Кәсіпкердің сатып алушы алдындағы жауапкершілігі

Өмірдің басқа салаларының өкілдері секілді Қазақстандағы іскер адамдардың көпшілігі адал да, еңбекқор және тұтынушылармен әділ қатынас жүргізгісі келеді. Бизнестің этикасы деп аталатын тұтынушылар туралы қам табыс туралы қаммен қатар жүруі тиіс. Ерте ме, кеш пе, тұтынушы кәсіпорынның өз істеріне жауапкерсіздігін біліп қалса, онда ол онымен сауда жүргізуден бас тартады.

Нарықтық экономикалық елдерде тұтынушылар құқығын қорғау заңнамасы жасалынып, ол ойдағыдай қолданылып келеді. Оның өмірге келуі тұтынушыларды өнім өндірушілер мен сатушылардың заңсыз әрекеттерінен қорғау қажеттілігінен туған. Тұтынушыларға жеткен тауарлар сапасының нашарлауы жиілеп, оларға берілген сипаттама, көбінесе, жарнамада айтылғандармен сәйкес келмейді. Монополистер мен сатушылар тұтынушыларды көбінесе лажсыз алуға мәжбүр етеді.

Тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау проблемасы нарықтық экономикалы елдерде өткен ғасырдың 50-70 жылдарында пайда болып, өмірде ұйымдасқан қозғалыстарды тудырды. Бельгия мен Құрама Корольдікте тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі алғашқы қоғам 1957 жылы, Нидерландияда – 1963 жылы құрылды.

АҚШ-та тұтынушылар қозғалысы өткен ғасырдың басында пайда болды. Ол бағаның көтеріліп, ет өнеркәсібіндегі жағдай мен медициналық препараттарды патенттеу жөніндегі шатақтарға байланысты туған болатын. Тұтынушылардың екінші қуатты қозғалысы өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы экономикалық дағдарыстың дүлей күші мен дәрілік препараттарға байланысты кезекті дау-дамайдан шықты. Үшінші рет констъюмеризм толқыны 60-шы жылдары көтерілді.

Қазіргі уақытта консъюмеристік қозғалыс әлемнің барлық елдерін қамтып отыр.

Оның себебі, сол кезеңде ұзақ уақыт пайдаланатын тауарлар шығару айтарлықтай молайып, синтетикалық жаңа және басқадай жасанды материалдарды және т.б. қолдану елеулі түрде өрістеген еді.

Бұл кезеңде дамыған капиталистік елдерде тұтынушылардың мүдделерін жаппай барлық салаларда емес, тек кейбір салаларда (несие беру, тұрғын үйді жалға өткізу, сауда) қорғаудың жекелеген нормативтік актілері бар болатын.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жекелеген құқықтар салаларында да бекітілген еді. Алайда, экономиканы монополиялау жағдайында тауарлар мен қызметтердің ерекше әртүрлілігінің пайда болулары, жарнамалаудың қуатты құралдарының өмірге келуі, тұтынушылардың бұрыннан бар құқықтық қорғау құралдарының жеткілікті емес екендігін көрсетті. Дамыған нарықты қорғауға тікелей қатысты арнайы нормативтік актілердің шығуы осы себептерге байланысты еді.

Оған мыналарды жатқызуға болады: Францияда – сауда мен игі қызметтер көрсету кезіндегі алдау мен жалғандық туралы Заң (1905), «қардан қала тұрғызу» қағидасының сауда туралы Заң (1953), «алдамшы жарнамаларды болғызбау» туралы Заң (1935); Данияда – тауарды сатып алу-сату келісімі туралы Заң (1906), тауарды таңбалап және бағасын көрсету туралы Заң (1977), тұтынушылармен жасалған келісімдердің әрқилы түрлері туралы Заң (1978); Ұлыбританияда – тұтынушылардың қауіпсіздігі туралы Заң (1978), келісімдердің арамдық жағдайлары туралы Заң (1977), шектеуші сауда тәжірибесі туралы Заң (1956) және басқалар. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұтынушылардың құқығын қорғау заңнамасы сауда мен игі қызмет көрсетудің әртүрлі ортасында жүрген тұтынушылар қорғайтын заңдар ондап саналады.

Тұтынушыларды қорғаудың төрт негізгі құқығы туралы Декларацияға АҚШ президенті Д.Кеннеди 1962 ж. 15 наурызда қол қойған болатын. Олар:

- тауарлардың қауіпсіздігіне құқық;

- ақпараттарға құқық;

- өз мүддеңді білдіру құқығы;

Халықаралық тұтынушылар одақтарының ұйымы (ХТОҰ) бұған тағы төртеуін қосты:

- негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығы;

- зиянның орнын толтыру құқығы;

- тұтынушылық білімге құқық;

- қоршаған ортаның саулығына құқық.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау барлық елдерде әкімшілік пен соттың қолда бар құралдарының көмегімен тиісті нормативтік актілерден құрылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған Басшылық принциптер 1985 жылдың 9 наурызындағы №39/248 қарар ретінде Бас Ассамблеяда мақұлданған.

Бас Ассамблеяның күшіне еніп, бекітілген қарарынан кейін БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Басшылық принциптерді есепке ала отырып, тұтынушылар құқығын қорғау жөнінен белсенді саясат жүргізуге міндеттенген. Әр мемлекет өзіне тән экономикалық және әлеуметтік жағдайларына сәйкес, сондай-ақ халықтарының хал-ахуалына қарай нарықта бұл салада өздерінің бірінші кезекте тұрған жеке міндеттерін белгілеуге тиіс еді.

Тұтынушылардың заңды мүдделері болып мойындалатындар:

- қауіпсіздік пен денсаулықтың зиян шегуінен қорғау;

- олардың экономикалық мүдделерін сақтау;

- жеке қажеттіліктеріне сәйкес тауарларды (қызметтерді) дұрыс таңдауды қамтамасыз ететін ақпараттарға жол беру;

- тұтынушыларды сауаттандыру;

- арыздарды қараудың тиімді рәсімдерін табу;

- тұтынушылардың құқықтары сөз болып, шешім қабылдау процесі үстінде өз пікірлерін білдіруге құқықтары бар тұтынушылар топтары мен ұйымдарын құруға еркіндік.

Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Айрықша бөлімімен, «Тұтынушыларды қорғау туралы» Заңы мен және т.б. реттеледі.

1998 жылдың ішінде Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдары тұтынушылар құқықтарының жағдайларына 5000 тексеру жүргізген, оның 2816-да әртүрлі заң бұзушылық анықталған. 5966 мың теңгеге 1810 наразылық ресімделген. Өндірілген зиянның сомасы 4649 мың теңгені құрап, тұтынушылардың 560 наразылығы сотқа түсірілмей қанағаттандырылған.

Біріншісі өте қарапайым саналады. Кейбір фирмалар өздерінің адалдықтары мен туралықтары жөнінен жақсы атаққа жетуге мүдделі болмаулары мүмкін, өйткені олар нарықта ұзақ уақыт тұрақтауды ойламайды. Олардың стратегиясы ашық алдампаздықтарын жүзеге асыра салып, тез арада тайып отыру. Соңғы уақытта мұндай алдаушылықтар Қазақстан Республикасында жиі ұшырасатын болды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалар талаптарының орындалуы туралы қадағалау тәжірибесі ретінде республиканың халыққа сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет, көлік, байланыс, комунальдық-тұрғын үй және т.б. қызметтер көрсететін 4682 кәсіпорын тексерілді.

Азаматтардың 1944 ой-тілектері қаралды, олардың бәрі негізді болып шығып, тұтынушылар мүддесінің пайдасына шешілді.

Тұтынушылар құқығының бұзылуы 3700 кәсіпорында немесе тексерілген кәсіпорындардың 80 пайызында орын алғаны анықталып, материалдық зиянның мөлшері 175 млн.теңгені құрады.

Тұтынушыларға қайтарылған материалдық зиянның сомасы 162 млн. теңгені құрап, мемлекеттік бюджет есебіне 152 млн. теңге түсірілді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің аттарына 939 ұсыныс, нұсқама, ескертпелер жасалды.

Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдары сот органдарына 152 талап-арыз берді, оның 137-сі қанағаттандырылып, 90 адам жауапқа тартылып, 145 млн.теңге материалдық залал өтелді.

Нарықтың мүмкін өнімнің пайдалану сапасы жөнінде өзіне пайдалы ақпараттарды жеткілікті білмейді. Тұтынушылар сатушылардың арыздарын салыстыру үшін жалпы стандарт немесе эталонға зәру, әсіресе, егер ол арыздар техникалық немесе аса күрделі заттарға байланысты болса. Мысалы, энергия үнемдеу Қазақстанда ең маңыздылықтардың бірі. Тұтынушылар энергияны аз шығындайтын тоңазытқыштар, кондиционерлер және басқа да электр приборларын сатып алғылары келеді.

Мұндай тұтынушылар өздері таңдап тұрған тоңазытқыштың басқа моделмен салыстырғанда қаншалықты тиімді екендігін көрсететіндей ақпараттар оқығысы келетіндігі табиғи нәрсе. Айта кетер болсақ, өндірушілер тұтынылған электр энергиясын өлшей алатындай жүздеген тәсілдер бар. Басқа да нәрселермен қатар, энергияның тұтынылу мөлшері тоңазытқыштағы тамақтардың мөлшеріне, тоңазытқыш пен мұздатқышта қойылған температураға, сондай-ақ тоңазытқыш тұрған бөлменің температурасына да байланысты болуы мүмкін. Анықталып болғаннан кейін де энергияны тұтыну туралы хабарлаудың көптеген тәсілдері бар. Кейбір компаниялар қуаттылықты пайдаланылатын электр көзінің бірлігімен білдіруі мүмкін. Басқалары республиканың белгілі бір ауданында тоңазытқыштың жыл ішіндегі пайдаланылуының орта бағасын және тағы басқаларды тілдеріне тиек етеді.

Электр энергиясын тұтынуды тестілеудің жалпы жүйесінсіз және ол туралы мәліметсіз, егер тіпті, барлық өндірушілер энергияны жұмсау туралы мәлімдеме жасауға құлшынғанның өзінде де тұтынушылар, ойластырып алыстырып көруге қабілетсіз болып қалуы мүмкін.

Сондықтан, мысалы АҚШ тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанда приборлар тұтынған энергияны Мемлекеттік таңбалау туралы заң әзірлеп, қабылдап, оның орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бұл заң барлық негізгі приборлар тұтынған электр қуаты туралы хабарлама мен сынақтан өткізу жағдайларының жалпы әдістерін түсіндіреді. Тұтынушылар осы заңдарға байланысты өз құқықтарын қорғай отырып, өз кезегінде өндірістің дамуына әсер етеді.

Экономика қарқыны Қазақстанда 2000-2002 жылдары 10 пайыздан асып түсті. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 пайыздық өсім бермек, ал бұл дегеніміз біз Оңтүстік-Шығыс Азия «жолбарыстарынан» кейін көрмеген жаңа даму деңгейіне сирек болатын секірістің бірін туғызбақ.

Бұдан кейін 5 жылда экономикалық өсу байқалды. 1999 жылы ІЖӨ-нің өсуі 2% шамасында болса, 2000 жылы – 9,6%, 2001 жылы 13%-ға жетті. 2002 жылы ІЖӨ-нің артуы 9,5 пайызды құрады.

2003 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 2002 жылдағы осыған сәйкес мерзімімен салыстырғанда Қазақстандағы ІЖӨ 10,4%-ға, өнеркәсіп өндірісі (тұрақты бағамен есептегенде) – 9,6%-ға өсті. Көлік кәсіпорындарының жүк тасымалы (труба құбырын есептемегенде) - 17%-ға, бөлшек сауда айналымы (тамақтандыру кәсіпорындарының айналымын қоспағанда) – 9,9%-ға ұлғайды.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі индексінің өсу қарқыны 2002 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 8%-ды құрады. Экономикалық қызметтің ірілендірілген түрлері бойынша өнімнің артуы тау-кен өнеркәсібінде – 7,7%-ға, өндеу өнеркәсібінде – 8,5%-ға, электр энергиясын, газ бен су өндіру мен бөлуде 7,2%-ға қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің көлемі осы жылдың қаңтар-қазанында 3,1%-ға ұлғайды. Бұл мерзімде негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 2002 жылдың сол кезендегі деңгейінен 10,8% артық болды. 2003 жылғы қаңтар-қыркүйекте байланыс кәсіпорындары көрсеткен қызметің көлемін өткен жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 25,8%-ға өскен. Сол жылдың тоғыз айындағы сыртқы сауда айналымы 15,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде қалыптасты. Мұның өоның алдындағы жылғы осы мерзімге қарағанда 31% өскен, бұл ретте экспорт 38%-ға, импорт 20%-ға ұлғайған.

- Республиканың тұтыну нарығында тауарлар мен қызметтердің бағасы 2003 жылғы қазанда 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,2%-ға өскен. Доллардың теңгеге қатысты айырбас бағамы 2003 жылғы қазанда қыркүйек айындағымен салыстырғанда 0,01%-ға ұлғайған. Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7% деңгейінде белгіленген.

- Елде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Елдің шаруашылық кешеніне қаржы ресурстарын тарту үшін осы заманғы институттық және нормативтік-құқықтық база жұмыс істеуде.

Шетелдік инвесторлар үшін табыс салығынан, жер салығынан және мүлік салығынан босатуды көздейтін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі, кеден жеңілдіктері белгіленеді.

Инвестиция саласындағы проблемаларды анықтап, шешу мақсатында мамандандырылған өкілетті орган және Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды.

Қазақстанның инвестициялық ахуалы тартымды екендігін мынадай жәйтпен де қуаттауға болады: шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2003 жылы 5300 болды. Салыстыру үшін мұндай кәсіпорындар Ресейде – 1042, Қырғызстанда – 99, Украинада 74 екенін айтуға болады.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Экономикасына тұтастай алғанда 21 млрд. долларға жуық инвестиция тартылған. Он жылда игерілген тікелей шетелдік инвестицияларды жан басына шағу көрсеткіші бойынша республика ТМД-ның басқа елдерінен әлдеқайда асып түсті.

- Нарық институттары мен шаруашылық жүргізу­дің тетіктерін қалыптастыру саласындағы бір­қа­тар түбегейлі қадамдарды жүзеге асыру нәти­жесінде Қазақстан рефор­ма­лау қарқыны жағынан ТМД елдерінің көпшілігін басып озды.

- Елімізде мамандандырылған Ұлттық қор құрыл­ды. Ол мұнай секторында алынған табыстардың бір бөлігін болашақ ұрпақтар үшін жинақтауы тиіс. Сонымен қатар қор форс-мажор жағдай­ларында мемлекеттік бюджеттің стратеиялық резерві функциясын қамтамасыз етеді.

Экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту мақсатында 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған республика дамуының Индустриялық-инновациялық бағдарламасы қабылданған.

Ел дамуының басым стратегиялық бағыттарын орта және ұзақ мерзімге несиелеуге жұмыс істейтін Даму банкі құрылған.

Елорданы Астана қаласына көшіру республика экономикасының дамуына айтарлықтай серпін береді. Жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Тұтастай алғанда Қазақстан экономикасындағы инвестициялық -өндірістік процестердің белсенділігі арта түсуде. 2000 жылдың аяғына қарай ІЖӨ көлемінің, өнеркәсіп өндірісінің, инвестициялық қызметтің және бірқатар басқа көрсеткіштердің өсуінде айтарлықтай прогресс байқалады. Өсу іс жүзінде экономиканың барлық салаларында жүріп жатыр, мұның өзі ел дамуының кешендік және жүйелік сипаты туралы айтуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстан ТМД-дағы реформалардың танымал көшбасшыларының бірі болып табылады.

- Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде Қазақстан бірінші болып: 2000 жылдың аяғында Еуропа қауымдастығы, ал 2002 жылдың наурызында Америка Құрама Штаттары тарапынан нарық экономикасы қалыптасқан ел ретінде танылды.

- Қазіргі кезде Қазақстан экономикалық өсудің жоғары қарқынын танытып отыр. Өтпелі Экономикасы бар көптеген басқа елдер секілді біздің елімізде де экономикалық әдебиеттерде АҚШ-тағы ұлы дағдарыс атанған 30-шы жылдары болған өндіріс құлдырауынан әлдеқайда асып түсетін құлдырау орын алғанын ескерер болсақ, бұл үлкен табыс. АҚШ-та 1929 жылға қарағанда, 1933 жылы өндірістің құлдырауы 27% болған еді. Қазақстанда экономикалық құлдырау 1991-1995 жылдары 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 38,6% болып, яғни бес жыл ішінде жыл сайын шамамен 8% төмендеп отырған.

Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшы орында нық тұр. Бұл тұрғыда ресейлік экономистің бағасын келтірген жөн болар. Леонид Григорьев (РҒА ИМЭМО) «Қазақстан – көшірмесіз реформалар» атты мақаласында (4.7.2003, Регнум. Ру, мақаланың кең нұсқасы «Ресей бизнес-газетінде» 2003 жылғы 10 маусымда жарияланған) былай деп жазады: «Нақты ІЖӨ-нің орташа өсуі ҚР банк жүйесінің жоғары дамуына жанжақты жағдай жасады».

Екінші деңгейдегі банкілердің экономика салала­ры­на салған несиелері 2003 жылғы 1 қазанда 879,4 млрд. теңге болды. Мұның үлестік шоғырлануы өнеркәсіпте - 29%, саудада – 28,3%, ауыл шаруашылығында – 11,5%, құрылыста – 8,1% болып отыр. Мемлекеттік бюджеттің кірісіне (Ұлттық қорға түсімдерді есептемегенде) 2003 жылғы он айда жоспардағы 803,1 млрд. теңгенің орнына 826,5 млрд. теңге түсті.

- Қазақстанда ТМД елдерінің ішінде ең үздік қаржы жүйесі жасалған. 2003 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 35 банк, соның ішінде 2 мемлекеттік, шетелдік қатысудағы (ҚР резиденті емес банктердің еншілес банктерін қоса алғанда) 16 банк жұмыс істеп тұрды. Республика банк жүйесінің жинақталған меншік капиталы шілде айында 3,7 пайызға, 1,3 миллирад долларға дейін, ал жинақталған активтер 1382,9 млрд. теңгеге немесе 9,4 млрд. долларға дейін өсті. Сөйтіп, соңғы төрт жылда бес есеге ұлғайды.

Қазақстан экономикасына бөлінген банк несиелерінің көлемі 2003 жылы 18,6%-ға ұлғайып, 797,2 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте ұзақ мерзімді несиелер 4,8%-ға өсіп, 495,4 млрд. теңге болса, қысқа мерзімді несиелер 2,3%-ға төмендеп, 301,8 млрд, теңгені құраған.

Халықтың банкілердегі салымдарының өсуі 2 млрд. долларға жеткен. Соның ішінде, теңге депозиттерінің үлес салмағы 33,8%-ға жетіп отыр.

- Қазақстанның алтын-валюта қоры 7,421 млрд. долларға дейін өсті, оның ішіндегі Ұлттық қордың қаржысы 2675,6 миллион долларды құрады. Бүгінде ол елдің халықаралық қарыздарынан, көлемі бойынша асып түсті, яғни Қазақстан нетто-кредитор елге айналды.

Республикада ТМД елдерінің арасында бірінші болып зейнетақы реформасы, банк салымдарын кепілдендіру жүйесі, бірқатар сыртқы міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу, ұлттық валютаның құнсыздануы салдарынан бағамдық залалды өтеу жүзеге асырылды

- Тұтастай алғанда тәуелсіздік жылдары экономиканың нақты секторында нарықтық-бәсекелестік ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделді. Өнеркәсіп өндірісінің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасты. Дамыған отын-энергетикалық, кен-металлургиялық және көлік-коммуникациялық кешендер жұмыс істеуде. Өндірістік қуаттардың пайдаланылмаған резервтері баршылық.

Жекелеген салаларда өндіріс пен басқарудың жоғары деңгейдегі шоғырлануына қол жеткізілді. Мұның өзі әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті ұлттық корпорацияларды құру үшін жақсы негіз болып табылады.

- Қазақстанда жеке меншік секторы серпінді дамып келеді, мұнда өнімнің 75%-дан астамы шығарылады.

Елде шағын кәсіпкерліктің 348 мың түрлі субъектілері жұмыс істейді. 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорындар тіркелген, олардың 1700-дейі ірі өндірістер болып табылады.

2003 жылғы тамыздың басында 126 мыңнан астам шағын бизнес кәсіпорындар тіркелген, бұл 2002 жылғы сол уақытқа қарағанда 13,5%-ға көп. Республикадағы шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны оның алдындағы жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 7%-ға ұлғайып, 482 мың адамға жеткен. 2003 жылғы шілдеде өнім өткізуден түскен табыс 48113,3 миллион теңге болды, бұл 2002 жылғы шілдедегі деңгейден 11,9%-ға артық.

 








Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 1967;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.026 сек.