Бейімделмеген синхросигнал қабылдағыштары
Бейімделмеген синхросигнал қабылдағышының құрылымдық сұлбасы 11.7 суретте көрсетілген. Топтық ИКМ сигнал анықтағыш кірісіне түседі, бұл анықтағыш 11.4 суретте көрстеілген сұлба бойынша құрылған. Анализатор ЖОҚ және ЖӘНЕ1 сұлбалардан (элементтер) тұрады. ЖӘНЕ1 сұлбасының шығысындағы импульстің пайда болуы уақыт бойынша синхросигналдың және ГЖқаб бақылау импульсінің сәйкес келіун білдіреді. ЖОҚ сұлбасының шығысында импульстің пайда болуы ГЖқаб бақылау импульсінің пайда болу мезетінде синхросигналдың жоқтығын білдіреді.
Шешуші құрылғы (ШҚ) синхронизмнен шығу бойынша жинаушыдан, синхронизмге ену бойынша жинаушыдан және ЖӘНЕ2 сұлбасынан тұрады.Синхронизмге ену және синхронизмнен шығу бойынша жинаушылар тастауы бар есептеуші сұлбасы бойынша іске асқан. Синхронизмнен шығу бойынша жинаушы топтық ИКМ сигналда синхросигнал құрылдымы өзгергенде, синхронизмнен жалған шығуды болдырмайды. Әдетте синхронизмнен шығу жинаушы төрт-алты разрядтардан тұрады (11.7 суреттегі жинаушы төрт разрядтан тұрады). Бұл синхросигнал қабылдағышының топтық ИКМ сигналдың синхротобында болатын бұрмаланулардан қорғайды.
Синхронизмге ену бойынша жинаушы синхросигнал қабылдағышының жалған синхронизмнен қорғайды. Әдетте синхронизмге ену бойынша жинаушы екі-үш разрядтан тұрады (11.7 суретте жинаушы үш разрядтан тұрады).
ГЖқаб жұмысын басқару ЖӘНЕ2 сұлбасымен іске асады, ол синхронизмді іздеу режимінде синхросигнал келгенде разрядты РТ және арналық АТ таратқыштарды бастапқы жағдайға орнатады, осымен олардың жұмысының басын анықтайды. ЖӘНЕ3 сұлбасының шығысында ГЖқаб синхронизмнің бақылау импульстері құрылады. Бұл импульстің уақыт бойынша пайда болуы белгілі бір арналық интервалдың белгілі бір разрядты интервалында тактылы жиілікке сәйкес жұру керек. Бұл үшін үш кірісі бар ЖӘНЕ сұлбасы қолданылады.
Сурет 11.7 – Бейімделмеген синхросигнал қабылдағышының құрылымдық сұлбасы
Циклдық синхросигнал қабылдағышының бұндай құрылу әдісінің кемшілігі синхронизмге ену және шығу жинаушыларының көлемінің мағыналары фиксацияланған, ал синхронизм жаңылысы кезінде оны іздеу тек қана синхронизмнен шығу уақыты жиналғанда ғана іске асуында. Желілі трактта қателік ықтималдығы ұлғайғанда, яғни топтық ИКМ сигналда синхронизмды ұстау уақыты да, синхронизмнен шығу бойынша жинаушымен анықталатын бұл уақыт талап етілетін мағынадан аз болады, ал қателіктер ықтималдығы азайғанда синхронизмді ұстап қалу уақытының қоры азаяды, яғни синхронизмнің қалпына келу уақыты көбейеді. ЦБЖ желілі тракттың қателік ықтималдығы алдын ала нақты орнатылмайтындықтан, бейімделмеген синхросигнал қабылдағыштарында ешқашан синхронизмнің қалпына келу уақытының тиімді пармерлерін алу мүмкін емес.
Аталған кемшілік топтық ИКМ сигналды бір емесс бірнеше ЦБЖ бергенде өте маңызды болады. Осы кезде егер кабельді желілермен беру төмен қателіктер ықтималдығымен (10-6 аз емес) іске асса, радиорелелі және спутниктік желілерде қателіктер ықтималдығының 10-3 өсуі мүмкін. Сондықтан құрамдас ЦБЖ ұйымдастырғанда синхросигнал қабылдағыштарының жинаушы құрылғылары жоғары қателіктер ықтималдығы режиміне сәйкес болуы тиіс. Бірақ бұл талап жинаушы көлемі фиксацияланған болған кезде іске асуы мүмкін емес. Бұдан басқа бейімделмеген синхросигнал қабылдағышына синхронизмнің қалпына келу уақытының ұзақтығы тән.
Аталған кемшіліктер бейімделген синхросигнал қабылдағыштарын қолданғанда болмайды, бұл қабылдағыштарда синхронизмге ену және синхронизм редимін іздеу процесстері параллельді жүреді.
Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 733;