Шын күн тәуліктері мен шын күн уақыты

Күннің(дәлірек айтсақ, күн дискі центрінің) бір географиялық меридианындағы екі аттас бірінен соң бірі болатын кульминациясы арасындағы уақыт аралығы шын күн тәулігі деп аталады.

Берілген меридиандағы шын күн тәулігінің басы болып Күннің төменгі кульминация мезеті қабылданады.

Күннің төменгі кульминациясынан оның кез-келген келесі орнына дейін өткен шын күн тәулігінің бөліктері түрінде (шын күн сағаттары, минуттары мен секундтары түрінде) көрсетілген уақыт шын күндік уақыт (Tmẃ) деп аталады.

Кез-келген мезетте берілген меридиандағы шын күн уақыты жұлдыздық уақытты көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің сағаттық бұрышына тең, яғни:

 

Tm= tm + 12h (1.11.3)

Уақытты шын күн тәуліктерімен өлшеу оңай, бірақ мұндай уақытты күнделікті өмірде қолдану жұлдыздық уақытты қолдану сияқты ыңғайсыз болады, өйткені шын күн тәулігінің ұзақтығы жыл ішінде өзгеріп тұрады. Бұның екі себебі бар.

1) Күннің жыл ішіндегі эклиптика бойымен қозғалысы бірқалыпсыз болып табылады (Кеплердің екінші заңы бойынша (2 тарауды қараңыз) Жер Күнге жақындау орналасқанда, ол өз орбитасы бойымен тездеу қозғалады және керісінше), бұған байланысты Жердің өз өсі бойымен айналуының Күнге қатысты периоды (яғни шын күн тәуілігінің ұзақтығы) өзгереді: Жер мен Күн бір біріне жақын болғанда ол артады, алыс болғанда – азаяды.

2) Күн аспан экваторы бойымен емес, оған айтарлықтай ε=23o26’ бұрышқа еңкейген эклиптика бойымен қозғалады, бұған байланысты шын күн тәулігінің ұзақтығы Күн эклиптика бойымен бірқалыпты қозғалса да өзгеріп тұратын еді. Әңгіме мынада. Күн мен түннің теңесу нүктелерінің қасында эклиптиканың (1.23 суреттегі εε’ сызығы) бірдей АB=DC=Δλ доғаларын аспан экваторына (1.19 суреттегі QQ’ сызығы)проекциялағанда, олар Күннің тік шарықтауының кішілеу Δα өсімшелерін береді (ab, bc доғалары): Δα< Δλ. Ал күн тоқырау нүктелері маңайында, керісінше, Күннің тік шарықтауының Δα өсімшелері (mk, kl доғалары) эклиптиканың сәйкесінше кесінділерінен (MK=KL= Δλ) көп болады: Δα> Δλ (сағаттық шеңберлер арасындағы қашықтық полюстерден алшақтаған сайын өсуіне байланысты). Бұған байланысты Күн кульминациясының жұлдыздық уақытқа қатысты кешігу уақыты (1.4.1.1 баптын соңын қараңыз) жылдың әр түрлі күндерінде әр түрлі болады, демек шын күн тәулігінің ұзақтығы өзгеріп тұрады (жұлдыздық тәуліктің ұзақтығын бірінші жуықтауда тұрақты деп алуға болады).

 

1.19 сурет - Шын күн тәулігінің бірқалыпсыздығын түсіндіруге

Бұл екі себептің әсерінен шын күн тәулігінің ұзақтығы, мысалы, 22 желтоқсанда 23 қыркүйектегіден көрі 50-51 секундқа көп болады.

Шын күн тәулігі бірқалыпсыздығының айтылған екі себебі Жердің өз осі бойымен айналуының бірқалыпсыздығымен байланысты емес, яғни бұл айналыс бірқалыпты болса да, шын күн тәулігінің ұзақтығы өзгеріп тұратын еді.

 








Дата добавления: 2015-05-16; просмотров: 2223;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.