Lt;UL>параметрлерінің тэгі
Маркерленген тізім тэгі:
Нөмірленбеген тізім үшін әдетте тізімдегі элементті белгілеуге маркерді қолданады. Ал маркердің түрін, заң бойынша, қолданушы таңдайды. <UL> тэгі өзіне TYPE және COMPACT. параметрін қоса алады. Оның disc, circle, square деген белгілері бар.
Атрибут | Атқаратын қызметі |
<UL TYPE=disc><LI> disc </UL> | · disc |
<UL TYPE=circle><LI> circle </UL> | o circle |
<UL TYPE=square><LI> square </UL> | § square |
Бұл белгілер маркердің түрін береді. Жазбаған жағдайда автоматты түрде disc жазылады.
Анықтамалар тізімі:
Анықтамалары бар тізімдер <DL> (defіnіtіon lіsts) жоғарыдағылардан өзгешелеу тәсілмен жасалады. Мұнда <LІ> тэгі орнына <DT> (defіnіtіon term — анықталатын термин) термин тэгі және оған қосымша <DD> (defіnіtіon defіnіtіon — анықтаманы анықтау) терминді түсіндіру белгісі жазылады.
Мұндағы <DT> және <DD> тэгтері <LІ> тәрізді жабылмай, жалқы түрде жазылады. Егер анықталатын термин түсінігі бір жолға сиятындай қысқа болса, онда <DL COMPACT>сыртқы тэгін қолдануға болады.
Анықтамалар тізімі былай жазылады:
<DL> <DT> Термин <DD> Терминге анықтама <DD> Терминге анықтама <DD> Терминге анықтама <DD> Терминге анықтама </DL> | Термин Терминге анықтама Терминге анықтама Терминге анықтама Терминге анықтама |
DL элементімен бірге COMPACT атрибутын қолдануға болады, сол кезде тізімнің пункттары жинақы орналасады. <DL COMPACT> Бұл атрибут тура осылай қолданылады, ешқандай да сан қойылмайды.
Мысал 2.
<html>
<head>
<title>
Мысал 2
</title>
</head>
<body bgcolor="#FFFFFF" TEXT="black" LINK="#00FF00" ALINK="#00FF00" VLINK="blue">
<OL TYPE="1">
<Font size="6"> <b>Информатика модулі </b>
<li>Информатика
<li>Электронды үкімет
<li>Delphi программалау тілі
</ol>
<OL TYPE="I">
<Font size="6"> <b> Психиатрия модулі</b>
<li>Наркология
<li>Психология
<li>Психиатрия
</ol>
<OL TYPE="A">
<Font size="6"> <b> Философия модулі </b>
<li>Философия
<li>Социология
<li>Құқық
</ol>
</body>
</html>
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1509;