Тапсырмалар. 10.1.Қимасы 1 мм2 болатын мыс өткізгіш арқылы 1 А ток өтеді
10.1.Қимасы 1 мм2 болатын мыс өткізгіш арқылы 1 А ток өтеді. Мыс
өткізгіштік әрбір атомына бір еркін электроннан келеді деп санап, электрондардың өткізгіш бойымен реттелген қозғалысының орташа жылдамдығын анықтаңыз. Мыстың тығыздығы 8,9 г/см3.
10.2.Қимасы 0,3 мм2 болатын мыс өткізгіш арқылы 0,3 А ток өтеді.
Электрөрісі тарапынан әрбір еркін электронына әсер ететін күшті анықтаңыз. Мыстың меншікті кедергісі 17 нОм ·м.
10.3.Кедергісі 10 Ом болатын өткізгіштегі ток 30 секунд уақыт ішінде 3А-ден 0 А-ге дейін кемиді. Осы уақыт ішінде өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшерін анықтаңыз.
10.4.Алюминий сымның бойындағы ток тығыздығы 5 А/см2. Егер алюминий сымның меншікті кедергісі 29 нОм·м болса, меншікті жылулық қуаты қандай болады ?
10.5.Ток күші 5 А болғанда тізбек сыртында 10 Вт қуат, ал ток күші 8 А болғанда 12 Вт қуат бөлінсе, онда ток көзінің ішкі кедергісі қандай болады?
Дата добавления: 2015-08-08; просмотров: 2523;