Олданбалы химия кафедрасы. а) Пробирканың 1/3 бөлігіне кальций гидроксидін құйып, оған Кипп аппаратынан көміртектің диоксидін тұнба
6. Қышқыл тұздар
а) Пробирканың 1/3 бөлігіне кальций гидроксидін құйып, оған Кипп аппаратынан көміртектің диоксидін тұнба түзілгенше және ол ерігенше жіберіңіздер.
б) 6a –тәжірибеден алынған кальций гидрокарбонатын 3 пробиркаға бөліп құйыңдар. 1-ші пробирканы лайланғанға дейін қыздырыңдар. 2-ші пробиркаға кальций гидроксидін, 3-ші пробиркаға натрий карбонатын құйыңыздар.
7-тәжiрибе: Амфотерлiк гидроксидтердiң қасиеттерi
а) 2-3 мл алюминий тұзының ерiтiндiсiне тамшылатып отырып, араластыру арқылы натрий гидроксидiн (С(NaOH)=0,5моль/л) тұнба түзiлгенше қосыңыздар.
Тұнбаны ерiтiндiмен бiрге екi пробиркаға бөлiңiз. Бiреуiне артығымен натрий гидроксидiн (С(NaOH)=2моль/л), ал екiншiсiне тұнба толығымен ерiгенше тұз қышқылын қосыңыз. Екi пробиркадағы да тұнба еріп кетуі қажет.
Неге екi пробиркадағы да тұнба ерiп кетеді? Гидроксидтiң амфотерлiк қасиетiне анықтама берiңiз.
б) Осы сияқты бақылауларды мырыш, хром тұздарын алып орындап көрсетiңiз.
Жұмысты өндеу:
Лабораториялық дәптерге тәжірибелердің атын, реакциялардың молекулалық, иондық теңдеулерін және алынған заттардың ерекше қасиеттерін (тұнбаның түсі, газдың иісі т.б.) жазыңыз.
Бақылау сұрағы:
1.Тұздарды алудың 10 түрлі әдістерін жазып көрсет.
2. Бес-бестен бейорганикалық заттардың кластарына мысал келтір.
Қолданбалы химия кафедрасының
26.08.2014 ж. отырысында
№1 бұйрықпен бекітілді
Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 1663;