Жарықтың жұтылуы. Жарық толқыны энергиясының сол толқынның затқа енуіне байла-нысты кемуі жарықтың жұтылуы деп аталады
Жарық толқыны энергиясының сол толқынның затқа енуіне байла-нысты кемуі жарықтың жұтылуы деп аталады. Тәжірибеге қарағанда жарық интенсивтігінің кему дәрежесі жарық өткен заттың табиғатына және оның қалыңдығына байланысты. Егер біртекті заттың бетіне түскен монохромат жарық шоғының интенсивтігі І0 болса, оның сол заттан өткеннен кейінгі интенсивтігі І мына формуламен өрнектеледі:
(1)
мұндағы – заттың қалыңдығы, – жұтылу коэффициенті делінетін тұрақты шама.
Жарықтың жұтылу заңын тәжірибе жүзінде ең алғаш (1729 ж.) П. Бугер тағайындаған, одан соң (1760 ж.) оны теория жүзінде И. Ламберт дәлелдеген. Сондықтан (1) өрнек Бугер-Ламберт заңы деп аталады. Бұл заң практикада көбінесе мына түрде өрнектеледі:
(1)
мұндағы – жұтылу коэффициенті делінеді, ол -ға пропорционал: , өйткені .
Әр түрлі заттың жұтылу коэффициенті түрліше болады. Заттың жұтылу коэффициенті жарықтың толқын ұзындығына тәуелді.
А. Бер (1852 ж.) әртүрлі ерітінділердің жарықты жұту процесін зерттеген-ді. Ол ерітінділердің жұту коэффициентінің екенін анықтады (Бер заңы). Мұндағы С – ерітінді концентрациясы, – пропорционалдық коэффициент. Сонда ерітінділердегі жарықтың жұтылуы Бугер-Ламберт-Бер заңымен өрнектеледі:
. (3)
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4360;