Мәтіндік сигналдар
2.4-кесте
AwardBIOS мәтіндік сигналдардың мағынасын ашу
Мәтіндік хабарлама | Ақаулар | Ұсыныстар |
CMOS battery has failed | CMOS жадысымен қоректенетін, аккумулятор батареясындағы ақау. | Аккумулятор батареясын жаңасына ауыстыру. |
CMOS checksum error | BIOS тағы мәліметтердің қорытынды қосындысы дұрыс емес. Мәліметтер бұзылған. | Аккумулятор батареясын тексеру. BIOS Setup-тан мәліметтерді қайта сақтау. |
Disk boot failure, insert system disk and press enter | Операциялық жүйенің қате жүктелуі. Жүктегіш дискі табылмады. | Қатқыл дискідегі негізгі жүктеме жазбасы бұзылған (МВR). Жүйелік дискетамен немесе жүйелік дискімен жүктелу. Жүйелік файлдарды және МВR-ды қалпына келтіру және орнату. |
Diskette driver or types mismatch error-run setup | BIOS мәліметтерімен компьютерге орналастырылған диск-жетектерінің модель арасындағы байланыс сәйкес емес. | BIOS Setup-қа еніп, диск-жетектерге дұрыс параметрлерді енгізу. |
Display switch is set incorrectly | Бейне параметрлері мен монитордың арасындағы байланыс сәйкес емес. | BIOS Setup-қа еніп, (EGA\VGA) бейненің дұрыс параметрлерін орнату. |
Display type has changed since last boot | Соңғы жүктеу уақытынан бастап монитор типі BIOS-тағы жазбамен сәйкес келмеді. | |
ELSA configuration checksum error | ELSA бақылау қосындысы қате. | ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу. |
ELSA configuration is not complete | ELSA туралы ақпарат толық емес. | ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу. |
Error encountered initializing hard drive | Қатқыл дискідегі инициализациялау қателігі. | Қоректену қосқышының ұяшықтарының байланысы мен интерфейстік баусымын тексеру. |
Error encountered initializing hard drive controller | Қатқыл дискі контроллерінің инициализациялау қателігі. | BIOS Setup-тан қатқыл дискінің параметрлерін тексеру. Егер ол анықталмаса, қатқыл дискідегі маңдайшаны тексеру. |
Floppy drive controller error or no controller present | Иілгіш дискі контроллерінің инициализациялау қателігі. | Қоректену қосқышының ұяшықтарының байланысы мен интерфейстік баусымын тексеру; BIOS Setup параметрлерін тексеру. |
Invalid EISA configuration | ELSA туралы ақпарат толық емес. | ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу. |
Keyboard error or no keyboard present | Пернетақтаның инициализацилау қателігі немесе пернетақта қосылмаған. | Қосу ұяшығының байланысын тексеру. |
Memory address error at XXXX | XXXX адрес бойынша жедел жадының қателігі. | Жады модулін ауыстыру. |
Memory parity error at XXXX | Жедел жады жұптығының қателігі. | Жады модулін жаңасына ауыстыру немесе BIOS Setup –та жады жұптығын айыру. |
Memory size has changer since last boot | BIOS -тағы жедел жады өлшемінің берілгендері ағымдағы орнатылған жадыға сәйкес келмейді. | ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу. |
Memory virify error at XXXX | XXXX адрес бойынша жедел жадыны тестілеу қателігі. | Жады модулін ауыстыру. |
Offending address not found | Жедел жады контроллерінің қателігі. | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
Offending segment | Жедел жады контроллерінің қателігі. | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
Press a key to reboot | Компьютерді қайта жүктеуін талап ететін қателік пайда болды. | Кез келген пернені басыңыз. |
Press F1 to disable NMI, F2 to reboot | Жасырынды үзілім қателігі. | Компьютерді қайта жүктеу үшін F2 пернесін басу. |
Ram parity error- checking for segment | Жедел жады жұптығының қателігі. | Жады модулін жаңасына ауыстыру немесе BIOS Setup –та жады жұптығын айыру. |
Should be empty but EISA board found | BIOS-та идентификаторы жоқ кеңейту картасы табылды. | ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу. |
Should have EISA board but not found | Орнатылған карталардың біреуі бөлінген идентификатор сұранысына жауап бермейді. | |
Slot not empty | Бос және толық слоттардағы мәліметтер ағымдағы бөлінген слоттармен сәйкес келмейді | |
Wrong board in slot | Идентификаторы дұрыс емес карта табылды. | |
System halted,(CTRL-ALT-DEL) to reboot | Жүйе «тұрып қалды», қайта жүктеу керек. | Компьютерді қайта жүктеу. |
2.5-кесте
AMIBIOS мәтіндік сигналдардың мағынасын ашу
Мәтіндік хабарлама | Ақау | Ұсыныстар |
CH-2Timer Error | Жүйелік таймердің қатесі. | Компьютерді қайта жүктеу. |
INTR#1Error | Тексеру кезіндегі бірінші каналдың үзілім қателігі. | IRQ 0-IRQ 7 үзілімдердің жұмыс жасайтын құрылғылардың біреуінің ақауы болуы мүмкін. |
INTR#2Error | Тексеру кезіндегі екінші каналдың үзілім қателігі. | IRQ8-IRQ15 үзілімдердің жұмыс жасайтын құрылғылардың біреуінің ақауы болуы мүмкін. |
CMOS Battery State Low | CMOS жадын қоректендіретін аккумуляторлық батареяның ақауы. | Батареяны ауыстыру. |
CMOS Checksum Failure | CMOS жадының бақылау сомасы қате. | Аккумулятор батареясын тексеру. BIOS Setup-қа кіріп, мәліметтерді қайта сақтау. |
CMOS Memory Size Mismatch | CMOS жадының мөлшері тиісті жадынан айырмашылығы. | |
CMOS System Options Not Set | CMOS жадының мәліметтерінен қатенің табылуы. | |
EISA CMOS in operational | CMOS жадыға мәліметтерді жазу не оқу мүмкін емес. | Аккумулятор батареясын тексеру. |
Display Switch Not Proper | Монитордың типі дұрыс көрсетілмеген. | BIOS Setup-қа кіріп, монитордің дұрыс типін көрсетіңіз. |
Keyboard is locked | Пернетақта бұғатталған. | Пернетақтаны босату. |
K/B interface error | Пернетақта инициализациялау қателігі. | Қосылу ұяшығы байланысын тексеру. |
FDD controller failure | Диск-жетекті инициализациялау қателігі. | Қоректену мен мәліметтер баусымдарының байланыстарын тексеру. |
HDD controller failure | Қатқыл дискіні инициализациялау қателігі. | |
Expansion board not ready at slot X | Слоттағы тақша кеңейтілуін табу қателігі. | Кеңейтілу слоттардың байланыстарын тексеру. |
CMOS Time and Date not set | Күні мен уақыты белгіленбеген. | BIOS Setup-ты іске қосып, ағымдағы күні мен уақытты көрсету. |
Cache memory bad, do not enable cache | Кэш -жады қатесі. | Кеш –жады зақымдалуы мүмкін. Ең алдымен жүйені қайтадан жүктеп көру. Егер көмектеспесе, BIOS Setup-тағы кэш–жадыны айыру немесе ауыстыру. |
8042 Gate-A20 error | Пернетақта контроллерінің қатесі. | 8042 микросхемасын ауыстыру. |
Address Line Short | Жедел жады адрестеуінің қатесі. | Компьютерді өшіріп, қайта қосу. Егер көмектеспесе, жедел жадының модулін ауыстыру. |
DMA#1 error | DMA бірінші каналының ақауы. | Қате сыртқы құрылғылардың бірінде болуы мүмкін. |
DMA error | DMA контроллерінің ақауы. | |
On board parity error | Жұптық бақылау қателігі. | |
Off board parity error | ||
Parity error | ||
Memory parity error at XXXX | XXXX адресі бойынша жедел жады жұптығының қатесі. | жады жұптығын айыру немесе жады модулін ауыстыру. |
Memory mismatch, run Setup | Жедел жады қателігі. | Компьютерді өшіріп, 30 секундттан соң қосу. Егер қателік қайталанса жады модулін ауыстыру. |
I/O card parity error at XXXX | Жұптық бақылау қателігі. | Қате сыртқы құрылғылардың бірінде болуы мүмкін. |
DMA bus time –out | Құрылғы ұзақ уақыт сұранысқа жауап бермейді. | Қате кеңейтілу тақшаларының бірінде. |
No ROM Basic | Жүктеу жүйесінің табылмауы | Жүктеу құрылғыларын және онда орнатылған операциялық жүйенің бар екенін тексеру. |
Diskette boot failure | Дискетадан жүктеу мүмкін емес. | Дискета жүйелі болу керек, олай болмаса ауыстыру. |
Invalid boot diskette | Жүктеу дискетасының форматы қате. | Жүйелік дискетаны орнату. |
C: Drive Error | C: дискісіне қатынау қателігі. | BIOS Setup-тағы қатқыл дискінің анықтауышының дұрыстығын тексеру. |
D: Drive Error | D: дискіге қатынау қателігі. | |
C: Drive Failure | C: дискінің жұмыс жасамауы. | Дискі зақымдалған болуы мүмкін. Оны қайтадан форматтау. |
2.6-кесте
Phoenix BIOS мәтіндік сигналдардың мағынасын ашу
Мәтіндік хабарлама | Ақау | Ұсыныс |
System Battery is dead- Replace and run SETUP | Аккумулятор батареясы зақымданған. | Батареяны ауыстыру. |
System CMOS checksum bad – run SETUP | CMOS бақылау сомасы қате. | Аккумулятор батареясын тексеру. BIOS Setup –қа кіріп, мәліметтерді қайтадан сақтау. |
Invalid NVRAM media type | CMOS жадысына қатынау қателігі табылды. | Аккумулятор батареясын тексеру. BIOS Setup –қа кіріп, мәліметтерді қайтадан сақтау. |
System RAM Failed at offset: nnnn | Жедел жадының алғашқы 64 кбайт тестілеудің қателігі. | Жады модулін ауыстыру. |
Shadow RAM Failed at offset: nnnn | Көлеңкеленген жедел жадының алғашқы 64 кбайт тестілеудің қателігі. | |
Extended RAM Failed at offset: nnnn | nnnn адресінде кеңейтілген жадыны тексеру қателігі. | |
Failing Bits | Жедел жадыны тексеру қателігі. | Компьютерді сөндіріп, 30 секундттан кейін қосу. Егер қателік қайталанса, модуль жадысын ауыстыру. |
System timer error | Жүйелік таймердің қателігі. | Жүйелік тақшаны жөндеу қажет. |
System cache error- cache disabled | Кэш-жады қателігі. | Кэш-жады зақымдалған. BIOS Setup-тағы кэш-жадыны айыру немесе жаңасына ауыстыру. |
Real- time clock error | Нақты уақытты тексеру кезіндегі қателік. | Жүйелік тақшаны жөндеу қажет. |
Parity check 1 | Жүйелік тақшадағы жүйелік шинаның қателігі. | |
Parity check 2 | Енгізу- шығару шинасының нақты қателігі. | |
Monitor type does not match CMOS –Run Setup | Орнатылған монитор типі CMOS-тағы монитор туралы мәліметтермен сәйкес келмейді. | BIOS Setup –қа кіріп, монитордың дұрыс типін орнату. |
Fixed Disk Failure | Қатқыл дискідегі қате. | Қоректену және интерфейс баусымдарының ұяшықтарындағы байланысын, BIOS Setup-тағы орнатуды тексеру. |
Fixed Disk Controller Failure | Қатқыл дискі контроллерінің қателігі. | BIOS Setup –тағы орнатуды тексеру. |
Keyboard controller error | Пернетақта контроллерінің инициализациялау қателігі. | Пернетақта ұяшығындағы қосылу байланысын тексеру. |
Keyboard error | Пернетақта жұмысында қателік. | |
Keyboard error: nn | Пернетақтада «жабысқан» пернелердің болуы, перне тақта коды nn. | Ақауды пернетақта ұяшықтарын спиртпен тазалау арқылы жою. |
Keyboard locked- unlock key switch | Пернетақта бұғатталған. | Пернетақтаны босату. |
Incorrect drive A type – run SETUP | BIOS-та диск-жетек типінің сәйкес келмеуі. | BIOS Setup –қа кіріп, диск-жетегінің дұрыс типін орнату. |
Diskette drive A error | Диск-жетекті тестілеу қателігі. | |
Operation system not found | Жүктеу жазуының табылмауы. | Дискет немесе дискі жүйелік екеніне көз жеткізу. |
Press F1 to resume, F2 to setup | Кез келген критикалық емес қателік. | Қатені өткізіп жіберу үшін F1 пернесін басу. BIOS Setup –қа кіру үшін F2 пернесін басу. |
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 4204;