Алпына келтірілген жүн
Тоқыма өнеркәсібінде арзан шұға маталарды жасағанда қоспаның құрамына малды қырыққанда алынған жүннен басқа заводтық және қалпына келтірілген жүндер де қосылуы мүмкін. Зауыттық жүн—мүйізді ірі қараның терісінен алынған жүн. Қалпына келтірілген жүн –бұрын пайдалануда болған жүн матадан тігілген ескі киімдер мен кескен қиықтарды талшықтарға ажыратқанда алынады.Қалпына келтірілген жүннің талшықтары қысқа, себебі бұрын киімді киіп жүргенде немесе қиқымды өңдегенде үзіліп , қысқаруы мүмкін.
Ақ қағаздың үстіне иірілген жіпті теріс бұрасақ бұрауы босайды, ал қалпына келтірілген жүн талшықтары шашылып түседі.
Жүн-табиғи талшықтыларға жатады, қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой Жүні көп өндіріледі. Қой Жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой Жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық Жүн деп бөлінеді. Биязы Жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 – 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл Жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау Жүн біркелкі ірілеу Жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 – 35 мкм. Мұндай Жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң Жүн құрамында Жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң Жүннен кілем тоқылады. Қылшық Жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай Жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі Жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т .б. ешкі тұқымының Жүні биязылау келеді. Түйе Жүні берік, сапасы жақсы болады.
Жүннің өңделуі:
Жүн өңдеу – жүнді май мен шайырдан, шаң-тозаңнан тазартып жуу, жүн дайындау стандартына сәйкес сұрыптау (сорттау), бояп өңдеу, иіріп жіп алу немесе одан әр түрлі бұйымдар дайында
Жүннің иісін кетіру үшін көмір қышқыл газбен өңделеді. Ж. ө. кәсіпорындарында, сондай-ақ, экстракциялық әдіспен жұмыс істейтін жаңа машиналар қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі – жүн жабық бөлме ішінде хлорлы көмір қышқыл газбен өңделеді. Осы процесс нәтижесінде жүндегі май мен шайырдың 70%-ы кетеді, жүн ажарланып, биязылығы артады. Жүннен алынған май техника мен медицинада кеңінен қолданылады. Жүн сорттау кезінде жүннің дайындау стандартына сәйкес сапасы бағаланады. Мыс., қой жүні одан алынатын таза жүннің мөлшерімен бағаланады. Жүннің әр түріне (биязы жүн, биязылау жүн, ұяң жүн, қылшық жүн, т.б.) Қазақстан Республикасының Стандарттау және метрология комитеті дайындау стандартын бекіткен. Жүн сорттау процесі жүнді алғашқы өңдеу кәсіпорындарында атқарылады. Дайындау стандарты бойынша жүн қалыпты, шөпті, тікенек шөпті және ақаулы болып бөлінеді. Егер жүндегі шөп қалдықтары мен ақау жүннің мөлшері жалпы жүннің 10%-нан аспаса қалыпты жүн, егер бұл мөлшерден артса шөпті не тікенекті жүн деп атайды. Кейбір жүн ажарсыз, түсі оңған, талшығы осал болады. Мұндай кемістік 10%-дан артса, онда ақау жүн болып есептеледі. Осы төрт түрдің әрқайсысы түсіне қарай бірнеше сортқа және сапасына қарай бірнеше класқа бөлінеді. Биязы және ұяң жүнді қойдың тұтас жүні ақ және әр түсті болып екі сортқа бөлінеді. Ақ түске таза ақ жүн, әр түстіге қылшық араласқан өзге түстер жат°Қазіргі кезде Ж. ө. жұмыстары өндірістік кәсіпорындарда атқарылады. Мұндай жұмыстар жүн жуу, жүн сорттау, жүн иіру, т.б. болып бөлінеді. Жүн жуу жүнді май мен шайырдан, шаң-тозаңнан, т.б. тазартатын арнаулы аппараттарда орындалады. Олардың құрылысы күрделі, көлемі үлкен (ұз. 70 м-ге дейін), сондықтан жүнді алғашқы өңдеуден өткізетін ірі кәсіпорындарда қолданылады. Қазақстанда мұндай кәсіпорындар Тараз, Семей, Ақтөбе қ-ларында салынған. Қазір бұл кәсіпорындарды қайта іске қосу қолға алынып отыр. Жүнде майлы заттар көп болады. Мыс., арқар-меринос қойдың жүнінде 30%-ға дейін май мен шайыр бар. Осылардан арылту үшін жүн жуғыш машинаның арнаулы ыдысына су құйылып, оған көмір қышқыл сода, калийлі сабын және аммиак қосылып, әбден араластырылады. Бұл құрамның салмағы жуылатын жүн салмағының 6%-ына жетуге, ал судың темп-расы 55ады. Меринос қой жүнін сорттағанда талшығының ұзындығы, жуан-жіңішкелігі, тазалығы, бұйралығы ескеріледі. Биязы және ұяң жүнді сорттағанда тұтас жүннен басқа да мынадай сорттары болады: құйрық жүн (бөлек қырқылады және бұған балақ жүн, желіннің айналасынан қырқылған жүн де жатады); жұлма жүн – тұтас жүннен үзіліп түскен жүн.Пұшпақ жүн – ірі қылшықты ұйпаланған жүн. Жүннен немесе жүн араластырылған басқа да талшықтарды иіру арқылы жіп алынады. Мұны жүн иіру деп атайды. Оның тарақтап иіретін және аппаратпен иіретін екі жүйесі кең тараған. Тарақтап иіру тәсілі арқылы жіңішке әрі тегіс, биязы әрі беріктігі жоғары жіп алынады. Осындай жіптерден жоғары сапалы мата тоқылады. Аппаратпен иіруде шикізат ретінде таза жүн, басқа талшықтармен араласқан жүн, тарақтап иіру қалдықтары мен қылшық, әр түрлі хим. талшықтар, мақта т.б. қолданылады. Мұндай жіптен шұға, драп, тех. мата, т.б. тоқылады.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен рөл атқарған және оны ұқсатуды халық бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің шудасы. Жүк артып, күш көлік ретінде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады.
Дата добавления: 2017-11-04; просмотров: 2166;