Тақырыбы: Жүргізіп жіберу қасиеттері жақсартылған қозғалтқыштар

Жоспар: 1.Жалпы мағлұматтар

2. Жүргізіп жіберу қасиеттері жақсартылған қозғалтқыштар

 

Қысқа тұйықталған роторлы қозғалтқыштардың құрылысының өте қарапайым және пайдалану сенімділігі жоғары болуы олардың елеулі артықшылығы болып табылады. Сондықтан олар өндірісте кеңінен қолданылып отыр. Бірақ бұл қозғалтқыштардың жүргізіп жіберу сипаттамалары нашар. Олардың жүргізіп жіберу сипаттамаларын ротордың құрылысын өзгерту арқылы жақсартуғаолады. Ол үшін қос қысқа тұйықталған орамалы және науаншалары тереңдетілген ротор қолданылады. Қос қысқа тұйықталған ротордың құрылысын бірінші рет И.О. Доливо-Добровольский 1889 жылы ұсынған. Ротордың екі қысқа тұйықталған тиын торына ұқсаған орамалары болады (14,а - сурет). Жоғары А және төменгі Б орамаларының науашаларының саны әртүрлі немесе бірдей болуы мүмкін. Сыртқы орамасы А көлденең қимасы кіші стерженьдерден жасалынады. Сондықтан А орамасының активтік кедергісі В орамасының активтік кедергісінен анағұрлым үлкен (RA³RБ) болады. Ішкі Б орама стержені ротор денесінде терең жатқандықтан және оның айналасы болатпен қоршалғандықтан ішкі ораманың индуктивтік кедергісі оның сыртқы орама стерженінің әлдеқайда көп (RБ³RА).

14-сурет. Ротор құрылысьгның схемасы;

а — қос қысқа тұйықталған орамамен, б — терең пазамен

 

Бұл қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі мынадай. Қозғалтқышты жұмысқа қосу сәтінде ротор қозғалыссыз және ротор тогының жиілігі желі тогының жиілігіне тең f2=f1 . А және Б орамаларында ток олардың толық кедергілеріне кері пропорционал таратылады. Асинхронды машианалардың орамаларының реактивтік кедергілері олардың активтік кедергілерінен айтарлықтай көп болғандықтан, жүргізіп жіберу кезінде А және Б орамаларындағы ток таралауы , шамамен олардың индуктивтік кедергілеріне кері пропорционал. Сондықтан жүргізіп жүру кезінде ток негізінен, орамасының өткізгіштері арқылы өтеді. Осы ораманы жүргізіп жіберу орамасы деп аталады.

Жұмыс режимінде жылжыма шағын болғандықтан ротордағы токтың жиілігі де шағын (f2=0).Сондықтан орамалардың индуктивтік кедергілердің мағынасы болмай, А және Б орамаларындағы токтар олардың активтік кедергілеріне кері пропорционал болады. Сонымен, жұмыс режимінде ток негізінен, шағын активтік кедергісі бар ішкі Б орамасының өткізгіштері арқылы жүреді. Бұл ораманы жұмыстық орама деп атайды. Ротордың осындай құрылысы қозғалтқышты жүргізіп жіберу сәтінде оның орамасының активтік кедергісін көбейтуге мүмкіндік береді. Ол жүргізіп жіберу реостатын фазалық ротор тізбегіне қосқандағы сияқты, жүргізіп жіберу тогын азайтып, жүргізіп жіберу моментін көбейтеді.

Роторының тереңдетілген науашалары бар қозғалтқыштарда ротордың қысқа тұйықталған орамасы жұқа және биік жолақ түрінде жасалынады (14,б -сурет). Ораманың мұндай құрылысы кезінде өткізгіштердің төменгі бөліктерін қарағанда магниттік сейілу ағынының көпшілігімен ұстасуына байланысты өткізгіштің жоғарғы бөлігіне тықсыр құбылысы қозғалтқышты жүргізіп жіберу сәті кезінде күшті әсер етеді. Бұл кезде ротор тогының жиілігі желі тогының жиілігіне тең болады. Демек, жүргізіп жіберер кезде ротор ормасының активтік кедергісі артады да жүргізіп жіберу моменті өседі. Ротордың айналу жиілігі өскен сайын, оның орамасындағы токтың жиілігі азаяды да, стерженьдердің қимасымен ток біркелкірек таратылады. Ротордың қалыпты айналу жиілігінде стерженьдердің көлденең қимасындағы ток таратылуының біркелкісіздігі толық дерлік жойылады.

Мұндай текті қозғалтқыштардың жүргізіп жіберу моменті Мжж = (1¸5)М, ал жүргізіп жіберу тогы Іжж=(1¸4) Ін .

Сонымен, қос қысқа тұйықталған орамалары және тереңдетілген науашалары бар қозғалтқыштардың кәдімгі қысқа тұйықталған роторлы қозғалтқыштарға қарағанда жүргізіп жіберу моменттері көп, ал жүргізіп жіберу токтары аз болады. Бірақ бұл қозғалтқыштардың кәдімгі қысқа тұйықталған қозғалтқыштарға қарағанда жұмыс сипаттамалары нашар: соs j, ПЖК, максимал моменті аздау, өйткені ағындар сейілуі көп, яғни ротор орамаларының индуктивтік кедергісі үлкен.

Лекция








Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 2415;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.