ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫНАН БОЛҒАН ЖАРАҚАТТАР

Жақ-бет аймағында кездесетін жарақаттарға дұрыс диагноз қою, адекватты ем қолдану, реабилитация жасау және асқынуларының алдын алу үшін осы аймақтың (жарақаттануына байланысты) анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін дәрігер-стоматолог өте жақсы білуі қажет. Олар:

1. Жақ-бет аймағы ең бірінші көзге көрінетін жер болғандықтан адам өмірінде үлкен эстетикалық орын алады. Психиатор ғалымдардың зерттеулері бойынша жақ-бет аймағында ақаулары мен деформациялары бар науқастардың 65%—85%-нің психикасы бұзылады.

2. Бұл аймақта 18 ымдау (мимикалық) еттері орналасады. Бұлшықеттер арқылы адам өзінің ымдау (эластомимика) қабілетін іске асырады.

Ымдаумимикоз (эластомимикоз) ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге организмнің өзіндік жауап қайтару реакциясы. Осы реакция арқылы оның психо-эмоционалдық жағдайын білуге болады. Бұл ымдау еттерінің жиырылуы М. П. Павловтың заңы бойынша іске асырылады. Яғни ішкі және сыртқы тітіркенулер (қоздырғыштар) афферентті (көтерілетін) жолдарымен ми қабығына барып, онда қоздыру ошағын тудырады. Осы ошақтан эфферентті (түсетін) жолдарымен келіп бет нервісі арқылы ымдау еттерін әр түрлі жиырады. Еттердің жиырылу қабілеті қоздырғыш қабілетіне байланысты (қуану, қорқу, ауыру кезеңінде, ащы мен тәттіге т. б.). Ымдау еттерінің өзіндік жиырылуына байланысты адам бетінде уақытша немесе тұрақты әжімдер пайда болады. Осы реакция жақсы психолог, психо-невролог, терапевт, хирург мамандарға науқасқа дұрыс диагноз қоюдың негізін көрсетеді. Ал ымдау еттерінің нервтенуінің немесе афферентті жолдарының бұзылыстарынан бұл реакция іске аспайды.

3. Жақ-бет ауданы шокогендік аймаққа жатады. Тұрмыс жағдайында болған жарақаттардың барлығы осы аймақта болады. Мысалы: төбелес кезінде тек бетке соғады.

4. Бұл аймақта барлық сезім мүшелері орналасқан деуге болады. (көру, есту, иіс, дәм, сезім түйсігі). Мимен және көкірек қуысындағы мүшелермен тығыз байланыста.

5. Қан тамырларының ерекшеліктері.

1) Артерия тамырларының ерекшеліктері:

а) Үлкен артерялар теріасты майлы қабатында жатып, артериола торын құрайды. Сондықтан үлкен қиықшалар кесіп алып ақауларды жамауға болады;

б) Артерия мен вена тамырлары бөлек орналасады;

в) Артерия тамырында қан қысымы өте жоғары болады. Со-ндықтан жараларды хирургиялық өңдеу уақытында қанды тоқтатуға өте мұқият қарау керек;

г) Артерия тамырлары тек бір жағы екінші жағымен қосылып қоймай, олар өзара да қосылады (анастомоз);

д) Бұл аймақта сыртқы және ішкі ұйқы артерия бассейндері қосылады. Сондықтан қан тоқтату өте қиынға соғады.

2) Вена тамырларының ерекшеліктері:

а) Вена тамырларында қақпақша жоқтың қасы. Өйткені олар кішкентай, бір-бірінен алшақ орналасқан және вена түтігін толық жаппайды. Сондықтан, жарақат кезінде ауа эмболиясы болуы мүмкін.

б) Веналар таяз және терең тін қабаттарында орналасады. Бұл екі қабаттағы веналар бір-бірімен қосылып жатады. Сонымен қатар, өз алдына мидағы вена қуысымен тығыз байланыста. Мысалы, беткей орналасқан бет веналар торы V. оиаітіса, ал ол V. ргоllапі арқылы ми қуысымен қосылады. Ал терең орналасқан вена бас сүйегінің астыңғы жағында орналасқан табиғи тесіктер арқылы ми қуыстарымен байланысады.

6. Жақ-бет аймағындағы тіндер эмбрионалды тіндер сияқты жылдам өседі. Өйткені олардың ішінде аз дифференциалдық клеткалар бар. Олар Давыдовскийдің айтуынша тіндердің өсуіне керек.

7. Ауыз қуысындағы тістердің пайдалы және зиянды жағы бар. Зиянды екі жағы: а) Оқ тигенде тіс ұясынан шығып ауыз қуысындағы мүшелерді жарақаттап, тіпті тыныс жолдарына түсіп асфикция болуы мүмкін. б) Тіс жегісімен бүлінген тіс сынық жолында тұрса, инфекция көзі болуы мүмкін. Яғни, тіс арқылы инфекция ауыз қуысынан сүйек жарасына енуі немесе бөгде зат болуы мүмкін.

Тістің пайдалы екі жағы: 1) Тіс арқылы (рентгенограммасыз) жақ сүйегінің сынған жерін бұлжытпай табуға болады. 2) Тіс құрсауды бекітетін жер. Ол арқылы сынықты дұрыстап орнына салуға болады.

8. Жақ-бет аймағы көптеген майлы клетчаткалық қойнауларға толы. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, іріңді қабыну кезінде ірің осы майлы клетчаткалар арқылы тарайды.

9. Бет терісі басқа жерлерге қарағанда жұқа (1 мм) және майлы қабықта жатқандықтан өте қоздырғыш. Терінің осы қасиетін пластикалық операцияларда кеңінен пайдаланады.

10. Иммунобиологиялық қасиеті ауыз қуысында болатын мик-роорганизмдерге байланысты. А. И. Рыбаковтың ғылыми зерттеуі бойынша, ауыз қуысында 96 турлі патогендік микроорганизм өмір сүреді. Осыған қарамай ауыз қуысындағы және аймағындағы жарақаттар тез арада жазылады. Бұл құбылысты үш фактормен түсіндіруге болады:

1 Ауыз қуысындағы микроорганизмдер бір-бірімен қарсылықта (антогонизм) өмір сүреді. Мысалы: сүт қышқылды таяқша микробтар мен іріңді кокктардың ортасында биологиялық теңдік пайда болады. Осы теңдік бұзылса тез арада қабыну процесі басталады.

2) Сілекей құрамында бактерияларға қарсы лизоцим бар. Ол микроорганизмдерді жойып, ауыз қуысындағы ерітінділердің Рһ ортасын реттейді.

3) Организм өмірінде ауыз қуысындағы және аймағындағы тіндерде, осы микробтарға қарсы, жергілікті иммунитет пайда болады. Осы жоғарыда айтылған барлық ерекшеліктер жақ-бет аймағы жарақаттарының жазылуына (регенерация) толық жағдай жасайды, яғни бұл аймақтағы тіндер тез арада жазылады.








Дата добавления: 2015-04-03; просмотров: 2683;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.