Цензурирленген бақылау

Өмір уақыты бұл қандай да бір оқиға пайда болғанға дейінгі уақыт.

Оқиға: ауру симптомының дамуы, ауру ағзаның емге реакциясы,аурудыңқайталануы (рецидив) немесе өлім.

Өмір уақыты: аурудың дамуына дейінгі уақыт, емнің басталуы мен оған реакция болғанға дейінгі уақыт, ремиссия(денсаулықтың жақсара бастауы мен рецидивке дейінгі) уақыты, өлімге дейінгі уақыт.

Зерттеушілер тәжірибенің ұзақтығын - 30 апта деп анықтаған.

Өміршеңдікті талдау үшін алынған деректер төмендегідей: 10, 15, 30+, 25, 30+, 19+.

Қосу таңбасы цензурирленген деректерді білдіреді.

Цензурирленген деректер жоқ болса, онда зерттеу толық деп аталады.

Өміршеңдік функциясы – бұл нысанның бақылаудың басталу мезетінен бастап t дан үлкен уақыт өмір сүру ықтималдығы:

S(t) = P(T>t), немесе S(t) = 1 - P(T<t),

мұндағы P(T<t)– t уақытына дейін оқиғаның (апат болу) пайда болу ықтималдығы.

S(t) функциясының қасиеттері : S(t) = 1 егер t=0; S(t) = 0 егер t=∞.

Өміршеңдіктің толық сипаттамасы – бұл өміршеңдік қисығы.

Жалпыланған көрсеткіші – өміршеңдік медианасы.

Өміршеңдік медианасы – бұл өміршеңдік 0,5 тен кіші болатын ең аз уақыт.

Егер зерттеу цензурирленген болса, онда бөлшектің алымы әркезде анықтала бермейді,және бұл формула қате нәтиже беруі мүмкін.

Мұндай жағдайда Каплан-Мейердің мезеттік әдісі қолданылады.

 

мұндағы dt – t мезетіндегі оқиғалар (қайтыс болғандар ) саны, nt - t мезетіндегі бақыланғандар саны.П (гректің бас әрпі «пи») — көбейту белгісі.

Өмір уақыты кестесін құрудың екі жолы:

ü бірінші – Катлер –Эдерер тәсілі деректер құрамы үлкен болған жағдайда қолданылады,

ü екінші– Каплан – Мейер тәсілі тексерушілер саны аз болған жағдайда қолданылады.








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 2622;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.