Олданбалы химия кафедрасы
Гальваникалық элементте теріс электродта тотығу процесі жүреді. Ал коррозия дегеніміздің өзі тотығу процесі. Сонымен,
· электрохимиялық коррозия кезінде активтірек металл бұзылады.
Мырыш-мыс пластинкасында - мырыш коррозияға ұшырайды.
Zn0 - 2e- → Zn2+
Оң электродта тотықсыздану процесі өтеді. Ерітіндіде Н+ болғандықтан мыс пластинкада сутек ионы тотықсызданады:
2H+ + 2e- → H2
Демек, электрохимиялық коррозия кезінде қышқыл орта болса, активтілігі нашар металдың бетінде сутегі түзіледі.(31-сурет)
Мырышты - мыс пластинкасы натрий хлориді немесе теңіз суына батырылды десек, онда бұл жағдайда мырыш коррозияға ұшырайды. Ал мыс пластинканың бетінде сутегі газ күйінде бөлінбейді. Себебі, бейтарап ортада сутегі ионы тотықсыздануға концентрациясы аз болғандықтан, бұл жағдайда тотықтырғыш ролін суда еріген оттегі атқарады:
О2 + Н2О + 4е- → 4ОН-
Сонымен, мыс пластинкасының маңайында ерітінді сілтіленеді. Коррозия нәтижесінде түзілген мырыш ионы гидроксид ионымен қосылып, мырыш гидроксидін түзеді:
Zn2+ + 2 OH- → Zn (OH)2
Ойымызды жинақтасақ, электрохимиялық коррозия бейтарап ортада жүрсе, онда активтілігі нашар металдың маңайында оттегі тотықсызданып, гидроксид ион түзеді.
Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 1926;