Алиас. SQL Explorer. BDE Administrator
Дайындалған кестені Database Desktop утилитасының WorkDir бумасында ішінде арнайы құрылған MYDB ішкі бумасында сақтаған жөн. Оны іске қосу үшін файлға баратын жолды көрсету керек.
Берілгендер қорымен жұмыс істеу кезінде кестеге қол жеткізетін жолды енгізу көп қиындық туғызатын белгілі. Delphi-ге жолды тек берілгендер қорының атауымен алмастыратын тәсіл енгізілген. Мұндай атау бүркеншік атау не алиас деп аталады. Арнайы құрылған БҚ бумасын алиас түрінде қарастыру үшін Delphi құрамына енгізілген BDE утилитасы пайдаланылады. Borland корпорациясының берілгендер қоры.
Жалпы, BDE – Delphi-дің құрылған қосымшамен берлгендер қоры арасында байланыс орнатып, олармен жұмыс істеу жүйесі. Ол Paradox, dBase берілгендер қоры жүйелері үшін, ал соңғы кездерде Access , FoxPro үшін де басқару жүйесі болып табылады. Бірақ соңғы жүйелерге қол жеткізу үшін арнайы программаны пайдалану керек. BDE утилитасы берілгендер қоры кестелерімен жұмыс істеу үшін драйверлер деп аталатын арнайы программаларды пайдаланады. Оларға БҚБЖ-лерінің атауларымен бірдей атаулар берілген.
Ескерту. BDE-драйврлер екі түрлі жиынтықты, Біріншісі – жергілікті деп аталатын Paradox, dBase,FoxPro, InterBase,т.б. жүйелерімен жұмыс істеуге арналған. Кітапта берілгендер қоры кестесінен жұмыс істеу үшін бірінші жиынтықтың Paradox драйверімен жмыс тәсілі көрсетілген.
Delphi құрамында берілгендер қоры алиасын дайындауға арналған екі утилита бар:
SQL Explorer (SQL зерттеушісі (браузер));
BDE Administrator (BDEбасқарушысы).
SQL Explorer –ді пайдаланып, алиас дайындау технологиясы:
1.Database-Explore (Берілгендер қоры-Браузер) командасын беру
бейнеленген терезе шығады. Терезенің сол бөлігінде көрінгені – BDE жүйесінде тіркелген барлық берілгендер қорларының тізімі (тізімнен ағымдық қор таңдалған кезде терезенің оң жағында оның қасиеттері көрінеді)
2.Терезеден Object-New (Объект-Жаңа) командасын беру. New Database Alias сұхьаттық терезесі ашылады. Алғашқы рет онда көрінетін Paradox форматында құрылатын STANDARD алиасы. Онымен келісіп, ОК түймесмін шету. SQL Explorer терезесінде көрінген тізімге төртбұрыш ішіне алынған жаңа алиас кірістіріліп қойылады. Төртбұрыш - алиас үшін пайдаланылатын БҚ құрудың әлі аяқталмағандығының белгісі.
3.STANDARD 1 алиасын Database Desktop терезесінің WorkDir бумасы ішінде құрылған берілгендер қоры атауын MyDB деп алмастыру. Ол үшін STANDARD 1 АТАУЫН ТАҢДАП, Object-Rename (Объект-Атын өзгерту) командасын беру және клавиатура арқылы MyDB атауын енгізіп, КҚ клавишін басу керек.
Ескерту. Егер дайындалған алиас таңдалса, тізімнен терезенің қасиеттер жазылған бөлігінде DEFAULT DRIVER (үндемелер кездегі драйвер) қасиетіне PARADOX форматы жазылуы тұруы тиіс. Оның PATH (жол) қасиетіне толық жолды енгізіп қоюға болады. Толық жолды PATH қатарының оң жағын шеткен кезде көрінетін үш нүктеден тұратын түймені шертіп, ашылған терезеден таңдауға болады. Терезеде көрінген MyDB бумасы тағдалған кезде терезенің оң жағында онда сақтаулы кестелер тізімі көрінеді.
4.BDE жүйесіне енгізілген алиасты BDE –де тіркеу (сақтау). Ол үшін тізімнен MyDB атауын таңдап, Object –Apply (Объект –Қолдану ) командасын беру керек. Алиасты өзгерту сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Оның ОК түймесін шерту.
5.SQL Explorer терезесін жабу алдында MyDB алиасының ерекшеленуі белгісін алып тастаған жөн Алиасты формаға кестені не сұранысты шығару үшін пайдалануға болады.
Алиасты BDE Administrator арқылы дайындау:
Алиасты дайындау үшін SQL Explorer орнына Delphi құрамына енгізілген BDE Administrator конфигурациялау утилитасын пайдалану да мүмкін:
- Windows терезесінен Программы-Borland Delphi 5 – BDE Administrator командасын беру. BDE Administrator сұхбаттық терезесі көрінеді. Оның сол жақ бетінде көрінгендер – SQL Explorer терезесінде көрінетін BDE жүйсінде тіркелген барлық берілгендер қорларының тізімі.
- SQL Explorer терезесінде орындалатын жоғарыда белгіленген 2-5 пункттерді орындау.
Кестені ашу, редакциялау. Кестеге жаңа жазулар қосу
Кестені ашу
Database Desktop утилитасында сақтаулы кестені экранға шығару үшін оның терезесін ашып, File-Open – Table (Файл-Ашу-Кесте) командасын беру керек. Кестені ашу терезесі көрінеді. Терезенің MyDB ішкі бумасын ашып, әдеттегідей, онда жазылған кесте атауын таңдау, одан әрі Ашу үймесі шерту жеткілікті.
Database Desktop утилитасында сақталған кестені редакциялау қажет болса, кестені ашып, жөнделген өріске курсорды орналастыру керек. Одан әрі Table-Edit Data командасын беріп, өрісті редакциялап шығу қиын емес.
Кестеге жаңа жазу қосу үшін кестені ашып, курсорды соңғы жазудың бірінші өрісіне орналастыру және Table-Edit Data командасын беру керек. Одан әрі кестеге жаңа жазуларды әдеттегідей енгізіп, кесте терезесін жабу жеткілікті.
Ttable, TdataSource, TDBGrid компонеттері. Кестені формаға шығару
Формада Database Desktop утилитасында құрылған кестеге қол жеткізу компонеттер панелінің Data Access (Берілгендерге кіру) қосымша бетіне енгізілген Table, DataSource , Data Contorls (Берілгендеді басқару) қосыша бетіне енгізілген DBGrid компонеттері арқылы орындалуы мүмкін. Формаға орнатылған төмендегі компонеттердің негізгі іс-әрекеттері:
Ttable (Кесте) – кез келген БҚ кестесіне қол жеткізу;
TdataSource (Берілгендер көзі) – DataSet (Берілгендер жиынтығы) қасиеті арқылы нақты кестемен байланыс орнату;
TDBGrid (Берілгендер кестесі) – DataSource қасиетіне DataSource1 берілгендер көзін меншіктеп, терезесіне нақтыберілгендерді (кестені не сұранысты) енгізу. Ол үшін алдымен Table1, DataSource1 компонеттеріне ретімен көрсету қапжетті қасиеттерді меншіктеп алса болды.
Мысал, Database Desktop қосымша программасы арқылы құрылған Keste2.db кестесін формада орнатылған DBGrid компонетінің терезесін шығару керек.
1. Жаңа проект ашу.
2. Формаға Table1, DataSource1, DBGrid компонеттерін енгізу.
3. Компонеттер қасиеттерін орнату.
Компонент | Қасиет | Мән |
Table DataSource1 DBGrid1 | Name DatabaseName TableName Active Name DataSet Name DataSource Font | Table1 MyDB Keste2.db True DataSource1 Table1 DBGrid1 DataSource1 Timeskaz,10 |
Мұндағы Table1 компонетінің DatabaseName, TableName қасиеттерінің мәндері мәндер тізімдерінен таңдалуы тиіс. Оның орнына БҚ-на баратын жолды енгізу де мүмкін.
DBGrid 1 компонеттің DataSource (Беріңлгендер көзі) қасиетіне DataSource 1 мәні меншіктелген кезде, Table1 объектісінің Active қасиетіне True мәні меншіктелуіне байланысты, DBGrid компонеті терезесінің ішіне Keste2.db кестесі енгізіліп қойылады. Жалпы, Active қаситеті арқылы берілгендер жиынтығы ашылады және жабылады. БҚ – мен жұмыс істейтін қосымшаның құрамында бір Table және бір DataSource компонеттерінің болуы мүмкін. Олар формада орнатылған соң қасиеттеріне мәндер көрсетілген ретпен меншіктелуі тиіс.
DataSource1 компонеті өзінің DataSet (Берілгендер жиынтығы) қасиеті арқылы нақты кестемен байланысады. Ол – Table1 және DBGsid 1 компонеттерін келістіруші де.
Delphi-де TdataSet класы берілгендер қоры объектілерінің негізгілерінің бірі. Ол кестені ашуға пайдаланылатын, яғни, Table компонеті – TdataSet класының мұрагері. DataSet DataSource компонеттінің қасиеті ретінде пайдаланылуы да мүмкін.
Программа бойынша кестені жабудың баламалы екі әдісі бар:
1) Table1. Active:=False;
2) Table1.Close;
Кестені ашу әдісі: Table1.Active:=True;
Форманың DBGrid компонеті терезесіне енгізілген кестені сақтау үшін Delphi-дің негізгі терезесінен File-Save As командасын беру керек. Сақталған кестені форманың DBGrid терезесіне шығару әдеттегідей. DBGrid компонеті терезесіне енгізілген кестені алып тастау үшін Table1
компонетінің Active қасиетіне False мәнін меншіктесе болғаны.
Ескерту. Тақырыта Table, DataSource, DBGrid компонеттерін пайдаланып, кестені формаға шығару тәсілі көрсетіледі. Формада DataControls бетінен DBText компонетін орнатып, оған кесте жазуы бір өрісінің мәнін кірістіруге де болады. Ол үшін компонеттің DataSource қасиетінің DataSource1 мәнін, DataFiled қасиетіне Tabel-дың қасиеттер терезесіне енгізілген кестенің өріс атауын қосымша кірістірсе болғаны.
Форма шебері. TscrollBox, TDBNavigator компонеттері
Database Desktop утилитасы арқылы құрылған кестені форма шығарудың екінші тәсілі – Форма шебері программасын пайдалану:
- жаңа проект ашып, Database-Form Wizard (БҚ-Форма шебері) командасын беру. Шебер іске қосылып, оның бес қадамдық терезесінің біріншісі көрінеді. Онда Great a simple form (қарапайым форму құру) және Great a form using Ttable objects (Кесте нысаны қолданатын форма құру) ауыстырып қосқыштары орнатылып қойылған.
- Терезенің Next (келесі) түймесін шерту. Екінші қадам терезесіне көрінеді.
- Терезенің бумалары енгізілген пенелінің MeDB бумасын таңдау. Кестелер тізімі панелінде MyDB-жазулы есте атаулары көрінеді.
- Олардың ішінен қажетті кестені таңдап, Next түймесін шерту. Сол жақ панеліне өріс атаулары жазылған үшінші қадам терезесі көрінеді.
- Терезенің >> түймесін шерту. өріс атаулары оң панельге көшіріледі.
- Next түймесін шерту. Кестені формада көрсету тәсілдері азылған төртінші қадам терезесі көрінеді. Терезенің ln a grid (торға) не Horizontally (Көлденең ) ауыстырып қосқыштарының бірін таңдау. Олардың біріншісі кестені формаға енгізілген DBGrid компонетінің терезесіне кірістіру үшін, екіншісі осы терезеде кестенің жеке жазуларын көрсету үшін арналған.
In a grid ауыстырып қосқышын таңдау кезінде орындалатын әрекеттер:
1) In a grid таңдалған соң Next түймесін шерту. Форма құру (Form Only ) ауыстырып қосқышын орнатылған соңғы терезеге көрінеді.
2) Терезенің Finish (соңғы) түймесін шерту. DBGrid, Table1 компонеттерінің қасиеттерін орнату. DBGrid1 терезесіне Keste2.db кестесі енгізіліп қойылады. Форма шеберінің төртінші қадам терезесінде Horizontally ауыстырып қосқышы таңалып, соңғы терезеде –Finish түймесі шертілген кезде Form3 формасы көрінеді. Оның In a grid ауыстырып қосқышы таңдалған соң көрінетін формадан айырмашылығы – ішіне, DBGrid терезесінің орнына, автоматты түрде Table1, DataSource1, ScrollBox, DBNavigator компонеттері орнатылып қойылған. TscrollBox (Айналдыру облысы) – ішіне көптеген нысандарды орнатуға мүмкіндік беретін компонент. Оның ішіне кестенің өріс атаулары мен ағымдық жазуы енгізілетін Label1, Edit өрістері орнатылып қойылған.
Кесте жазуларын енгізу үшін орындалатын әрекеттер:
- ScrollBox компонетінің Font қасиетіне қазақ шрифтін меншіктеп, Table1, DataSource1 компонеттерінің жоғарыда көрсетіліп кеткен қасиеттерін орнату. өрістерге кестенің бірінші жазуы енгізіліп қойылады.
- Іске қосу командасын бер. Форма қайта көрініп, DBNavigator компонетінің
түймелері қосылып қойылады. Түймелерді шертіп, Edit өрістеріне кестенің қалаған жазуын шығару қиын емес. Кестеге жаңа жазулар қосуға, жазуды редакциялауға да болады.
Сұраныс. Tqure компоненті. SQL тілі жөнінде
Кесте мазмнын толық ашып көрсетпеу үшін берілгендер қорының иесі басқа адамға оның барлық жазуларын емес, белгілі шарттарды қанағаттандыратын кейбір жазуларын не өрістерін ғана көрсетуі мүмкін. Delphi-де арнайы программа арқылы кестенің қажетті үзіндісін не түрлі кестелерден алынған берілгендер жиынтығын экранға шығаруға болады. Негізгі кестемен жаңылыстырмас үшін әдетте мұндай үзінділерді сұраныс деп атайды, сұраныс түрі әдеттегідей кесте түрі сияқты.
Берілгендер қорын проектілеу, тиімді пайдалану үшін қажетті сұраныстар құру қиындығы программаларды құру қиындығынан кем емес. Қазіргі коммерциялық қосымшаларда берілгендер қоры әрқайсысы жүздеген өрістерден тұратын мыңдаған кестелерден тұрады. Бір не бірнеше кестені пайдаланып, түрлі сұраныс құруды MS Access сияқты берілгендер қорын басқару жүйелерінде орындау көп қиындық келтірілмейді. Рұқсат етілмеген адамдардың таныса алмауы үшін берілгендер қорын пароль арқылы не кесте өрістерін идентификатор арқылы қорғап қою да мүмкін.
Мақсатына қарай, сқранысты түрлі түрде құру мүмкін. Кітапта Delphi жүйесінде сұраныс құрудың көптеген тәсілдері көрсетілген. Сұраныс құрудың көптеген тәсілі – компоненттер палитрасының Data Access бетіне енгізілген Query (Сұраныс) компонетін формада орнатып, сұраныстар тілі деп аталатын SQL тілінде жазылған командалық мәтінді пайдалану. SQL – БҚ үшін сұраныстар құруға арналған арнайы тіл. Оның құрамында берілгендермен жұмыс істейтін түрлі категориялы берілгендерді анықтау тілі және берілгендерді басқару тілі енгізілген. Оларда пайдаланылатын кілттік сөздер 30-ға да жетпейді:
Great Table (кесте құру), Great View (атау берілген бос кесте құру); Select (іріктеу), Insert (кірістіру), Delete (жою), Update (өзгерту)т.б.
Жалпы, SQL тілі арқылы бір не бірнеше кестенің берілгендері енгізілетін сұраныс құру, кесте бағандары не жолдарын реттеу (сорттау), кестеге жол не өріс қосу, сандық берілгендерді топтап, олардың қосындысын, максимумын, минимумын, орта мәнін табу және т.б. әрекеттерді орындауға болады.
Сұраныс құру үшін жиі пайдаланылатын – берілгендерді іріктеу арналған SELECT операторы. Оператор құрамына мынадай кілттік сөздер мен белгілер енгізілуі мүмкін:
*(жұлдызша) – бәрі мағынасы білдіреді;
, (үтір) – тізім элементтерінің аралығына қойылады;
;(нүктелі үтір ) – SQL тілінде жазылғагн командалық мәтінің соңына қойылады;
[] (квадрат жақшалар) – ішіне жазылғандарды пайдалану міндетті еместігінің белгісі
From (жалғау: дан, ден, т.с.с) – соңына сұраныс құрылатын кесте не кесте атаулары жазылады.
Where (қайда) – соңына шарттар енгізілетін кілттік сөз. Шарттар =, <>, < , > , <= , >=, операция белгілерін пайдаланатын жай , не AND , OR сияқты кілттік сөздерін пайдаланып жазылатын құрама болуы мүмкін. Шарт BeetWeeN 1980 AND1985; WHERE Аты-Жөні LIKE “Ахметов”.
Үнемдеу үшін әдебиеттерде кесте аты, баған аты терминдерді кесте, баған (өріс) түрінде қысқартылып жазулуы мүмкін. Мысалы, сұраныстың қарапайым жазылу түрінің бірі:
SELECT <өрістер> FORM <кесте>
SQL тілінде тізім үтір арқылы бөлініп, кесте атауы дәйекшелерге алынып жазылады. Егер кестенің барлық өрістерін экранға шығару қажет болса, операторды
SELECT * FROM <кесте>
Түрінде жазу жеткілікті . Шартты қанағаттандыратын сұраныстың жазулуының бір түрі:
SELECT <өрістер тізімі> FROM <кесте> WHERE <шарт>
Мұндағы шарт, Паскальдағы сияқты, жай не құрама болуы мүмкін, күрделі құрама шарттар жай жақшаларға алынып жазылады. Delphi-де сұраныс құрудың көп пайдаланылатын тәсілі – формаға орнатылған Query, Table , DataSource, DBGrid компонеттерін пайдалану. Құрылған сұраныс DBGrid терезесіне енгізіледі.
1-мысал. Database Desktop –та құрылған Keste2.db кестесінен 1982 және кейінгі жылдары туылған адамдардың тізімінен тұратын сұраныс құру керек.
1. Жаңка проект ашып, формасына Table1, Datasource1, Query1, DBGrid1 компоненттерін орнату.
2. Ретімен компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу
Компонент | Қасиет | Мән |
Table 1 DataSource Query1 DBGrid1 Form1 | DatabaseName TableName Name Dataset DatabaseName SQL DataSource Font | MyDB Keste2.db Datasource 1 Query 1 MyDB [Tstring] DataSource 1 TimesKaz, 10 |
3. Tstring типті SQL қасиеті Tquery компонентінің ең қажетті бөлімі. Жоғарыдағы кестедегі көрінген көп нүкте енгізілген Tstring қатары шертілген кезде String List editor (Редактордың жолдық парағы) терезесі көрінеді. Терезеге SQL тілінде орнатылған сұраныстың командалық мәтіні (оператор) енгізілуі тиіс. Берілген мысалдыфң орындалуын қанағаттандыруы үшін енгізілетін сұраныс:
SELECT * FROM “Keste2.db” WHERE Tjili >=1982
(егер Tjili String типімен сипатталған болса, 1982 санын тырнақшаларға не дәйекшелерге алып жазу керек. )
4. терезеге операторды енгізген соң, оның ОК түймесін шерту. Form1 терезесі қайта көрінеді.
5. Query 1 компонентінің қайта таңдап, оның Active қасиетіне True мәнін меншіктеу. Сұраныс DBGrid 1 компоненті терезесіне енгізілген қойылады. Сұраныс енгізілген DBGrid 1 терезесін тазалау үшін Query 1 компонентінің Active қасиетіне False мәнін меншіктесе болғаны.
Сұранысты сақтау тәсілі DBGrid компонентінің терезесіне енгізілген кестені сақтау тәсілі сияқты.
INSERT ОПЕРАТОРЫ
Insert (кірістіру) – кестеге жаңа қосу операторы. Жазылу форматы:
INSERT INTO <КЕСТЕ>
VALUES (<Мәндер тізімі>);
Тізімге енгізілген мәндер үтірлер арқылы бөлініп жазылады. Мәндер типтері кестенің сәйкес өрістеріннің типтерімен бірдей болуы тиіс. Мысалы, Keste2.db кестесіне
Мамаев Қайыр 1973 қаз
Жазуын қосуға арналған сұраныс командасы:
INSERT INTO Keste2.db
VALUES (“Мамаев Қайыр ”, 1973 , “қаз”);
Команданы формаға Tabel1, Query1, DataSource 1 компоненттерін орнатып, Query 1 компонентінің SQL қасиетін екі рет шерткен кезде ашылатын терезеге енгізу керек.
Агрегаттық функциялар
Кестеге сандық өрістер енгізілген болса, SQL тілінде олардың қосындысын (sum), ең кіші (min), ең үлкен (max), орта мәндерін және бір өріске енгізілген барлық мәндер санын есептеп шығаруға болады. Ол үшін арналған агрегаттық фунциялар деп аталатын функциялар бар.
Sum (<өріс атауы>);
Min (<өріс атауы> );
Avg (<өріс атауы>);
Count (<өріс атауы>);
Мысалы, Keste5.db кестесінде Matem атаулы сандық мәндерден тұратын өріс енгізілген болсын. Осы өрістің мәндер қосындысын табу сұранысының жазылуы:
SELECT SUM (Metam) FROM ‘Keste5.db’
Егер формада Ttable 1, Tquery, TdataSource, TBGrid компоненттері және жоғарыдағы тақырыпта көрсетілген олардың қасиеттері орнатылып қойылса, жазылған сұраныс TBGrid компоненті терезесіне көрсетілген сияқты сандық Матем өрісінің мәндер қосындысын шығарады.
Сұраныс құрудың екінші тәсілі. SQL Builder программасы
Сұраныс құру үшін SQL Builder (смұраныс құрастырушысы) программасын пайдалану ыңғайлы. Оны жоғарыдағы тақырыптардың 1-мысалын орындау үшін қолдану жолы:
1. жаңа проект ашып, Form1 терезесіне DataSource1, Query1 компонеттерін орнату.
2. Компонеттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу
Компонент | Қасиет | Мән |
DataSource Query1 | DataSet Name DataBaseName | Query1 DataSource 1 MyDB |
3. Query1 компонентін оң түймесін шертіп, көрінген контексті мәзірден SQL Builder қатарын таңдау. Сұраныс құрастырушы программасы іске қосылып, терезесі экранға шығады. Алғашқыда терезе бос болып, оның жоғарғы қатарындағы Database өрісіне алиас атауы жазылғаны көрінеді. Table өрісінен қажетті кесте атауын таңдау. Төртбұрыш ішіне алынған кесте терезенің жоғарғы қабатына енгізіліп қойылады.
4. Кесте өрістерін таңдау. Ол үшін көрінген белгішелердің жоғарғысын таңдау жеткілікті.
5. Criteria (Іріктеу шарттары) қосымша бетін ашып, төменгі панельдің сол жақ өрісіне Keste2. Tjili атауын, орта өрісіне >= операторын, сол жақ өрісіне 1982 санын енгізу.
6. Query-Run командасын беру. Қажетті сұраныс Query Results терезесінде көрінеді. Ол DBGrid компоненті терезесіне енгізілген сұраныспен бірдей.
Кілттік өріс. Кестелерді байланыстыру
Құрылған кестелердің бір өрісін кілттік ету, екі кестені бір типті кілттік өрістері арқылы байланыстыру, байланысты кестелер арқылы сұраныс құру – сұраныстарымен жұмыс істеуде қолданылатын негізгі іс-әрекеттер.
Екі кестені байланыстыру үшін бірінші кестенің кілттік өрісі бірегей (өрістік мәндер қайталанбайтын) болуы тиіс. Мұндай кестені негізгі, екінші кестені бағынышты деп атайды.
Database Desktop утилитасы арқылы құрылған кесте өрісін кілттік ету қиын емес. Ол үшін құрылатын өрістердің бірінішісі етіп бірегей сандық мәндерінен тұратын ID өрісін құрып шыққан жөн. Оның сипатталу кезінде Type бағанын оң түймесін шертіп, көрінген мәзірден Autoincrement қатарын таңдау керек. Type өрісіне + символы енгізіліп қойылады. Одан әрі Key бағанына * (жұлдызша ) белгісін енгізу қажет. Кесте құру кезінде бірінші көрінген ID өрісіне 1 санын енгізу керек. Autoincrement –тің таңдалуына байланысты келесі жазулар үшін бұл өріске автоматты түрде ретімен 2,3,… сандары енгізіліп қойылады. Мысалы. Database Desktop арқылы ID атаулы өрістері кілттік етілетін Matem1.db және Inft1.db атаулы төмендегі кестелерді құрып, оларды MeDB алиасында сақтау және олар арқылы математика мен информатикадын алған бағалары жазылған жинақты сұраныс құру керек.
1. Жаңа проект ашып, формаға Query1, DataSource1 компонеттерін орнату.
2. Олардың қасиеттеірне мәндер меншіктеу.
3. SQl Builder терезсін ашу. Оның Database өрісінде MeDB алиасы көрінеді.
4. Терезенің Table өрісін ашып, қажетті кесте атауларын таңдау. Олар өрістерімен қоса жақтауларға алынып, терезенің жоғарғы қабатына орналастырылып қойылады да, төменгі қабатты визуальды рижимде жазуларды таңдап алуаға болатын шарттар жазылатын қосымша бетер атаулары көрінеді.
Қосымша беттерде орындалатын іс-әрекеттер:
Criteria (Критерий) – шарттар енгізілетін панель ашу; әр шарт енгізіліп болған соң келесі жол ашылып, алдына логикалық Және байланысын білдіретін AND сөзі жазылып қойылады.
Selestion (Іріктеу) – кесте өрістерін таңдау
Grouping (топтастыру) – қол жетерлік өрістерді таңдау;
Group Criteria (Іріктеудің топтық критериі) – топтық критерий бойынша шарт дайындау
Sorting (Сорттау) – таңдалған өрістеді сорттау;
Joins (Қосу, жалғастыру) – кестелердің байланыстылығын көрсету не байланыстыру
1. Екі кестені байланыстыру. Оны орындау тәсілі: Matem1 кестесінен кілттік өріс етіп белгеленген ID өрісін таңдап, одан Inf1 кестесінің ID өрісіне қарай, тышқан түймесін басып тұрып, көрсеткішті жылжыту. Екі кестені байланыстыратын сызық сызылып қойылады.
2. Жалпы, сұраныс құру үшін Criteria бетінің панеліне қажетті шарттарды енгізіп, сұранысты іске қосу команасын беру керек.
Мысал тапсырмасын орындау үшін 6-пунктті орындаудың қажеті жоқ. SQL
Builder терезесіне енгізілген кестелердің қажетті өрістерін таңдау жеткілікті. Одан әрі сұранысты іске қосса болғаны. Ол үшін Query-Run командасын беру керек не F9 клавишті басуға болады. Query Results терезесіне жинақты сұраныс енгізіліп қойылады. Құрылған сұраныс мәтінін көріп шығу үшін SQL Builder терезесінен Query - Show SQL командасын беру жеткілікті
Дата добавления: 2016-04-02; просмотров: 2498;