Бақылайтын елді мекендер
Атмосфералық ауаның ластануын тексеру кезінде келесі қоспалар анықталады: қалқыма
заттар, қалқыма бөлшектер, РМ-10, күкірт диоксиді, суда еритін сульфаттар, көміртегі диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, озон, күкіртті сутек, көмірсутектердің қосындысы, фенол, фторлы сутегі, хлор, хлорлы сутегі, аммиак, метан, метанды емес көмірсутектер, күкірт қышқылы, формальдегид, күшәләнің (мышьяк) бейорганикалық қосындылары, кадмий, қорғасын, мырыш, хром, мыс. Атмосфераның ластану деңгейі атмосфераның
кешенді ластану индексінің (АЛИ5) мәні бойынша бағаланды, ШЖК мәндерінің ең жоғары болып нормаланатын бес зат бойынша олардың қауіптілік санатын ескере отырып есептелді, сонымен қатар ШЖК артуы бойынша да бағаланды. Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасында зиянды заттардың мөлшері жоғары болып қала береді. 2011 жылы ластанған қалаларға (АЛИ5 ≥ 5) 10 қала жатқызылды, оның ішінде ауаның ластану
деңгейі жоғары (АЛИ5 ≥ 5) – 7 қала: Шымкент, Теміртау, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Тараз, Жезқазған. Ауаның ластанудың ең жоғары деңгейі 2011 жылы Шымкент қаласында (АЛИ5 – 13,3) анықталды (1-кесте). Атмосфералық ауаның ластануының экстрималды жоғары болу жағдайы республика аумағында тіркелген жоқ. 2012 жылы ластанған қалаларға (АЛИ5 ≥ 5) 11 қала жатқызылды, оның ішінде ауаның ластану деңгейі жоғары (АЛИ5 ≥ 7) – 8 қала: Алматы, Қызылорда, Шымкент, Теміртау, Өскемен, Қарағанды, Тараз, Жезқазған. Ауаның ластанудың ең жоғары деңгейі 2012 жылы Алматы қаласында
(АЛИ 5 – 10,5) анықталды. Қазақстан Республикасы аумағында 2012 жылы атмосфералық ауаның жоғарыластанудың (ЖЛ) 4 жағдайы анықталды: Алматы қаласында 1 ЖЛ жағдайы, Қарағанды облысының Балқаш қаласында 3 ЖЛ жағдайы. 2013 жылы ластанған қалаларға (АЛИ5 ≥ 5) 9 қала жатқызылды, оның ішінде ауаның ластану деңгейі жоғары (АЛИ5 ≥ 7) – 6 қала: Алматы, Қызылорда, Шымкент, Өскемен, Тараз, Қарағанды. Ауаның ластануының ең жоғары деңгейі 2012 жылы Алматы қаласында (АЛИ 5 – 11,5) анықталды.
2014 жылғы есептеулер бойынша ауаның ластану деңгейі жоғары (АЛИ5 – 7-13) – 7 қала:
Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Лисаковск, Алматы, Өскемен, Шымкент анықталды.
6 елді мекенде ластанудың жоғары деңгейіне (АЛИ–5-6) Ақтөбе, Атырау, Риддер, Павлодар, Тараз және Глубокое кенті жатқызылды. Ластанудың төмен деңгейіне жатқызылғандар (АЛИ–0-4): Жаңаөзен, Құлсары, Ақсу, Рудный, Түркістан, Зыряновск, Қостанай, Көкшетау, Ақтау, Балқаш, Талдықорған, Петропавловск, Ақсай, Арқалық қалалары, Төретам кенті, Ақай кенті, Щучье-Бурабай курорттық аймағы және Мемлекеттік ұлттық бақтар (Бурабай ФМКС). Қазақстан қалаларының жоғары ластану
деңгейінің басымдылық тізіміне металлургия, химия және мұнайхимия және жылу энергетика кәсіпорындары орналасқан, негізінен шығыс (Өскемен, Риддер), оңтүстік (Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары) және орталық (Қарағанды, Теміртау, Жезқазған) аймақтарының қалалары кіреді. 2.3 кестеде елді мекендерде айтарлықтай өзгерістер байқалмағандығы көрініп тұр.
Дата добавления: 2016-12-26; просмотров: 987;