Сурет. Іске қосу мәзірі
Іске қосу мәзірінің оң жағында орналасқан пернелерге тоқталайық:
1) Менің құжаттарым – пайдаланушының құжаттары сақталған «Менің құжаттарым» бумасын ашу;
2) Менің суреттерім – пайдаланушының суреттері сақталған буманы ашу;
3) Менің әуендерім - пайдаланушының музыкалық файлдары сақталған буманы ашу;
4) Менің компьютерім - дискілердегі мәліметтермен жұмыс жасауды жүзеге асыру;
5) Желілік орта – желі арқылы байланысқан басқа компьютерлердегі файлдар мен бумаларды көру;
6) Басқару тақтасы – компьютердің түрін және функциональдық мүмкіндіктерін өзгерту, жаңадан программалар қосу немесе өшіру, Windows операциялық жүйесін баптау;
7) Қосылу – желіге қосылуды қамтамасыз ету;
8) Принтерлер мен факстар – компьютерге қосылған барлық принтерлер мен факстарды көрсету және жаңадан принтер мен факс қосу;
9) Анықтама және сүйемелдеу – анықтаманы ашу, олқылықтарды анықтау және жою, техникалық сүйемелдеу;
10) Іздеу – компьютерден қажетті мәліметтерді табу үшін іздеу терезесін ашу;
11) Орындау – программаны, буманы немесе веб-парақты ашу, MS DOS командалық жолының аналогы. Нақты адресті жазып, қажетті программаны ашу.
Іске қосу мәзірінің төменгі жағында Жүйеден шығу және Жұмысты аяқтау пернелері орналасқан. Жүйеден шығу компьютерді қайтадан жүктемей-ақ, пайдаланушыны өзгертуге арналған және қажет кезде алғашқы пайдаланушыны таңдау арқылы программаны қайтадан ашуға мүмкіндік береді. Жұмысты аяқтау пернесі компьютерді өшіруге арналған.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 2068;