Жөндеу регистрлері
Бұл өте қызық регистрлар тобы, бұлар аппараттық жөндеу үшін қолданылады. Аппараттық жөндеу құралдары бірінші рет і486 микропроцессорларында пайда болды. Аппаратты түрде микропроцессорда сегіз жөндеу регистрлары бар, бірақ нақты түрде олардың алтау ғана қолданылады.
dr0, dr1, dr2, dr3 регистрларының 32 бит разрядтылығы бар және олар үзудің төрт нүктісін көрсететін сызықты адрестер үшін арналған. Бұны орындауда ол келесі механизмді қолданады: кез – келген ағымдағы программамен қалыптастырылатын адрес dr0...dr3 регистрындағы адрестермен салыстырылады, және олар ұқсас болған кезде 1 шектеу нөмірмен генерацияланады.
dr6 регистрі жөндеу күйінің регистрі деп аталада. Бұл регистрдің биті соңғы 1 нөмірлі шектеу шақырған жағдайларға байланысты болады.
Осы биттерді және олардың қолданылуын айтып өтейік:
- b0 — бұл бит 1-ге тең болса, онда соңғы шектеу (үзу) dr0 регистрінде анықталғандай бақылау нүктесіне жеткендіктен болғандығын білдіреді;
- b1 — b0 ұқсас, бірақ dr1 регистріндегі бақылау нүктесі;
- b2 — b0 ұқсас, бірақ dr2 регистріндегі бақылау нүктесі;
- b3 — b0 ұқсас, бірақ dr3 регистріндегі бақылау нүктесі;;
- bd (13 бит) — жөндеу регистрлерін қорғау үшін қолданылады;
- bs (14 бит) — 1-ге орнатылады, егер 1 шектеу eflags регистріндегі tf = 1 белгі күйімен шақырылған болса;
- bt (15 бит) 1-ге орнатылады, егер TSS қақпанындағы t = 1 битімен есептен есепке ауысқан кезде шақырылған болса.
Бұл регистрдегі қалған биттер нөлмен толтырылады. 1 шектеу өңдегіштеріdr6 құрамына байланысты, шектеу болған себепті анықтап, соған байланысты шараларды қолдану керек.
dr7регистрі жөндеуді басқару регистрі деп аталады. Мұнда жөндеуді бақылау нүктесі бар әрбір төрт регистр үшін орын қалдырылған, олардың көмегімен үзуді генерациялауға және келесі болатын шарттарды анықтауға болады:
Бақылау нүктесін тіркеу орны — тек ағымдағы есепте немесе кез-келген есепте. Бұл биттер dr7регистрінің кіші сегіз битін алады (әрбір бақылау нүктесіне екі биттен (факт жүзінде үзу нүктесі), сәйкесінше dr0, dr1, dr2, dr3 регистрлерімен беріледі). Әрбір жұптағы бірініші бит — локальды рұқсат деп аталады; бұл биттің орнатылуы, үзу нүктесінің орындалуы адрестік кеңістіктің, осы ағымдағы есепте болуын талап етеді. Ал әрбір жұптағы екінші биті глобальды рұқсат белгісі деп аталады, бұл биттің орнатылуы, үзу нүктесінің орындалуы адрестік кеңістіктің, осы ағымдағы есепте ғана емес жүйеде болуына да рұқсат етеді.
Үзу инициялизацияланатын қатынау типі: деректерді жазу немесе жазу/оқу кезінде, командаларды таңдау кезінде қолданылады. Бұндай үзулердің пайда болатынын анықтайтын биттер берілген регистрдің үлкен бөлігінде локализацияланады.
Көптеген жүйелік регистрлерді программада қолдануға болады. Келешекте біз осы регистрлердің кейбіреулерін микропроцессор архитектурасында қарап кетеміз.
Негізгі әдебиеттер: 2[12-20]; 3[10-43]
Бақылау сұрақтары:
1. і486 және Pentіum МП қандай жүйелік регистрлер қолданылады?
2. Қандай белгі күйлерін білесің және олардың қызметі?
3. Жүйелік адрес регистрлерінің қызметі?
4. і486 және Pentіum МП қандай басқару және жөндеу регистрлері қолданылады?
Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 1723;