Келесі үйғарымдар дұрыс па?

а) 16 және одан жоғары жастағылар жүмыспен қамтылғандарға немесе жұмыссыздар катарына жата ма?

б) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі әрдайым тұрақты ма?

Ь) Жұмыссыздықты күту өлшемінде есепке алынады;

с) енді жұмыс күші кұрамында есепке алынбайды

ё) ең төмен жалақы түрінде жәрдемақы алады

2. Аталғандардың қайсысы дұрыс емес:

а) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кысқа мерзімде; салыстырмалы тұрақты және ұзақ мерзімді уақытта өзгереді

б фрикциондық, құрылымдық және циклдік жұмыссыздықты қамтиды

с) егер жұмыссыздық деңгейі тең болса, нақты ЖҮӨ әлеуеттілігіне тең

ё) өлшемнің өзгеруі экономика құрылымындағы ығысуларды тудырады

е) ең төмен жалақының көтерілуі АІКІІ ұзақмерзімді уақытта ұлғаю факторы болып табылады.

3. Жұмыссыздық мынадай кезде пайда болады:

а) ең төмен жалақы жуық арада көбейетіні белгілі болса

б) жұмыссыздық жөнінде мол сақтандыру енгізілсе;

с) жұмысшылар уакытша ауа-райы жағдайына қарай босатылса

е) нақты жалақы тепе-теңдік деңгейінен асқанда

е) орта есеппен бір ай болды, фрикциондық жұмыссыздық көлемін есептеңіз

Осы жылы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі - 5%, ал нақты деңгейі - 9% құрады делік. Оукен заңын пайдаланып, ЖҮӨ артта қалу өлшемін пайызбен анықтаңыз.

7 Тақырып.

КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ

АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ

 

7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы

7.2. Негізгі және айналыс капиталы

7.3. Негізгі капиталдың табиғи және моральдық тозуы

7.4. Негізгі айналмалы қорлар

7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы

Қоғамның мақсаты: шектеулі ресурстарды қолданып, игілктерді өндіру. Бұл тақырыпта ресурстарды пайдалану мен олардың қозғалысын талдап, қорытынды жасаймыз.

Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бip жағынан ерекшеленген, екінші жағынан жеке ұдайы өндіріс жасайтын өзара байланыстың формальдық жиынтығы болып табылады.

Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіру және табыс табу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.

I сатысы П сатысы Ш сатысы

ЖК

А-Т …Ө… Т11

 

Ж

Мұнда:

А – ақша қаражаты;

Т – тауар;

ЖК – жұмысшы күші;

ҚЖ – құрал-жабдық;

Ө - өндіріс процесі;

Т1- дайын өнім;

А1 – сатылған өнімнен алынған ақша қаражаты

 

Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы факторларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бip функцияны атқарады:

А-Т - біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады;

Ө - екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады; кәсіпкер сатып алған тауарларын өндірісте қолданады. Ол тауар шығарушы ретінде әрекет етеді. Оның капиталы өндіріс процесін іске асырады. Нәтижесінде оның шығарған тауары үлкен құнға айналады, өндіріс элементінің құнына қарағанда нүктелер процесінен өндіріс процесінің қозғалысын анықтайды.

Т11 үшінші сатысында дайын өнім шығарылады, оны сату арқылы табыс алынды.

Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйесі іске асады: өндірістік, ақша және тауар формалары жағдайында.

Айналым мен айналыс бip-бipiмен экономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашкы формасында авансталған құнын қайтарады. Біp бөлігі әрбір кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар бірнеше айналымнан кейін, мысалы: шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған күн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс қорын құрайды.

Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).

Томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын өндірістік капитал деп айтады.

Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшірy тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа - негізгі және айналмалы капиталға бөлінеді.

Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.

Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық (өтелім) қорға айналуын - амортизация (өтелім) деп атайды.

Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал-жабдықтарының құнын белінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеуі қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.

Амортизациялық қор - негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, кебейту процесіне біp мезгілде қызмет көрсетеді.

Амортизация (лат. Amoctisatio - орнын толтыру) - негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қаражатының мақсаты -шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану, құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бip бөлігі - негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.

Өндірістің негізгі қорлары - өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Бұлар еңбек құралдарының экономикалық формасы ретінде өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.

Физикалық тозу - еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және тозу деп металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.

Материалдық тозу деп - құнның екі себепке өзгеруіне қарай, яғни:

1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға,

2) өнімділігі жоғары, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды айтады.

Табиғи және материалдық тозуды есептеу үшін амортизация нормасының маңызы зор.

Амортизация нормасы - деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдқң орташа құнына қатынасын айтады, ол пайызбен анықталады. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында жабдықтардың қызмет ету мерзімі қысқарады, сондықтан да өтімді жеделдету проблемасы пайда болады. Оны реттеу үкімет құзырында.

Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістің айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.

Айналыс қорлары - өндірістің бip кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бip бөлігі.

Олардың құны өндірілген өнімге толығымен ауысады. Айналым қорларының негізгі элементтері - еңбек заттары. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, ыдыстар т.б.) тозатын еңбек құралдары кәсіпорнының айналым қаражаты есебінен алынады.

Айналым уақыты - өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бip уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған айналым санымен анықталады:

N = O/t

Мұнда:

n - бip жылдағы айналым саны;

о - қабылдаған уақыт өлшемі (бip жыл);

t - белгілі ресурстардың айналым уақыты.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық қорға айналуын - амортизация деп атайды.

Амортизация қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін орнына келтіру үшін қажет.

Негізгі капиталдың табиғи тозуы деп- оның тұтыну құнының жойылуын айтады.

Негізгі қорларды пайдаланудың кең тараған көрсеткіші қайтарым қоры болып табылады.

ФО = П/Фнегізгі

Мұнда:

ФО – қайтарым қоры;

П - жасалған өнім;

Фнегізгі -негізгі өндірістік қорлардың құны.

Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (ME) анықталады:

ME – М . 100

Q

Мұнда:

ME - материал сыйымдылығы, %

М – пайдаланған шикізаттар, отын, энергия, материалдар және жартыдай фабрикаттар құндары, тең

Q - өндірілген өнімнің құны

 

Файналым/П - айналмалы қорлар;

П - жасалған өнім құны;

 

Негізгі және айналмалы капиталдардан басқа, өндіріс салаларында қызмет ететін, фирмалар үшін сатып өткізу процесін жүзеге асыратын айналыс қорлары кажет.

Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына жұмсалған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды.

Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі, айналымдылық коэффициенті арқылы анықталады, ол бip жылда сатып өткізілген өнім құнының айналым қаражаттарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.

2. Айналым - уақыт пен жылдамдық арқылы өлшенеді.

Капиталдың айналым уақыты деп шектеулі ресурстардың өндіріс пен айналыс аясынан өтіп, өзінің бастапқы нысанасына қайтып оралу кезеңін айтады.

Өндірістік қордың құрылымы оның айналыс жылдамдығына үлкен әсер етеді. Оны анықтау айналыс санын (N) белгілі бір кезеңдегі жасалынған (О) әдетте жыл, не бір айналыстың ұзақтығына байланысты.

N=;О=;

Ағындының айналыс уақыты (β айналым) өндіріс уақыты (β n) және айналыс уақыты, себебі өндірістік қор өзінің қозғалысында өндіріс және айналыс сатысынан өтеді.

об )= (β n )+(β o )

Өндіріс уақыты барлық кезеңді қамтиды. Құралдар мен өндіріс аясындағы еңбек заттары, кәсіпорнының қоймаға түскеннен бастап дайын өнімді сатуға дейін болуында.

Айналыс уақытын қоса есептегенде:

а) дайын өнімнің қоймада болған кезі;

б) оларды тұтынушыға тасымалдау уақыты.


Кесте








Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 1069;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.02 сек.