Дыбыстық сигналдар
2.1-кесте
AwardBIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары
Дыбыстық сигналдар | Ақау | Ұсыныстар |
Бір қысқа | POST-тың дұрыс аяқталуы. | Операциялық жүйенің жүктелуін күтіп, жұмысты штаттық режимде жалғастыру керек. |
1 сигнал және бос экран | Бейнекарта ақауы. | Бейнекарта мен слот арасындағы байланысты тексеру керек. |
1 ұзын + 1 қысқа | Жедел жадының ақауы. | Жедел жадыны орнату кезінде майысқан жерлердің жоқтығына көз жеткізу керек. Жады модулін басқа слотқа орнатып көру керек. |
1 ұзын + 2 қысқа | Бейнекарта ақауы немесе монитор қосылған жоқ. | Әдетте, мұндай қателік, монитор кабелінің қосылмай тұрғанын білдіреді. Егер монитор қосылып тұрса, бейнекартадағы слот байланысын тексеру. |
1 ұзын + 3 қысқа | Пернетақта ақауы. | Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер Num Lock пернесін басқанда индикатор жанбаса, онда оның істен шыққаны. |
1 ұзын + көп қысқа | BIOS миркосхемасының ақауы. | Миркосхеманың байланыс алаңындағы байланысты тексеру. |
2 қысқа | CMOS параметрлері өзгерген немесе маңызды емес қателік. | Аккумулятор батареясын ауыстыру керек. |
3 ұзын | Жүйелік тақшаның ақауы. | Жүйелік тақшадағы ақауларды тексеріп қарау. Нақты қатені анықтау үшін POST картаны қолдану. |
Бірқалыпты ұзын | Жадының ақауы. | Жедел жадының ілмегін тексеру. Жүйелік тақша құжаттамасынан жадының типтерін анықтау. |
Бірқалыпты қысқа | Қоректену блогының ақауы. | Желдеткіштің істеп тұрғанын тексеру. Кейбір жинақтауыштарды айыру арқылы жүктемені азайту. |
2.2-кесте
AMIBIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары
Дыбыстық сигналдар | Ақау | Ұсыныстар |
Бір қысқа | POST- тың жақсы аяқталуы. | Операциялық жүйенің жүктелуін күтіп, жұмысты штаттық режимде жалғастыру. |
Екі қысқа | Жедел жадының ақауы. | BIOS Setup-тан жұптық тексеруін айыру. |
Үш қысқа | Жедел жадының алғашқы 64 кбайт тестілеудің қателігі. | Жедел жадының үдеуі. Жады таймингттардың мағынасын ұлғайту. |
Төрт қысқа | Жүйелік таймердің қателігі. | Компьютерді қайта жүктеу. |
Бес қысқа | Орталық процессордың ақауы. | Процессорды ұяшығынан алып және оны кері қою. Егер де тестілеудің қатесі қайталанса, процессорды ауыстыру. |
Алты қысқа | Пернетақта немесе пернетақта контроллерінің ақауы. | Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру. Ұяшықтан контроллер чипі шығып кетуі мүмкін. Пернетақтаның қақпағын ашып, чипті суырып алып, қайта қою. Егер Num Lock пернесін басқанда индикатор жанбаса, онда пернетақтаның істен шыққаны. |
Жеті қысқа | Жүйелік тақша ақауы (виртуалды режим қатесі). | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
Сегіз қысқа | Бейнекарта немесе бейнежады ақауы, ол дұрыс қосылмаған, әлде жүйелік тақшамен сәйкес келмейді. | Бейнекартаның слотындағы байланысты тексеру. |
Тоғыз қысқа | BIOS қатесі, әлде BIOS микросхемасының зақымдануы. Бақылау сомасы қате. | Микросхеманың байланыс ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер байланыс жақсы болса, BIOS-ты қайта тігуді қарап көруге болады. |
Он қысқа | BIOS қатесі, BIOS- тағы мәліметтер жаңармайды. | BIOS-тағы микросхема зақымдалған болуы мүмкін немесе бір бөлігі қондырғыдан шығып кеткен. Бұл қате критикалық емес, компьютерде жұмыс жасауды жалғастыруға болады. |
Он бір қысқа | Жүйелік тақша ақауы, кэш–жады микросхемасы зақымдалған. | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
Бір ұзын + үш қысқа | Жедел жады қателігі, жады модулі дұрыс орнатылмаған немесе жүйелік тақша бұл тип жадысын қабылдамайды. | Модульдегі ілмекті тексеру. Жүйелік тақшаға арналған құжатты оқу және қабылдайтын жады типін анықтау. |
Бір ұзын + көп қысқа | Бейнекартаны тексеру кезіндегі қателік, дұрыс қосылмаған немесе жүйелік тақшамен сәйкес келмейді. | Бейнекарта слотының байланысын тексеру. Слоттың жұмыс қабілетін тексеру үшін, басқа бейнекарта орнатып көру. |
2.3-кесте
Phoenix BIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары
Дыбыстық сигналдар | Ақау | Ұсыныстар |
Бір қысқа | POST жұмысының дұрыс аяқталуы | Операциялық жүйенің жүктелуін күту және компьютерде штаттық режимде жұмысты жалғастыру |
Екі қысқа | Жедел жады тестісінің қатесі. | Жедел жадының орнатылуы кезінде қиылыс жоқ екенін тексеру. Жады модулін басқа слотқа орнатып көру. |
Үш қысқа | ||
Төрт қысқа | Жүйелік тақша ақауы (жүйелік таймердің қателігі). | Компьютерді қайтадан жүктеу. Егер ақаулық жойылмаса, жүйелік тақшаны ауыстыру. |
Бес қысқа | Процессордың ақауы болуы мүмкін. | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
Алты қысқа | Пернетақта немесе пернетақта контроллерінің ақауы. | Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру. |
Жеті қысқа | Жүйелік тақша ақауы (виртуалды режим қатесі). | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
Сегіз қысқа | Бейнекарта немесе картадағы бейнежады ақауы, карта дұрыс қосылмаған немесе жүйелік тақшаға сәйкес келмейді. | Бейнекарта слотындағы байланысты тексеру. Бейнекарта процессорындағы желдеткішті тексеру. |
Тоғыз қысқа | BIOS-тағы қате немесе BIOS микросхемасы зақымданған. | Микросхеманың ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер ақау реттелмесе, оны ауыстыру. |
Он қысқа | BIOS-тағы қате, BIOS-тағы мәліметтер жаңартылмайды. | BIOS микросхемасы зақымдалған немесе ұяшықтан шығып кеткен. Ұяшықтағы байланысты тексеру. Бұл қате критикалық емес, компьютерде жұмысты жалғастыруға болады. |
Он бір қысқа | Жүйелік тақша ақауы, кэш- жадының микросхемасы зақымдануы мүмкін. | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
1 ұзын + 3 қысқа | Жедел жады қателігі, оның дұрыс орнатылмағанынан немесе жүйелік тақша мұндай жады типін қабылдамауынан болуы мүмкін. | Жедел жадының ілмегін тексеру. Жүйелік тақшаға арналған құжатты оқып, жадының қолданатын түрін білу. |
1 ұзын + көп қысқа | Бейнекартаның тексеру кезіндегі қателігі, оның дұрыс қосылмауынан немесе жүйелік тақшамен сәйкес келмеуінен. | Бейнекарта слотындағы байланысты тексеру. Бейнекарта процессорындағы желдеткішті тексеру. |
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 6632;