Жұмыстың орындалу тәртібі.

­Өткізгіштік коэффициент пен оптикалық тығыздықты анықтау.

1. Кюветалар бөлімінің қақпағы ашық тұрғанда «нөлге қою» (установка нуля) тиегінің көмегімен құралдың жоғарғы «Т%» шкаласының тілін 0-ге келтіріңіз.

2. Жарық түсетін беттері мұқият тазаланған кюветалардың біріне еріткіш (дистильденген су) және екіншісіне стандарт ерітіндіні құйып,оларды кюветалар бөліміне орналастырыңыз.

3. Кювета бөлімінің қақпағын жабыңыз.

4. «100-ге қою» (установка 100) тұтқасын бұрап, өлшеу құралының тілін «Т%» шкаласы бойынша 100% қойыңыз. Осы кезде жарық ағыны дистильденген су арқылы өтуі керек!

5. «Кювета» тұтқасын бұрап, кюветалардың орнын ауыстырып, жарық жолына екінші, яғни ерітінді құйылған кюветаны қойыңыз.

5. Құралдың жоғарғы «Т%» шкаласы бойынша ерітіндінің жарық өткізгіштігін, ал төменгі шкаладан ерітіндінің оптикалық тығыздығын (D) анықтаңыз. Төменгі шкаладан ерітіндінің оптикалық тығыздығының сан мәнін анықтау үшін есептеу оңнан солға қарай жүргізіледі.

 

1-жаттығу.Ерітінді концентрациясыныңжарық өткізгіштігінің (оптикалық тығыздығының) спектрлік сипаттамасын анықтау.

1. № 1,2,3,4,5 жарық сүзгіштерді пайдаланып, 8% ерітіндінің жарық өткізгіштігі мен оптикалық тығыздығын анықтаңыз.

2. Анықталған шамаларды1-ші кестеге жазыңыз.

3. Кестедегі шамаларды пайдаланып, а) T = f ( ) б) D = f ( ) графиктерін салыңыз.

Кесте

(нм) 415 күлгін көк сары (жасыл) 600 қызғылт сары 630 қызыл
Жарық сүзгіш
Т%            
D            

 

2- жаттығу. Ерітіндідегі заттың концентрациясын графикті калибрлеу әдісі бойынша анықтау.

1. № 6 жарық сүзгішті қойыңыз.

2. Осы жарық сүзгішті пайдаланып, концентрациялары 2%, 4%, 8%, 16%, Х% болатын ерітіндінің жарық өткізгіштігі мен оптикалық тығыздығын анықтаңыз.

3. Анықталған шамаларды 2-ші кестеге жазыңыз.

4. Кестені пайдаланып, D = f (С) калибрлеу графигін салыңыз. Осы графиктің көмегімен

Х ерітіндісінің концентрациясын ( ) анықтаңыз.

2-кесте

С 2% 4% 8% 16% Х%
Т          
D          

 

3- жаттығу. Ерітінді концентрациясын салыстыру әдісімен анықтау.

1. 2-ші кестедегі 8% ерітіндіні стандарт деп есептеп, (4) формуланы пайдаланып, белгісіз (Х) ерітіндінің концентрациясын табыңыз. ; (4)

2. Графикті калибрлеу әдісі мен салыстыру әдісі бойынша анықталған Х ерітіндінің концентрацияларының шамасын салыстырып, қорытынды жасаңыз.

 

 








Дата добавления: 2015-05-26; просмотров: 1475;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.