Ядролық бөліну реакциясы. Бөлінудің тізбекті реакциясы.
1940 жылдардың басында көптеген ғалымдардың – Э. Ферми (Италия), О. Ган, Ф. Штрассман (ГФР), О. Фриш (Ұлыбритания), Л. Мейтнер (Австрия), Г. Н. Флеров, К. Н. Петржак (Ресей) – еңбектерінің нәтижесінде уранды нейтрондармен сәулелендіргенді Периодтық жүйенің ортасындаңы элементтердің – барий мен лантанның пайда болатындығы дәлелденді. Осы нәтиже ядролық реакциялардың тіптен жаңа түрі – ядроның бөліну реакциясының бастамасына алып келді. Бұл реакция нәтижесінде ауыр ядро нейтрондардың әсерінен бірнеше жеңілірек ядроларға (жарықшақтарға), көбіне массалары жуық екі ядроға бөлінеді.
Мысалы: уран ядросының бөлінуін қарастырайық.
, (8)
ондағы ядросы үш -ыдыраудан соң лантанның орнықты изотобына айналады
.
Есептеулер ядролардың бөлінуі энергияның көп мөлшерінің шығарылуымен өтетіндігін көрсетеді. Шын мәнінде де, орташа массалы ядролар үшін меншікті байланыс энергиясы шамаен 8,7 МэВ, ал осы мезетте ауыл ядролар үшін ол 7,6 МэВ. Демек, ауыр ядролардың екі жарықшаққа бөлінуі кезінде бір нуклонға шамаме алғанда 1,1 МэВ энергия жұмсалуы керек.
Эксперименттер әрбір бөліну кезінде жарықшақтар, бөлу нейтрондары арасында таралатын үлкен энергия бөлінетіндігін көрсетеді.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4147;