Демократияның алғышарттары.
Демократия қалыптасуы үшін бірқатар экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни, сырқы саяси жағдайлар керек.
1. Экономикалық алғышарттарға мыналар жатады:
* өндіріс пен экономиканың жоғары деңгейде дамуы,
*Әлеуметтік нарықтық қатынастың болуы;
*Урбанизацияланудың жоғары деңгейі;
* Өндіріс және тұтынудың динамикалық тепе-теңдігі.
2. Демократия дамуының әлеуметтік алғышарттары:
*халықтың әл-ауқатының салыстырмалы даму деңгейі;
*Әлеуметтік теңсіздік деңгейінің төмендеуі;
*қоғам құрылысында әлеуметтік плюрализмнің болуы;
*тұрғындардың сауаттылығы, жалпы білімділігі.
3.Тұрғындардың саяси мәдениеті де демократияның маңызды алғышарттары:
· саясат туралы оның әртүрлі салалары жөнінде белгілі бір деңгейде білімнің болуы;
· саяси құбылыстарға, партиялар мен қозғалыстар, жекелеген тұлғалар қызметтеріне дербес баға беру қабілетінің болуы;
· саяси қатысу белсенділігі:
· билік құрылымдары мен институттарының демократиялық саяси мәдениеті.
4.Демократияландырудың сырқы саяси алғышарттары:
*әскери араласу,
*саяси ықпал;
*экономикалық ықпал;
*мәдени-ақпараттық ықпал;
*демократия дамуына практикалық көмек, қолайлы көршілес қатынас.
Демократия тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі.
Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізудетікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, сасяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырад;халықтың белсенділігін дамытып,тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне,танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократиялануына жібермейді.
Тура демократияда референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сырқы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламент,үкімет басшысы немесе халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция,Италия елдерінде кең тараған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды.Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылды, 1995 жылы конституция қабылданды.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға
сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау
құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет,партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екіұшты сұрақтар қою және т.с.с арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.
Өкілдік демократиядахалықтың еркі депуттарға және биліктің өкілетті органдарына жүктеледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары-еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайдайтын адамдардың күзіреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – жағы сайлау аралығында халықтың биліктен шеттелуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.
Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 2382;