Ралдары.

Спектрофотометрияның құралы спектрофотометрлер деп аталады, олар жұту спектрлерін тіркеу үшін қолданылады. Осындай құралдар түсті де, түссіз де ерітінділерді зерттеуге мүмкіндік береді. Олар жарық көзінің санына (бір не екі сәулелік) және монохроматордың типіне байланысты бөлінеді. Монохроматор- монохроматты жарықты алуға негізделген оптикалық- механикалық құрал.

Спектрофотометрлердің негізгі бөліктері:

1) жарық (сәуле) көзі;

2) монохроматор;

3) сәуле қабылдағыш;

4) тіркегіш (индикатор).

Спектрофотометрлер бір сәулелік және екі сәулелік, тіркемейтін және тіркейтін деп бөлінеді (Сурет 1,2 ). Медициналық зертханаларда кең түрде қолданылатын бір сәулелік тіркемейтін спектрофотометрлер қарапайым және арзан құралдар болып табылады. Кварцты оптиканы қолдану спектрдің ультракүлгін, көрінетін жақын инфрақызыл аймақтарын қамтитын 200-1100 нм аралығында өлшеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Зерттелетін ерітінді мен эталон ерітіндіні кезекпен жарық шоғырының жолына қояды. Жарық шоғырларын салыстыру нәтижесі өткізгіштік коэффициенті ( %) және оптикалық тығыздық (D) шамалары бойынша цифрлы құралда не тілі бар құралда көрсетіледі.

Спектрофотометрлерде жарық көзі ретінде әдетте сутегі шамы (спектрдің 220-320 нм аймағында жұмыс жасау үшін) немесе қыздыру шамы (спектрдің 320-1100 нм аймағында жұмыс жасау үшін) қолданылады. Жарық сәулесі айналар жүйесі арқылы шашыратқыш призмаға түсіріледі, призма жарық сәулесін жіктеп, спектрді береді.

Екі сәулелік тіркеуші спектрофотометрлерде сәуле көзінен шыққан жарық ағыны екі шоғырға бөлінеді: негізгі және салыстыру шоғыры (эталонды). Негізгі шоғыр жолына зерттелетін ерітінді, ал салыстыру шоғыры жолына эталон (белгілі) ерітінді қойылады. Ерітіндідегі заттың өткізгіштік коэффициентін анықтау кезінде бірдей екі кюветаларды қолданады, оның біреуіне зерттелетін ерітінді, екіншісіне эталон ерітінді құйылады. Сәуле қабылдағыш зерттелетін ерітінді арқылы өткен жарық шоғырымен және салыстыру шоғырымен кезек-кезек жарықтатылады. Яғни екі сәулелік спектрофотометрлерде екі өлшеу бір мезгілде жүргізіледі.

Жарық

Клиникадағы зертханалық диагностикада жүргізілетін көптеген зерттеулер түскен, шағылған, шашыраған жарықтың энергиясын өлшеуге негізделген. Жарық дегеніміз қызған дене шығаратын немесе зат қозған кезде шығаратын электромагниттік сәулеленудің бір бөлігі болып табылады. Жарық дегеніміз басқаша айтсақ, электромагниттік сәулеленудің адам көзімен көрінетін аймағы. Ол түрлі- түсті болып қабылданатын, ұзындығы әртүрлі толқындардан тұрады. Өте ұзын толқындар қызыл болып, ал өте қысқалары- күлгін болып қабылданады. Олардың аралығында қызғылт сары, сары, жасыл, көк, индиго (қара көк түс пен күлгіннің аралығындағы түс) орналасқан. Көрінетін жарықтың толқын ұзындығы 380-780 нм аралығында жатыр.

Жарықтың негізгі сипаттамаларының бірі- түсі болып табылады, жарықтың түсі монохроматты жарық үшін толқын ұзындығымен анықталады, ал күрделі сәуле үшін спектрлік құрамымен анықталады. Сонымен қатар жарық жиілікпен, толқын ұзындығымен, белгілі бір энергиямен, вакуумде таралу жылдамдығының тұрақты болуымен сипатталады. Жарықтың жиілігі мен толқын ұзындығы мынадай қатынаспен байланысқан:

Жарықтың физикалық қасиеттері күрделі. Жарық бір шарттарда өзін вакуумдегі таралу жылдамдығы тұрақты болатын электромагниттік толқын ретінде білдірсе, екінші бір шарттарда фотондар ағыны ретінде білдіреді. Фотондар- белгілі бір энергиясы, импульсі, импульстің меншікті моменті, нөлдік массасы бар бөлшектер болып табылады. Жарық ағынының (фотонның) энергиясы жарықтың жиілігіне тура пропорционал, ал толқын ұзындығына кері пропорционал:

Бірлік аудан арқылы өткен жарық энергиясының ағыны жарық энергиясының ағынының интенсивтілігідеп аталады.








Дата добавления: 2015-05-26; просмотров: 1779;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.