ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

Тақырып 1. Бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретіндегі

Тәжірибелік сабақ жоспары :

  1. Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы
  2. Бухгалтерлік есептің ақпараттық базасы
  3. Бухгалтерлік есеп – шаруашылық есептің бір тармағы ретінде

Әдістемелік нусқаулар-алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Дебиеттер

  1. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл
  2. Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008 жыл
  3. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл
  4. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл

Тақырып 2. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары (принциптері)

Тәжірибелік сабақ жоспары :

1.Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері.

2. Қаржылық есеп берушіліктің сапалық сипаттамасы.

Әдістемелік нусқаулар-алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Дебиеттер

1. Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары. Астана 2009 жыл

2. Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс жоспары. 2007 жыл

3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл

Тақырып 3. Екіжақтылық қағидасы және баланстық теңдік.

Тәжірибелік сабақ жоспары :

1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен құрылысы.

2. Бухгалтерлік баланстағы өзгерістердің төрт типі.

Әдістемелік нусқаулар-алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

 

Есептер

№1.Келесі шоттардың соңғы қалдықтары бойынша мамыр айына баланс құрыңыздар:1.Негізгі құралдар (ғимараттар)-1400000 тенге; 2.Жарғылық капитал-1829000 теңге; З.Бөлінбеген табыс-250000 теңге; 4.Шикізат пен материалдар-62000 теңге; 5.Кассадағы акшалай қаржылар-400 теңге; б.Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар-90000 теңге; 7. Есеп айырысу шотындағы акшалар-840000 теңге; 8.Банк несиелері-60000 теңге; 9.Жабдықтаушылармен есеп айырысулар-73400 теңге.

№2.Кәсіпорынның активтері жыл басында 300000 теңге, меншікті капиталы 80000 теңге болды. Жыл ішінде активтері 25000 теңгеге көбейді, ал міндеттемелері 10000 теңгеге азайды. Жыл соңындағы меншікті капитал сомасын анықтаныздар.

№З.Келесі шаруашылық операциялар баланстағы өзгерістердің қай типіне жататынын анықтаңыздар:

а)банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленді;

б)алынған материалдар үшін жабдықтаушы шоты төлемге қабылданды;

в)кассадан еңбек ақы берілді;

г)көмекші өндірістен өнім қабылданды.

Әдебиеттер

1. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл

2.Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008 жыл

3.Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл

4.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл

Тақырып 4. Екі жақты жазу және бухгалтерлік шоттар.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

1. Бухгалтерлік шоттар түсінігі, олардың құрылысы.

2. Екі жақты жазу жүйесі.

3. Ұйымдардың бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары.

Әдістемелік нусқаулар-алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Есептер

№4.«Шыңғыстау» қоғамының 1.09.12 жылға бухгалтерлік балансы жэне ай ішінде болған шаруашылық операциялары берілген.

Берілген операцияларды тіркеу журналына жазып, шоттар коррес-понденцияларын беріңіздер. Шоттарға сәйкес сомаларды таратып жазып, ай-налымдарын және соңғы қалдықты есептеңіздер.

Айналым ведомосын құрып, 1.10.12 жылға бухгалтерлік баланс жасаңыздар.

 








Дата добавления: 2016-03-05; просмотров: 2201;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.