

 

 

 








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 2400;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.