Дөңгелектер жұбы мен буксалар

Дөңгелектер жұбы – жылжымалы құрамның ең жауапты бөлігі. Ол жылыжмалы құрамнан түсетін бар салмақты қабылдайды. Локомотивтердің дөңгелектер жұбы және мотролы вагондардың дөңгелектер жұбы қозғалтқыштан пойыздың басу қозғалысына берілетін айналу қозғалысын өзгертеді.

Дөңгелектер жұбы осьтерден, екі дөңгелек орталығынан, бандаждардан, бір немесе екі үлкен тісті дөңгелектерден және тарту редукторының мойынтіректі торабынан тұрады.

Остің ұзындығы бойынша түрлі диаметрлі дөңгелек көлденең тесігі бар. 2.31 суретте бума мойындары 1, басқымалы 2 және басқыш бөліктер 3, ішкі мойындар 4 және ортаңғы бөлік көрсетілген

 

 


2.31 сурет. ВЛ60, ВЛ80 және ВЛ10электровозының дөңгелектер жұбының осьтері.

 

Букса мойындары 1 оларға букса мойынтіректерін орналастыру үшін қызмет етеді. Ең үлкен диаметр басқыш бөлікте 3, оларға дөңгелек орталықтары престелген 4 және онда тісті дөңгелек отыр. Ортаңғы бөлік мотор-осьтік мойынтіректер үшін тірек қызметін атқарады. Букса мойындары мен басқыш бөліктерінің арасында аралық басқышалды бөліктер 3 орналасқан, олар мойын диаметрінен (180 мм) басқыш бөлік диаметріне (235 мм) ауысуды қамтамассыз етеді.

Локомотивтерде және моторлы вагондарда көбінесе дискілік және спицалық дөңгелектер орталығы қолданылады. Спицалық дөңгелек орталығы жиектен, спицалардан және ступицадан тұрады.

Мұндай дөңгелектер орталығы ВЛ19, ВЛ22м, ЧС2, ЧС4 электровоздарында, 2ТЭ136 тепловоздарында және электровоздарының моторлы вагондарында қолданылған.

Дөңгелектердің дискілік орталықтарын мартен болатынан құяды. Дөңгелектің сыртқы бөлігі жиек, ішкі бөлігі – ступица – механикалық өңдеуден өтеді.

Дөңгелектер орталығына ыстық бандаждар кигізіледі, оның үсті өңделіп, оған коникалық нысан береді – коникалық пішін. Багдаж материалдары ретінде сапасы жоғары көміртекті болат алынады, өйткені бандаж қатты және тұғырлы босауы тиіс, соғылуларға шыдамды болу үшін. Бандаждың сыртқы беті рельске тиеді, ол сырғанау беті деп аталады. Банадаждың ішкі жағында шығып тұратын гребень болады, ал локомотивтердің рельстен шығып кетуіне кедергі жасайды. Егер бандаждардың диаметрі сырғанау шеңбері бойынша тұрақты болғанда, сыртқы рельспен сырғанайтын бір дөңгелек сырғанайтын еді, бұл бандаждың тозуына әкеліп соғады. Орталық күш әсермен қисықтардың қозғалуы кезінде дөңглектер жұбы ішкі рельске қарай ауысады. Мұнда сыртқы дөңгелек сырғанаудың үлкен шеңбері бойынша сырғиды, ал сыртқы шеңбері бойынша.

Бандаждың стандарттық пішіні (2.32 сурет) гребеньнен 1 және екі коникалық беттен: негізгі – конустырықпен 1:10 (1:20 еңіс) және бүйірлі конустылықпен 1:3,5 (1:7 еңіс), сонымен қатар 450 бұрышпен бүйірлі фаскадан тұрады.

 

6 > 1:7
>1:20

2.32 сурет. Дөңгелектер жұбы бандаждарының пішіні

 

Бандаждың үстіңгі беті цилиндрлік, оның дөңгелектер орталығы ілмесін тіреуге арналған буртигі 2 және пружиналық сақинаға арналған пазы 3 бар, ал бандажды ілмеде фиксациялайды.

Бандаж дөңгелектер жұбының тез тозатын бөлігі болып табылады. Тозудың негізгі түрі – сырғу бетінің прокаты оның пішінінің дұрыс нысанын жоғалту, сонымен қатар гребеннің тозуы.

Тозу деңгеіне және прокаттық шегіне жеткен шамасына жетуге қарай дөңгелектер жұбы бандаждың қажалуына ұшырайды, ол кезде олардың бастапқы кешені қалпына келеді.

Тартқыш жылжымалы құрамның дөңгелектер жқбын құрастыру және күту бойынша нұсқаулық талаптарына жауап беруі тиіс.

әр дөңгелектер жұбының осінде құрастыру уақыты мен орны туралы белгілері, оны құрастыру кезіндегі қабылдау туралы таңба, тағы басқа мәліметтер болуы тиіс..

 

2.33 Сурет. Электровоздың дөңгелектер жұбының құрылысы. 1,5 – бандаж; 2 – дөңгелек орталығы; 3 – басқыш; 4 – диск; 6 – ось; 7 – бандаж сақинасы;

 

 

Буксалар салмақты токомотвтен дөңгелектер жұбының осьтеріне түсіру үшін қызмет етеді. Олар түсіретін тарту және тежеу күштерін арба рамасына береді. Буксалар болаттан құйылған корпустан, 25 Л ІІ болаттан құйып алынаған мойынтіректерден, лабиринтті сақиналардан құрылады.

Букса корпусы мойынтіректер мен ось мойын топырақ пен ылғалдан қорғайды, ал ЖРО майымен толтырылған, ол май мойынтіректерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Тораптың ішкі бөлігі цилиндр формалы болады.

Мойынтіректер ішкі және сыртқы сақинадан тұрады, олардың сепараторда – роликтер бар. Ішкі сақиналарды осьтің мойнына тартып орнатады, сыртқыны бос қылып орнатады. Мойын диаметрі, подшипниктер көлемі салмақ түсу және жылдамдықпен анықталады.

Электровоздың момторлық вагонының буксалары: осьтің ьасқыш алды бөлігі (2.34 сурет) лабиринттік сақинаны 12 пресстейді. Содан кейін мойынға ішкі дистанциялық сақинаны 2 және мойынтіректің ішкі сақинасын 10 кигізеді. Ары қарай букса мен бар сеператорлар салынған.

Оське престелген бөлшектерді қуатты гайкамен 8 тартып бұрайды, ол гайканы бөгеу планкасымен 7 диксациялайды. Планка бүйір бетке екі болтпен бекітілген. Букса сыртынан қақпақпен жабылған, қақпақтың фрикциялық амортизатор тізгініне арналған кранштейні бар. Дөңгелек жақтан буксаны тығыздау сақинада 14 орналасқан лабиринттерден және букса корпусынан тұрады.

Артқы жағында да қақпағы болады. Буксаның лабиринттік бөлігінің түрі лабиринт сақинасындай және терең канавкалары бар, сол арқылы тығыздау жасалады да, май ағып кетпейді.

Букса торабында рессорлық ілменің бірінші сатысын орналасқан, ол дөңгелектер жұбымен соғылады. Қалған тербелістер арба рамасы арқылы екінші орталық ілмеге беріледі.

Букса корпусының рессор қондырғысының астына сатылы түрде қойылған қанаттары бар (2.35 сурет) және тізгіндерді бекітуге арналған екі приливі бар. Тізгіндердің бір ұшы валик көмегімен рама кранштейнімен жалғасқан, екінші букса приливімен жалғасқан.

Приливтер мен кранштейндердің қисық тәрізді пазалары бар, оларға тізгін валиктерінің ұштары кіріп, болттармен бекітіледі. Тізгіндер валикке тартылып, радиометалл төлкелерінің көмегңмен отырғызылған. Олар дөңгелектер жұбының екпін алуын ұзындығынан бағытта 1 мм дейін, көлденең бағытта – 7,5 мм дейін шектейді. Буксаның тірек беттерінде резеңке амортизаторлар орналасады, олар болат стакандарымен армирленген. Пружиналардың үстіңгі тірек стакандары болады.

 

2.34 Сурет. Электропойыздың моторлы вагонының буксасы.

 

 

2.35 Сурет. ІСЕ пойызының буксалық торабы.








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 3293;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.