Іштей жану қозғалтқыштары
1824 ж.француз инженері Сади Карноұсынған жылулық энергияны механикалық жұмысқа өзгерту үрдісіне арналған идеальды термодинамикалық цикл мұндай қозғалтқышты жасау үшін теориялық негіз болып табылады.
Бірінші жұмысқа қабілетті і.ж.қ.Францияда Жан-Этьен Ленуар жасаған жарықтандыру газымен жұмыс істейтін қозғалтқыш болып атбылады. Ол 1860 ж. патент алды.
Европада Ленуардың кішкене қозғалтқыштары (с мощностью порядка 0,5-1 кВт) үлкен атақ алды, қозғалтқыштың п.ә.к. 3% деңгеймен бағаланды.
Ленуар қозғалтқышы өздігінен үйренген өнертапқыш неміс Николаус Аугуст Оттоға (1832-1891)қызығушылық тудырды. 1866 ж. ол жетілдірілген газ қозғалтқышына бірінші патент алды. 1867 ж. Оттоның кішкене моторы Бүкіләлемдік Париждегі көрмеде көрсетілді және көрмеде басқада өнертапқыштардың он бестей газ қозғалтқыштарының болуына қарамай алтын медаль алды, Отто моторы басқаларға қарағанда экономикалық тиімділікпен жұмыс істеді. Отто өзінің көмекшілерімен бірге қозғалтқыштар өндірісін ұйымдастырды. Оның фирмасының жұмысының жақсаруына екі дарынды неміс инжерлерін шақыру себеп болды. Олардың аттары қазіргі белгілі Готлиб Даймлер және Вильгельм Майбах. Олар ұйымдастырған автомобиль зауыттары және фирмалары әлі Германияда бар.
Г. Даймлер 1883 ж.төртырғақты іштей жану қозғалтқышын жасады, онда жарықтандыру газының орнына сұйық жанармай бензин қолданылды. Бензин буы және ауа араласқан түрдегі жанғыш қоспа, ол арнайы жасаған құрал карбюраторда пайда болды. 1891 жылы Г.Даймлер зауыты қозғалтқышпен дөңгелек арасында тісті берілісті автомобиль түріндегі Европадағы ең бірінші өнеркәсіптік локомотивті жасады. Оның қуаты 4 а.к. тең болды.
Соңынан бензиндік карбюраторлы қозғалтқышты арбаға қойып Даймлер бірінші нағыз автомобильді жасап шығарды. 1893 жылы Г.Даймлер автомобиль зауыты неміс темір жолы үшін автомотристер (рельстік автобустар) ‑ өздігінен жүретін рельстік вагондар құрастырды.
Дизельдік іштей жану қозғалтқыштары. 1897 жылы неміс инженері Рудольф Дизель іштей жану қозғалтқышын жасады, онда ауыр сұйық жанармай цилиндрде сығымдалған ауаның жоғары температурасына байланысты өздігінен тұтанды. Содан бері қозғалтқыштар оны жасаушы атымен ‑ дизель деп аталады. Жанармайды беру тәсілі Дизельдің өнертапқыштығының негізгі элементі болып табылды.
1896 жылы Нижний Новгородта жұмыс істейтін орыс маманы Г.В. Тринклер жоғары қысымды компрессорсіз іштей жану қозғалтқышын құрастырды. Ол 1899 жылы ұсыныс беріп тек қана 1904 патент алды. Сондықтан қазіргі компрессорсіз дизельдік қозғалтқыштар «аралас» циклмен (Тринклер циклімен) жұмыс істейді.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1349;