Табиғат байлықтарын топқа бөлу

Табиғат байлықтары

Сарқылмайтын
Күн энергиясы Теңіз толқынының энергиясы Жел энергиясы Жер қойнауының энергиясы Атмосфера ауасы Мұхит суы
Сарқылатын
Қалпына келеді
Қалпына келмейді
Жануарлар дүниесі Өсімдіктер дүниесі Топырақ құнарлылығы
Жер ауданы(өмір сүру ортасы) Пайдалы қазба байлықтары

 

Іс жүзінде қолдану тұрғысынан көбінесе табиғи сұрыптау бойынша мына топтар бөлініп қаралады: минералдық шикізат (қазба байлық), жер, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар.

Пайдалану тиімділігіне байланысты экономикалық сұрыптау экономикалық бағалау негізінде қүрылады. Осы мақсатта халық шаруашылығының маңыздылығы тұрғысынан сүрыптау да қолданылады. Мысалы, егістік жер, жайылым, шабындық, суармалы егістік, бірінші, екінші және үшінші топ ормандары, пайдаланатын, пайдалануға даяр және запастағы кеніштер, т.б.

Сүрыптау өзіндік әр түрлі мақсатқа құрылады. Сұрыптаулар табиғатты қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану шараларын жоспарлауға, экономикалық тиімділігін анықтауға, жүмсалатын қаржы шамасын белгілеуге, экологиялық нәтижесін бағдарлауға мүмкіндік береді.

Халық шаруашылық салаларын: өндірістік, бөйөндірістік және экологиялық деп бөліп қарауға болады. Соңғысының ерекшелігі мүнда еңбектің табиғатты, табиғат байлығын қорғауға (сақтауға), молайтуға және тиімді пайдалануға бағытталғандығында.

Қоғамның өмір сүру, даму ортасын сақтау тек қана табиғатты қорғау, қалпына келтіру, молайту, яғни экологиялық шаруашылықпен ғана байланысты емес, ол өндіріс салаларындағы табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану шараларымен де тікелей байланысты.

Экологиялық шаруашылықтың пайда болуы табиғатты қорғау міндеттерінің қажеттігінен туды. Сондықтан, экологиялық шаруашылық табиғатты қорғауға, оның байлығын жаңғыртуға (молайтуға) бағытталған мақсатты еңбек.

Табиғатты қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану процестері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды ешқашан бөлек қарауға болмайды. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту табиғат байлығын пайдаланудың ең алғашқы, бастапқы кезеңі. Оның басқа кезеңдері - табиғат байлығын игеру және үқсату. Соңғылары өндірістік салаларға жатады.

Түптеп келгенде, табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану қоғамның қажетін өтеуге бағытталған бір процесс болып табылады. Сондықтан "табиғатты пайдалану","табиғат байлығын пайдалану" сөзін қолданғанда оған табиғатты қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалану мәнін береміз.

Қоғамдық еңбек тұрғысынан қарағанда бір жағынан табиғат байлығын игеру, үқсату шаруашылықтың екі тарауына - экологиялық және өндірістік шаруашылыққа бөлінген. Бүлай бөлу шаруашылықты үйымдастыруға, басқаруға, жоспарлауға, экономикалық тиімділігін анықтауға, т.б. мақсатқа қажет болады. Бірақ бүл процестің екі жағы өзара тығыз байланыста болғандықтан өндірісті экология түрғысынан, ал экологиялық шаруашылықты ендірістік-әлеуметтік тұрғыдан қарастыру керек.

1 - кесте








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 992;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.