Центрден тепкіш күшпен тозаңдату
Центрден тепкіш күшпен тозаңдату келесі әдістермен жүргізіледі:
- балқыма ағынын айналатын тәрелке қалақшаларының соққысымен механикалық бөлшектеу (соққымен тозаңдату);
- ұнтағы алынатын материалдан жасалған айналмалы электродтың сыртқы бетінен тозаңдату;
- айналмалы тигельге немесе жалпақ дискіге берілетін балқыманы тозаңдату.
9-сурет. Соққымен тозаңдату сұлбасы:
1 – электрмен қыздырылатын тигель; 2 – қырлары; 3 – тозаңдатылған ұнтақ бөлшектері
Балқыма ағынын механикалық тозаңдату кезінде сұйық металл алдын ала 700-750 °С дейін қыздырылған тигельге құйылады (9 сурет). Тигельдің түбіндегі отқа төзімді дюза арқылы ағын тозаңдату камерасына түседі. Сол жерде ағын айналатын тәрелке күрекшелерінің соққыларымен бұзылады.
Пайда болған ұнтақ бөлшектері тозаңдату камерасына берілген сумен суытылады.Ұнтақтың алынуы негізінен металл ағынына берілген күрекше соққыларын, металдың берілуіне және оның тұтқырлығына байланысты.
Айналу жылдамдығы әдетте 2800-4000 айн/мин құрайды. Ұсақ фракциялардың пайыздық үлесі күрекшелердің ағынмен соқтығысу санымен өседі, бірақ секундына 1400 соқтығысудан кейін өзгеріссіз қалады.
Айналмалы электрод әдісінде оның ұшында балқыма қалыптасқан сәтте тозаңдату жүргізіледі (электр доғасы, электронды сәулемен, плазма және энергияның басқа көздерімен). Айналу жылдамдығы 2000-ден 25000 дейін шығындалатын электрод ұшында қалыңдығы 10–30 мкм балқыма қабықшасы пайда болады, ол центрден тепкіш күш әсерінен шетке қарай ығысып, оның қырынан өлшемі 100–200 мкм бөлшектер-тамшылар түрінде үзіледі де (шығындалатын электрод диаметрін және оның айналу жылдамдығын ұлғайту бөлшектер-тамшылар өлшемін азайтады, олардың кристалдануы инертті газ атмосферасында жүреді.
Айналмалы электрод қырынан балқыманың тозаңдатылуы электр доғасының жылуы есебінен ұнтақтардың пайда болуымен бір уақытта жүреді, бұл кезде екінші электрод балқымайтын болады (10 сурет) немесе тәуелсіз көзден, мысалы, плазмалық ағыннан немесе электронды сәуледен қызу есебінен жүреді.
а
10-сурет. Айналмалы электрод әдісімен тозаңдату сұлбасы:
а – тозаңдатылатын материалды айналыммен тозаңдату; б - өзге қыздыру көзден электродты балқыту арқылы центрден тепкіш күшпен тозаңдату; R - тигельдің сыртқы радиусы; 1-вольфрам электроды; 2 – электродты қозғалту механизмі бар электродұстағыш; 3-электрлік доғасы; 4 – тозаңдатылатын материалдан жасалған айналмалы электрод; 5 – алынатын ұнтақ; 6 - тозаңдатылатын электрод; 7 - айналатын тигель
Дата добавления: 2017-02-20; просмотров: 117;