Піспекті қозғалтқыштар
Піспекті қозғалтқыш деп жанармайдың жануындағы энергияны цилиндр ішіндегі қозғалыстағы піспекке газдармен қысым жасау жолымен механикалық энергияға айналдыратын жылулық қозғалтқышты атайды.
Піспекті қозғалтқыштың (4. сур.)негізгі бөлшектері мыналар: цилиндр 2; цилиндр қақпағы 5; блок-картер 1; піспек 6 және шатун 7; иінді білік 8; кіру 3 және шығу 4 клапандары. Жанармай және оның жануына қажетті ауа қапақ түбімен, цилиндр қабырғаларымен және піспек түбімен шектелген қозғалтқыштың цилиндр көлеміне беріледі. Жанармай ауа қоспасының жануынан бөлінген жоғары температуралы және қысымды жылу піспекті 6 сығымдайды және оны цилиндрде 2 қозғайды. Піспектің кері‑тура қозғалысы шатун 7 арқылы картерде орналасқан иінді біліктің 8 айналым қозғалысына айналады. Піспектің кері‑тура қозғалысына байланысты піспекті қозғалтқыштарда жанармайдың жануы периодтық тізбектелген үлестермен ғана жүреді және де әр үлестің жануы алдын ала дайындық үрдістерден өтуі қажет.
Ауа ЖАГ
3 4
5 5
6 6
2 7
1 8
4.Сурет. Піспекті іштей жану қозғалтқышының сұлбасы.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1100;