Диалкиламиноацетанилид туындыларының препараттары
Диалкиламиноацетанилид туындыларының медицинада қолданылатын препараттары: тpимeкаин және ксикаин, оларды бір-бірінен бензол сақинасындағы метил тобының санына байланысты ажыратады.
Алынуы:
Осы сызбамен ксикаинді 2,6-диметиланилиннен синтездейді.
Trimecainum
Xycainum
Физикалық қасиеттері.Ақ не сары жолақты кристалды ұнтақтар, суда өте оңай (тримекаин, Т.бл.137-142°С), (ксикаин, Т.бқ. 128-129°С) ериді, спирт, хлороформда оңай ериді, эфирде ерімейді.
Химиялық қасиеттері. Препараттарды сілті немесе қышқыл ерітінділерімен қыздырғанда бастапқы синтез өнімдері түзіледі: 2,4,6-триметиланилин және 2,6-диметил-аиилин. Олар біріншілік аимндер ретінде азобояу реакциясына түседі:
Тримекианді дикаин, новокаиннен ажырату реакциясы 155-165°С (майлы монша) мыс (II) сульфаты және концентрлі күкірт қышқылымен қыздырып, суыған соң аммиак ерітіндісімен әрекеттестіргенде көк бояу түзіді, УК-сәуледе қызыл флуоресценция береді.
Екніші тәсіл микрокристаллоскопия реакциясы, заттық шыныға 1 тамшы препарат ерітіндісі, 0,1 М калий дихроматы мен күкірт қышқылын қосады, 5-10 мин соң ине тәрізді кристалдар пайда болады
Препараттар хлорид-ионға оң нәтиже береді.
Сандық бағасынбайланысқан хлорсутек қышқылымен береді.Препаратты бейтараптау (фенольфталеин бойынша) немесе аргентометрия (хлорид-ион) әдісімен анықтайды.
НҚ бойынша тримекаин сандық сусыз титрлеу әдісімен анықталады, титрант 0,1 М хлорлы қышқыл, индикатор кристалды күлгін.
Сақталуы. Препараттар Б тізім бойынша сақталады.
Қолданылуы.Тримекаин және ксикаин жергілікті анестетик ретінде инфильтративті (0,25-0,5%-ерітінді) және өткізгіш (1-2%-ерітінді) анестезияда қолданылады.
Көрнекті материал:
- кестелер;
- презентация Microsoft Power Point.
Әдебиеттер:
Негізгі
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы.-Алматы: «Жибек жолы».-2008.-Том 1.-592 п.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы.-Алматы: «Жибек жолы».-2009.-Том 2.-804 п.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы.-Алматы: «Жибек жолы».-2014.-Том 3.-856 п.
4. Арыстанова Т.А. Жалпы фармацевтикалық химия. Оқу құралы.-Алматы: Эверо.-2013.-286 б.
5. Бейсенбеков А.С. Фармацевтикалық химия оқулығы.-Алматы.-1999.-140 б.
Орыс тілінде
1. Арыстанова Т.А. Общая фармацевтическая химия/Учебное пособие.-Алматы: Эверо.-2013.-238с.
2. Арзамасцев А.П.. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр.-М.:ГЭОТАР-Медиа.-2006.-640 с.
3. Беликов В.Г. Фармацевтическая химия. В 2-х ч: учебное пособие, 4-е изд., перераб. и доп.-М.: МЕДпресс-информ.-2007.-624 с.
4. Ордабаева С.К. Анализ лекарственных препаратов, производных ароматических соединений.-2012.-270 с.
қосымша:
1. Арыстанова Т.А., Арыстанов Ж.М. Инновационные технологии в фармацевтическом образовании: обучение и контроль. Учебно-методическое пособие. – Шымкент.-2012.- 175с.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1660;