Сипатты есептеу
Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі.
Мысалы, іріктеу жиынтығының көлемі мына формуламен анықталады: V=N*0,001; мұнда V - іріктеу көлемі, N- жалпы жиынтық, ал жалпы жиынтықтағы зерттелетін белгінің үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды.
Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен, біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект (“N” қаласының кәмелетке толған халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам) шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда зерттелетін белгінің үлесі 0,002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0,002 =130).
Қоғамдық пікірдің көп мақсатты мониторингі түрінде қарқынды социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу кезінде (мысалы, әлеуметтік-экономикалық проблемалар немесе қоғамдық-саяси жағдай зерттеледі) зерттелетін объект (республиканың кәмелетке толған халқы) айтарлықтай әр текті болады (14 облыс, Астана және Алматы қалалары), сондықтан іріктеу жиынтығының көлемі едәуір - 2000 адам болады. Осы жағдайда іріктеу жиынтығының өсуі мақсатқа лайықты емес, өйткені ол “қайталанған” респонденттердің себебіне айналуы мүмкін. Ал қайталанбайтын квоталық іріктеуді пайдалануда оған жол берілмейді.
Аймақтарда сұрау жүргізу кезінде сұхбат алушының іріктеу жиынтығын бұзуы республика бойынша сұраудың жалпы қорытындыларында көрініс береді.
Қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру үшін қайталанбайтын іріктеудің квоталық және кездейсоқ деген екі негізгі әдістерінің бірін пайдаланған жөн.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1509;