Сурет. Порттар

Порттар әртүрлі құрылғылар қосуға арналған ажыратқыштар қызметін атқарады. Әдетте тізбекті (COM), параллель (LPT) және әмбебап USB порттар кеңінен қолданылады.

Дыбыстық тақшадегеніміз компьютерде жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны жазуға арналған тақша. Дыбыстық тақша негізгі үш режимде жұмыс жасайды: дыбыстық сигналды тудыру, жазу және ойнату. Дыбыстық тақша сыртқы дыбыстық сигнал көзінен дыбысты қабылдап, оны сандық сигналға айналдырады және файл түрінде дискіге сақтайды.

 

Алғашқы пайда болған IBM PC дербес компьютерлері дыбыстық құралдармен жабдықталған жоқ. Дербес компьютерлер алғаш пайда болғаннан кейін он жылға жуық офистік техника ретінде қолданылып, дыбыстық құрылғылардың онша керегі де болған жоқ. Ол кезде компьютерде дыбыс шығаратын жалғыз құрылғы - компьютерде ақау туралы хабар беретін динамик болатын. Қазіргі кезде дыбыстық құралдар стандартты болып есептеледі. Ол үшін аналық тақшада дыбыстық адаптер орнатылады. Дыбыстық адаптердің аналық тақшаға жеке құрылғы ретінде қосылатын түрлері болады, оларды дыбыстық карта деп атайды.

Дыбыстық картаның қосқыштары жүйелік блоктың артқы жағында орналасады. Дыбысты есту үшін осы қосқыштарға дыбыс колонкаларын немесе құлаққаптарды жалғау керек. Осы қосқыштардың біріне дыбысты жазу үшін қолданылатын микрофонды жалғауға да болады.

Желілік карта(немесе жергілікті желіні байланыстыру картасы, желілік адаптер) - бір ғимаратта немесе бөлмеде орналасқан компьютерлерді өзара байланыстыру үшін қолданылады.

Желілік картаның негізгі параметрі – оның ақпаратты жеткізу жылдамдығы – мегабайт/секундпен өлшенеді. Желілік картаның орташа жылдамдығы 10 мегабайттан 100 мегабайтқа дейін жетеді.

Видеоадаптер (графикалық карта, видеокарта) – процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.

Алғашқы дербес компьютерлерде видеоадаптерлер болған жоқ. Оның орнына оперативті жадта видеодеректерді сақтау үшін кішкене ғана аймақ бөлінетін. Қазіргі видеоадаптерлердің өз есептегіш процессорлары (видеопроцессор) болады.

Аналық тақшаның кейбір модельдерінде видеоадаптердің қызметін чипсеттің арнайы микросхемалары атқарады. Бұндай видеоадаптерлерді аналық тақшамен біріктірілген дейді. Ал егер видеодаптер бөлек құрылғы ретінде орналасса, оны видеокарта дейді. Видеокартаның қосқышы жүйелік блоктың артқы тақтасына шығып тұрады. Осы қосқышқа монитор жалғанады.

Графикалық тақша мынадай бөліктерден тұрады:

- графикалық процессор (Graphic Processor Unit - графикалық процессор құрылғысы) — мониторда бейнеленетін кекіндерді шығаруға қажетті есептеулерді орындай отырып орталық процессорды артық салмақтан арылтады. Үшөлшемді графиканың командаларын өңдеуге қажетті есептеулерді орындайды. Графикалық тақшаның негізі болып табылады, өйткені құрылғының жылдам әрекеттілігі мен мүмкіндіктері тікелей осыған байланысты. Қазіргі графикалық процессорлар орталық процессор секілді өте күрделі құрылғы, өйткені графикалық процессордағы транзисторлардың саны орталық процессордағыдан асып түседі.

- видеоконтроллер — видеожадта кескіндердің қалыптасуын қамтамасыз етеді және ЦАТ-тан келіп түскен сұраныстарды өңдеу қызметін атқарады.

- видеожад — графикалық процессордың өңдеуімен монитор экранына шығатын кескінді сақтауға қажетті кадрлық буфердің міндетін орындайды. Видеожадта сонымен қатар экранда кей мезгілде көрінбейтін элементтер мен басқа да деректер сақтаулы тұрады.

- цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ) — видеконтроллердің жасаған кескіндерін аналогты мониторда бейнеленетін кескіндерге түрлендіреді.

- видео-ТЖҚ(Video ROM) — ішінде экрандық қаріптер, қызметші кестелер, BIOS-видео және т.б. жазулы тұратын тұрақты жадтау құрылғысы. ТЖҚ тікелей видеоконтроллермен емес, орталық процессормен байланысып тұрады. ТЖҚ-да сақтаулы тұрған BIOS-видео негізгі операциялық жүйе жүктелгенге дейін видеокартаның іске қосылып, жұмысқа кірісуін қамтамасыз етеді. BIOS-видео-да видеодрайвердің жұмыс кезінде пайдаланатын жүйелік деректері сақтаулы тұрады.

- салқындату жүйесі — видеопроцессор мен видеожадтың температуралық режимін қалыпты деңгейде сақтап тұру үшін қолданылады.

Алғашқы дербес компьютерлерде видеоадаптерлер болған жоқ. Оның орнына оперативті жадта видеодеректерді сақтау үшін кішкене ғана аймақ бөлінетін.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 3234;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.