Зертханалық сабақтар
1 сабақ(ұзақтығы 2 сағат)
Тақырыбы -Түзеткіш диодтарды зерттеу.
Жұмыс мақсаты:
1.Диодттың тура және кері р-п өтпесіндегі тогы мен кернеуін зерттеу
2.Вольтамперлік сипаттамасын зерттеу.
3.Диодттың вольтамперлік сипаттамасымен тура және кері ығысуы кезіндегі кедергісін зерттеу.
4.Диодттың( тура және кері ығысуының) айнымалы және тұрақты ток кезінде кедергісін зерттеу .
2 сабақ(ұзақтығы 2 сағат)
Тақырыбы -Стабилитронды зерттеу.
Жұмыс мақсаты:
1.Стабилитронның кері тармағындағы стаблизация кернеуін анықтау және вольтамперлік сипаттамасын тұрғызу.
2.Ток пен қуатты анықтау.
3. Стаблитронның вольтамперлік сипаттамасы бойынша дифференциалды кедергісін анықтау.
4.Кедергісі өзгергендегі стаблитронның кернеуінің өзгерісін зерттеу.
3 сабақ(ұзақтығы 2 сағат)
Тақырыбы -Биполярлы транзисторларды зерттеу.
Жұмыс мақсаты:
1.Биполярлы транзистордың ортақ эмиттермен қосқандағы шығыс және кіріс параметрлерін анықтау.
2. Биполярлы транзистордың ортақ базамен қосқандағы шығыс және кіріс параметрлерін анықтау
3.Биполярлы транзистордың ортақ коллектормен қосқандағы шығыс және кіріс параметрлерін анықтау .
4.Вольтамперлік сипаттамаларын тұрызу.
4 сабақ(ұзақтығы 2 сағат)
Тақырыбы -Логикалық элемементтерді зерттеу.
Жұмыс мақсаты:
1. Логикалық элементтердің электрлік сұлбаларымен танысу.
2.Пайдалану саласымен танысу.
3.Сипаттамаларымен ,осциллограммаларын алу
4.Сандық сұлбаларда өлшеулерді жүргізу
5 сабақ(ұзақтығы 2 сағат)
Тақырыбы -Бір жарты периодты және екі жарты периодты түзеткіштерді зерттеу.
Жұмыс мақсаты:
1.Бір жарты периодты және екі жарты периодты түзеткіштер сұлбаларындағы үрдістердің талдауын өткізу.
2.Бір жарты периодты және екі жарты периодты түзеткіштер үшін кіріс және шығыс кернеулердің формаларын салыстыру.
3.Бір жарты периодты және екі жарты периодты түзеткіштер сұлбалары шығыстарындағы кернеудің орта мәнін (тұрақты құраушысын) анықтау.
4.Бір жарты периодты түзеткіш және трансформатордың орта нүктесі шығарылған екі жарты периодты түзеткіш сұлбалары шығыстарындағы сигналдың жиілігін анықтау.
5.Бір жарты периодты және екі жарты периодты түзеткіштер сұлбалары шығыстарындағы кернеулердің максималды мәндерін салыстыру.
6. Бір жарты периодты және екі жарты периодты түзеткіштер сұлбалары шығыстарындағы сигналдың жиіліктерін салыстыру.
7.Бір жарты периодты және екі жарты периодты түзеткіштер сұлбаларында диодтағы Umax кері кернеуді талдау.
8.Түзеткіш сұлбасындағы трансформатордың жұмысын зерттеу.
6 сабақ(ұзақтығы 2 сағат)
Тақырыбы -Көпірлік түзеткішті зерттеу.
Жұмыс мақсаты:
1. Түзеткіш диодтық көпір сұлбаларындағы үрдістердің талдауын жасау.
2. Түзеткіш көпір үшін кіріс және шығыс кернеуінің осциллограммаларын зерттеу.
3. Түзеткіш көпір мен трансформатордың орта нүктесі шығарылған екі жарты периодты түзеткіштің осциллограммаларын салыстыру.
4. Түзеткіш көпір сұлбаларындағы шығыс кернеуінің орта мәнін (тұрақты құраушысын) өлшеу.
5.Көпірлік және екі жарты периодты түзеткіштердің диодтарындағы максималды кернеуді салыстыру.
6. Көпірлік және екі жарты периодты түзеткіштердегі шығыс кернеудің жиіліктерін салыстыру.
7. Түзеткіш көпір диодындағы максималды кері кернеуді Umax есептеу.
7 сабақ(ұзақтығы 2 сағат)
Тақырыбы -Түзеткіштің шығысындағы сыйымдылықты сүзгіні зерттеу.
Жұмыс мақсаты:
1. Бір және екі жарты периодты түзеткіштердегі шығыс кернеудің пішініне конденсатордың әсерін зерттеу.
2. Сыйымдылықты сүзгісі бар түзеткіштің шығыс кернеуінің жиілігін өлшеу.
3. Сүзгі конденсаторының сыйымдылығы шамасының шығыс кернеуінің орта мәніне әсерін зерттеу.
4. Сыйымдылықты сүзгісі бар бір және екі жарты периодты түзеткіштердің шығыс кернеуінің орта мәнін салыстыру.
8 сабақ(ұзақтығы 1 сағат)
Тақырыбы -Айнымалы токтық тиристорлық реттеуішті зерттеу.
Жұмыс мақсаты:
1. Фазалық басқаруы бар бір жарты периодты тиристорлық қорек көзіндегі процестерді зерттеу.
2. Тұрақты ток үзілгенде және импульстік кернеу қалыптасқанда тиристорлар коммутациясын зерттеу, импульстік үзгіштерді жүзеге асыру тәжірибесін алу.
3. Кернеулер және токтар диаграммаларын алу, қуыстырылған және орташа кернеуін анықтау, еріксіз коммутация торабының жұмысын зерттеу.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2798;