Биосфераның тірі заты
Көп уақыттар бойы тірі зат жансыз заттардан зат алмасу, қозғалғыштық, қозғыштық, өсу, көбею, үйренісу сияқты қасиеттерімен ерекшеленіп келді. Бірақ мұндай ерекшеліктер жансыз дүние арасында да кездесетіндіктен, бұл қасиеттер жанды ағзалар арнайы болып есептелмейді.
Тірі ағзалардың ерекшеліктерін 1982 жылы Б.М.Медников теориялық биологияның аксиомасы ретінде қарастырған:
- Барлық тірі ағзалар фенотип және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын генотип бірлігін құрады (А.Вейсман аксиомасы)
- Генетикалық программа матрицалық жолмен түзіледі. Болашақ ұрпақтың генінің құрылуына қажетті матрица ретінде өткен ұрпақтың гені қолданылады. (Н.К.Кольцев аксиомасы).
- Генетикалық программалар ұрпақтан-ұрпаққа берілу кездерінде әртүрлі себептердің әсерінен кері бағытқа, кездейсоқ өзгеріске ұшырауы мүмкін, тек өте сирек жағдайда ғана бұл өзгерістер ұтымды болуы мүмкін (Ч.Дарвиннің 1-ші аксиомасы)
- Фенотипке айналу жағдайындағы генетикалық программалардың кездейсоқ өзгерістері көпдәрежелі күшейеді (Н.В.Тимофеев-Ресовский аксиомасы)
- Көпдәрежелі күшейген генетикалық программалардың өзгерістері сыртқы орта шарттарына сәйкес іріктеуге ұшырайды. (Ч.Дарвин 2-ші аксиомасы)
Осы берілген аксиомалардың тірі табиғаттың барлықнегізгі қасиеттерін, бірінші кезекте Жер бетінде тіршіліктің құрылуына қажетті 2 қалаушы қасиетті, яғни дискреттілік пен біртұтастықты бөліп қарастыруға болады. Тірі жүйе арасында екі бірдей дара, түп, популяция жоқ. Көпвариантты редупликация матрицалық принципке негізделген. Бұл тіршілік үшін өте маңызды спецификалық қасиет саналады. Оның негізіне басты меңгерілетін жүйелерді өзіндік туындату қабілеті жатыр(ДНК, хромосома, ген).
Редупликация макромолекула синтезінің матрицалық принципімен (Н.К.Кольцов аксиомасы) анықталады.
ДНК молекулаларының матрицалық принцип бойынша өзін-өзі туындату қабілеттілігі меңгерілетін жүйедегі тұқымқуалаушылықты тасымалдаушы роль атқарады. (А.Вейсман аксиомасы)
Тірі зат массасы бойынша жер шарының кез-келген жоғарғы қабаттарының салыстырғанда өте аз бөлікті қамтиды. Қазіргі зам анғы есептеулер бойынша, тірі заттың жалпы массасы 2420 млрд-ты құрайды.
Тірі зат қоршаған ортаға белсенді әсер етуде маңызды орын алады және тірі материяның өліден ерекшеленетіні сияқты, ол жер шарының басқа қабықшаларынан айрықшаланады.
В.И.Вернадский айтып кеткендей, тірі зат ол – Бүкіләлемдік материялардың ең белсенді түрі. Ол өзінің туындауы барысында Жердің жоғарғы қабықшаларын түзе отырып, биосферада ауқымды геохимиялық іс жүргізеді. Тірі зат Жер қыртысы массасының 1/11000000 бөлігін алады. А.П.Виноградов (1975), В.Лархер (1978) т.б. дәлелдеулері бойынша тірі заттың басты құрал бөлігін табиғатта (атмосфера, гидросфера, ғарыш) өте кең тараған сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт сияқты элементтер құрайды. Биосфераның тірі заты ғарышта өте кең тараған және өте қарапайым атомдардан тұрады.
Тірі зат орташа элементарлы құрамы бойынша жер қыртысы құрамынан көміртегі элементінің көп болуымен ерекшелденеді. Тірі ағзалар басқа элементтер құралы бойынша өзінің ортасындағы құралды қайталамайды. Олар ұлпаларының құрылуына қажетті элементтерді таңдаулы түрде шығылыстырады. Тірі ағзалардың өмір сүру процесінде тұрақты химиялық байланысты түзуге қабілетті атомдар қолданылады. Сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт жер шарындағы заттардың негізгі химиялық элементтері болып табылады, оларды «биофильмді» деп атайды. Олардың атомдары тірі ағзаларда су және минералды тұздармен біріккен күрделі молекулаларды түзеді. Бұл молекулярлы түзілістер көміртегі, мепид, блок, нуклейн қышқылдарымен көрінеді. Биосферадағы тірі ағзаларды қоршаған әлем басқа бір ұйымдасу деңгейлерімен, басқа биологиялық құрылымдармен сәйкес келеді. Соған байланысты тірі ағзалар қалыптасуының әртүрлі деңгейлерін бөліп қарастыруға болады.
1. Молекулярлы – ең төменгі деңгей, мұнда биологиялық жүйе барлық биологиялық белсенді ірі молекулалар- белок, мепид, нуклейн қышқылы, көміртегілерді құратын құрылымдар ретінде көрінеді. Осы деңгейден бастап тек тірі ағзаларға ғана тән қасиеттер көрінеді: сәулелік және химиялық энергиялардың арнаулары кезінде жүретін зат алмасу, ДНК және РНК-ң көмегімен тұқымқуалаушылықтың берілуі.
2. Клеткалық деңгейде биологиялық белсенді молекулалар бірыңғай жүйеге біріктіріледі. Клетканың ұйымдасу тұрғысынан организмдер бірклеткалы және көпклеткалыларға бөлінеді.
3. Ұлпалық – деңгейде біртекті клеткалар ұлпа түзеді.
4. Мүшелік – деңгейде ұлпалық бірнеше түрлері функциональды түрде бірі-бірімен өзара байланысып, белгілі бір мүшені түзеді.
5. Мүшеөзгертетін деңгейде мүшелердің өзара байланысы индивидуальды ағзаның бірлік жүйесіне кірістіріледі.
6. Популяциялы – тірлік – шығу тегі бірлігімен өмір сүру деңгейімен, байланысты тіртекті ағзалар жиынтығы бар түрі. Дұл деңгейде элементарлы эволюциялық өзгерістер болады.
7. Биоценоз және биогеоценоз (экожүйе) – құрамы бойынша әртүрлі ағзаларды тіріктіретін тірі материал ұйымдасуының жоғарылау деңгейі. Биогеоценозда олар біртекті абиотикалық факторлармен жердің белгілі бір беткейңнде өзара бір-бірімен байланысады.
8. Биосфералық – деңгейде биіктеу рангтың табиғи жүйесі құрылады. Бұл деңгейде ағзалардың тіршілігімен байланысты барлық заттар мен энергияның глобальды айналулары жүреді.
Қоректтену түрлеріне қарай тірі ағзалар автотрофты және гетеротрофтыларға бөлінеді.
Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 1751;