Асырлық аберрация
Жұлдыздың және Күн жүйесінің Галактика центріне қатысты қозғалысынан болатын аберрация ғасырлық сипатта болатындықтан, ол ғасырлық аберрация деп аталады. Іс жүзінде ғасырлық аберрация еске алынбайды, өйткені бір жағынан, жұлдыздарға дейінгі қашықтықтың анықталмағандығы жоғары. Екінші жағынан, Күн жүйесі жылдамдығының бағыты уақыттың қысқа (Күн жүйесінің 240 млн. Жылға тең айналу периодымен салыстырғандағы) аралықтар ішінде өзгермейді дерлік, демек ғасырлық аберрация тұрақты болады.
(1.12.45-1.12.47) өрнектерін қолданып, ғасырлық аберрация жұлдыздың галактикалық координаттарын былай өзгертетінін табуға болады:
(1.12.56),
мұндағы - апекс координаттары.. Егер , онда ғасырлық аберрацияның тұрақты бөлігі:
(1.12.57)
Жоғарыда айтылғандай, бұл эффект жұлдыздардың аспан сферасындағы тұрақты ығысуына әкеледі, сондықтан оны өлшеу мүмкін емес. Егер біз Күн Галактика центрі бойымен дөңгелек орбита бойымен қозғалады деп болжасақ, онда апекске бағыттың жылдық өзгеріс , мұндағы жыл--1 - орташа қозғалыс, жыл – айналу периоды. Онда жұлдыз координаттарының жыл ішіндегі апекстің өзгеруі себебінен өзгерісі:
(1.12.58)
коэффициенті доғаның ~4 мкс-на тең. галактикалық бойлығының максимал өзгерісі координаттары жұлдыздар үшін бақыланады. галактикалық ендігінің максимал өзгерісі координаттары және немесе болатын жұлдыздар үшін бақыланады.
Қазіргі уақытта координаттардың ғасырлық аберрация салдарынан өзгерісін өлшеуге мүмкін емес. Бірақ келешекте GAIA, FAME, DIVA жобалар нәтижелері бойынша дәлдігі жоғары каталогтарды құрастырған кезде, жұлдыздар координаттары микросекундтық дәлдікпен өлшенгенде, ғасырлық аберрацияны еске алу міндетті болады. Доғаның мкс деген мәні ғасырлық аберрацияның жылдық өзгерісіне сәйкес келетінің тағы да айта кетейік. 25 жыл ішінде коэффициент доғаның 100 мкс –не тең болады, сондықтан Күннің Галактика центрі бойымен айналысын қазір де АҰБР-дағы өлшеулер нәтижесінде тікелей табуға (өлшеуге) тырысуға болатын еді. Күннің Галактика центрі бойымен айналуын тікелей өлшеу іргелі нәтиже болып табылар еді.
Планеталық аберрация
Егер бақылау объектісі ретінде Күн жүйесіндегі дене (планета, астероид, т.с.с) қарастырылса, онда оның бақылаудың мезетіндегі көрінетін орналасуы ақиқат орналасудан екі себептен өзгеше болады: 1) жарық денеден Жерге дейін таралу уақыты ішіндегі дененің орбита бойымен қозғалысынан және 2) Жердің орбита бойымен қозғалысынан. Сөйтіп, жылдық аберрацияны ескеру және дене қозғалысына тәуелді түзету қажет. s0 векторымен анықталатын планетаның жылдық аберрацияға түзетілген көрінетін орналасуы 10-4 дейінгі дәлдікпен ( ~10-4 ) келесі формуламен өрнектеледі:
, (1.12.59)
мұндағы - планета мен Жер центрінің Күн жүйесінің барицентріне қатысты радиус-векторлары (үстіндегі нүктелермен белгіленетін бұл векторлардың уақыт бойынша туындылары планета мен Жердің барицентрге қатысты жылдамдығын беретінін еске салайық).
Сөйтіп, планетаның аберрациялық ығысуы тек Жер мен планетаның салыстырмаыл жылдамдығына тәуелді.
Дата добавления: 2015-05-16; просмотров: 1408;