Тұндырғыштар
1. Түрленуі және конструкциялары мен қолданылуы
2. Есептеу және пайдалану ерекшеліктері
Осы кезге дейінгі әзірленген бір бірінен конструкциясы, сонымен қатар әсер ету принципі бойынша өзгешеленетін газ тазалау жабдықтарын дәйекті топтастыру мүмкін емес. Тазалау тәсіліне қарай қолданыстағы барлық шаңұстағыштарды құрғақ, ылғал және электрлік тазалау деп топтастыруға болады.
Құрғақ тәсілде газ ағыны қатты шаң түйіршігін бөліп алуды тұндыру, екпінді әсермен, центрден тебу және сүзумен іске асыруға болатын болса, ал ылғал әрекеттегі шаң ұстағыштарда тазалауды шаңды газға сұйықпен шаю немесе шаң түйіршіктерін сұйық фазаның құрылымдық құраушылармен тиімді атқаруға болады. Электр сүзгіштерде шаңды газдан бөліп алуды оларға электрлік зарядты қабарлауменен іске асырылады. Зиянды газ тәріздес компоненттерді сорбциялық типтегі аппараттарда ұстауға болады. 1-суретте өнеркәсіпте қолданылатын газ тазалау аппараттарын топтастырылудың схемасы келтірілген.
1-сурет. Шаңұстау аппараттарының топтастырылуы,
Тұндыру камералары. Бұл аппараттарда шаң түйіршіктерінің газ толасынан бөлініп түсуі гравитация күшінің ықпалымен жүреді. Шаң түйіршіктерінің тұну тиімділігі елеулі дәрежеде түйіршіктің камерада болу уақытымен анықталады және де бұл аппараттың тиімді аэродинамикалық жағдайда қалыптастырылуы мақсатында үлкен өлшемде болуын шарттайды.
Аппараттағы қолайлы аэродинамикалық жағдай орын алу үшін түйіршіктің тұну уақыты to=H/Wb, оның камерада болу уақытынан t пр=L/Wr артып кетпеуі тиіс; яғни H/Wb˂L/Wr
2-сурет. Шаң тұндыру камерасының схемасы.
Жуықша есептеулерде шаң түйіршіктері камера бойымен газ ағынының жылдамдығына Wr бара бар, жылжып отырып төмен қарай қалықтау жылдамдығына Wb тең болатындай жылдамдықпенен құлдырайды. Тұну камераларында жүретін процес горизонтал газ тазалау құбырларында да байқалады.
Екпінді шаңұстағыштар. Екпінді шаңұстағыштардың жұмысы шаңды газ ағының қозғалу бағытының кез келген өзгеріс кезінде екпінді күш ықпалыменен шаң түйіршіктері ағыс желісінен тыс қалуына негізделген, мұның нәтижесінде олар ағыс ішінен тыс шығып, ұстауы мүмкін.
Сонымен қатар шаңды газдан газдың қисықсызықты ағысынан сеперациялауыменен және екпінді шағылыстыру принціпіменен бөліп алуға болады.
Шаң түйіршіктерінің газ ағысының қисық сызықты қозғалысында оған келесі екі күш ықпал етеді: аэродинамикалық, яғни түйіршіктің газ ағынында Wr жылдамдықпенен қозғалуға ұмтылатын.
Екінші типтегі шаңұстағыштарда шаң түйіршіктері газ ағынынан, біріншіден торларды есіп өтуі кезіндегі шиырылуы кезіндегі екпіндеу күші ықпалыменен, екіншіден пластинаға тікелей соқтығысуы кезіндегі жылдамдығы мен бағытын жоғарлатудың нәтижесінде кейін қалуына негізделген. Екі жағдайда да шаң түйіршіктері бәсеңдеу жылдамдықтағы ауа бөлігіне өтеді.(1)
Лекция
Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 2605;