Стандартты қолданушылар
Стандартты қолданушылардың есептік жазбасы күнделікті жұмыс істеу және де бір компьютермен бірнеше адам қолдану үшін пайдаланылады. Стандартты қолданушылар staff тобының мүшелері болып табылады және де көптеген обьектілерді, параметрлерді, қосымшаларды оқуға, Жалпы(Public ) және Сайттар(Sites) папкаларына кіру мүмкіндіктері бар. Олар өздерінің жеке папкаларына және де өз обьектілеріне өзгеріс енгізе алады. Стандартты қолданушыларға Жүйелік параметрлерді, жүйелік файлдарды және басқа қолданушыларға ыңғайсыздық тудыратын өзгерістер жасауға болмайды.
Кеңес. Стандартты қолданушылардың мүмкіндіктерін Ата-ананың бақылауымен шектеуге болады.Ата-ана бақылауы қосылып тұрған кезде Managed With Parental Cоntrols есептік жазбасы жұмыс істейді.
Администраторлар
Басқа қолданушылардан айырмашылығы admin тобының мүшесі болып табылады және де барлық папкаларға кіре алады, көптеген жүйелік настройкаларға өзгеріс енгізе алады. Админитраторлар Қорғалған папкалар мен басқа қолданушылардың Жалпы(Public ) және Сайттар(Sites) папкаларынан басқа құжаттарын қарай алмайды. Бұған қарамастан, администратор жүйеге өзгерістер енгізе алады. Компьютерге енгізілген алғашқы есептік жазбаадминистратор болып сақталады, және компьютерде кем дегенде бір администратор болады.
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 978;