Сурет. «Эниак» электронды есептеуіш машинасы

 

1947–48 жылдары академик С.А.Лебедев кiшi электрондық есептегiш машинаны (КЭЕМ) жасақтау жұмысын бастады. 1949 жылы Кембридж университетiнде профессор М.Уилктің жетекшiлiгiмен программаларды сақтайтын ЭДСАК есептеуiш машина негiзi қаланды. Осы жылы Джон фон Нейманның жетекшiлiгiмен MANIAC (Mathematical Analyzer Numerical Integrator Antand Computer) компьютерi жасақталды.

1952 жылы С.А.Лебедевтiң жетекшiлiгiмен секундына өте үлкен жылдамдықпен 10 мың амал орындайтын үлкен электронды есептеуiш машинаны (ҮЭЕМ) жасақтау жұмысы аяқталды.

Ал, 1958 жылы ССРО-да секундына өте тез жылдам-дықпен 20 мың амал орын-дайтын М-20 ЭЕМ машинасы жасақталып, ұсынылды. 1963 жылы алғаш рет тышқан құрылғысы жасалды.

1972 жылы АҚШ-та шыққан «ILLIAC-IV» ма-шинасында секундына 20 млн. операция орындайтын көппроцессорлық жүйе орнатылған. 1976 жылғы «Cray-1» машинасы секундына 166 млн. операция орындайды, векторлық есептеулер жүргізеді, жады көлемі 8 Мбайт.
1965 жылы АҚШ-та IBM/360 деп аталатын 3-буын машинасы шықты. 1971 жылғы ЕС-1020 машинасы секундына 20000 операция орындайтын, жады көлемі 256 Кбайт. 1977 жылғы ЕС-1060 машинасы секундына 1 млн. операция орындайтын, жады көлемі 8 Мбайт. 1984 жылғы ЕС-1066 машинасы секундына 5,5 млн. операция орындайтын, жады көлемі 16 Мбайт.

1980 жылы КСРО-да құрастырылған «Эльбрус-1» машинасы секундына 15 млн. операция орындайды, жады көлемі 64 Мбайт.

1984 жылы Apple Computer корпорациясы Macintosh компьютерiн шығарды. Ол қолданушының операциялық жүйемен жұмыс жасауына тиiмдi құрал болып табылды. 1985 жылы секундына 125 млн. операция орындайтын 8 процессорлы, жады көлемі 144 Мбайт, сумен салқындататын «Эльбрус-2» машинасы жасақталды. 1985 жылғы «Cray-2» машинасы секундына 2 млрд. операция, 1989 жылғы «Cray-3» машинасы секундына 5 млрд. операция орындайды.

1995 жылы Жапонияда шыққан «GRAPE-4» машинасы секундына 1,08 трлн. операция орындайды.

2002 жылы «Earth Simulator» (NEC) 5120 процессорлы, секундына 36 трлн. операция орындайтын машина жасалса, 2007 жылы шыққан «BlueGene/L» (IBM) 212992 процессорлы машинасы секундына 596 трлн. операцияға дейін орындайды.

Информатиктер компьютер дамуының 4 кезеңін (ұрпағын) атап көрсетеді. Енді соларға тоқтала кетейік.

1) Алғашқы кезеңі (ұрпағы) - электрондық шамдар. 1945-1955 жылдар аралығында электронды есептеуіш машиналар электрондық шамдар негізінде құрылды. Мысалы: «Минск-1», «Урал-1», «БЭСМ-1» есептеуіш машиналары. Электрондық шамдар, электромагниттік релемен салыстырғанда, логикалық элементтерді қосуды жылдам жүзеге асырды және олар әжептәуір ұзақ қызмет етті. Бірақ, электрондық шамдар энергияны өте көп жұмсайтын және олардың өлшемдері өте үлкен еді. Электрондық шамдар негізінде жұмыс жасайтын ЭЕМ-лардың жұмыс жасау жылдамдығы секундына бірнеше жүзден бірнеше мың операцияға дейін ауытқиды.

2) ЭЕМ дамуының екінші кезеңі (ұрпағы) – транзисторлар. 1955-1965 жылдар аралығы. Мысалы: «Минск-21», «Урал-14», «Наири» есептеуіш машиналары. Негізінен, жартылай өткізгіш құрал – транзистор 1948 жылы ойлап табылған. Олардың электрондық шамдарға қарағанда өлшемі кіші, тұтыну қуаты аз. ЭЕМ-лардың жұмыс жасау жылдамдығы секундына бірнеше мың операциядан тіпті бірнеше миллион операцияға дейін артты.

3) ЭЕМ дамуының үшінші кезеңі (ұрпағы) - интегралдық схемалар. 1965-1980 жылдар аралығы. Мысалы: IBM360 және IBM370, ЕС(Единая Система) есептеуіш машиналары. Интегралдық схема металдан немесе пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристаллдардан тұрады. 1958 жылы ғалымдар кремнийден жасалған бір жартылай өткізгіштік кристаллға бір функциональдық тораптың барлық компоненттерін орналастырып көрді. Осының нәтижесінде интегралдық схемалар пайда болды. Олар жартылай өткізгіштердің көлемін кішірейтті және тұтыну қуатын жүз ваттқа дейін азайтты. ЭЕМ-лардың жұмыс жасау жылдамдығы секундына он миллион операцияға дейін артты.

4) ЭЕМ дамуының төртінші кезеңі (ұрпағы) – үлкен интегралдық схемалар. 1980 жылдан басталады. Физика, химия және т.б. ғылымдардың дамуымен байланысты өлшемі бірнеше шаршы миллиметр кристаллға алдымен жүз, кейіннен мың, тіпті миллион транзисторлар орналастыру мүмкіндігі туды. Мұны үлкен интегралдық схемалар деп атады. Осының нәтижесінде әлемде ең алғашқы дербес компьютерлер пайда болды.

50-ші жылдар соңына Фортран программалау тілі, 60-шы жылдары Кобол және Алгол программалау тілдері және ең алғашқы модем және тышқан құрылғылары пайда болды. 1964 жылы Бейсик программалау тілі, ал 1969 жылы Unix операциялық жүйесінің алғашқы нұсқасы пайда болды. Паскаль программалау тілі 1971 жылы ұсынылды. 1972 жылы Intel 8008 процессоры, 1978 жылы Intel 8086 процессоры пайда болды. Си программалау тілі және Intel 8080 процессоры 1974 жылы пайда болған. Принтер дамуы 1977 жылдан басталды. Алғашқы дербес компьютерлер 1980 жылы пайда болса, 1990-92 жылдары Интернет желісі, сканер, дыбыстық стереоплата, Ява программалау тілі пайда болған.

XX ғасыр соңғы онжылдығы DVD стандартын, Pentium және Celeron процессорларын, әртүрлі жинақтауыштар, Windows операциялық жүйесінің әртүрлі нұсқаларын ұсынды. USB шиналары, AGP порттары қолданыла бастады. Қазіргі уақытта компьютер дамуы, адамзат қызметінің ажырамас бөлшегі ретінде, қарқынды жүзеге асуда.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 3817;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.