Дебиеттер

<HTML>

<HEAD>

<TITLE>Мысалы</TITLE>

</HEAD>

<body bgcolor="gold" Text="black" Link="#00FF00" Alink="#00FF00" Vlink="blue" Lftmargin="40" Rightmargin="40" Marginwidth="40">

<table bgcolor="pink" align="center" border="3" cellspacing="0" cellpadding="5" width="80%" Height="150">

<tr Align="center" bgcolor="#CECECE">

<th Colspan="2"> <i><b><h1> Cемей Мемлекеттік Медицина Университеті <br>Факультеттер </h1></i></b></th>

</tr><tr><td align="center" rowspan="5"><img src="F:\Sholpan\преп\Доктор сурет.bmp"></td><td align="center">Жалпы медицина </td></tr>

<tr><td align="center">Қоғамдық денсаулық сақтау</td></tr>

<tr><td align="center"> Фармация</td></tr>

<tr><td align="center">Cтоматология</td></tr>

<tr><td align="center">Мейірбикелік іс</td></tr></table></ body></HTML>

 

 

11. САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

11.1. Өз бетiмен атқарылатын жұмыс

Ақпараттық дидактикалық бөлімде келтірілген мысалдардың әрқайсысын жеке Windowsтың стандартты бағдарламаларындағы БЛОКНОТ бағдарламасында орында және әр дайындалған құжатты «Мысал» және оның рет нөмірінен тұратын есіммен ата.

11.2. Оқытушымен жұмыс:

- Қателiк жiберілген кезде, не түсiнiксiз жағдайлар болғанда оқытушыны ескерту керек

- Сабақ соңында iстелген жұмыстын есебiн мұғалiмге көрсетiп, сынақ баға алу керек

11.3. Негiзгi және қортынды бiлiм деңгейiн бақылау:

- Компьютерде тестелу

- Оқытушының тақырып сұрақтары бойынша әңгiмелесуi

 

дебиеттер

Негiзгi әдебиеттер:

1. Адибаев Б.М. және басқалар, ИНФОРМАТИКА, Алматы,1997, стр. 80-89;

2. Изтлеуов М.К. және басқалар, Ақтөбе, Информаттика, 2005, 256 – 263.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ефимова О., Морозов В., Шафрин Ю. Курс компьютерной технологии, 1-том, Москва, АБФ, 1998, стр. 452-477.

3. Микляев А.П., Настольная книга пользователя, Москва, 2000, стр. 329-366

10. АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Компьютердің жүйелік блогындa ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тapaқшa қосқъш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын бoлып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.

Компьютерлік желі дегеніміз- ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тiзбeгі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.

Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желirе мысал : өздерің оқитын компьютерлік кластағы бірнеше компьютердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Сондай-ақ бір мезгілде жүздеген, тіпті мыңдаған компьютердің қатысуымен ұйымдастырылатын теміржол және әуе қатынасы билет сату жүйесін де желіге мысал ретінде келтіре аламыз.

Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер (локальді) жергілікті деп аталады да бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер және басқа қымбат құрылғылар) тиімді пайдалану мaқcaтында құрылады.

Компьютер желіге желілік тақта (сетевая плата), модем немесе жоғарғы жылдамдықты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады. Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу ­желілік тақта емес, модем қажет.

Жергілікті есептеуіш желілер - саны шектеулі (әдетте 100-ге дейін) компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.б компьютерлерді біріктіреді. Мекемелердегі жергілікті желі әртүрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті желі құрудағы себеп -. өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтан­дырылған жұмыс орындары, өлшеу кешендері мен басқару бөлімдерінен тұратын автоматтандырылған басқару жүйелері жұмыс істейді.

Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың берілуі сапалы болу ушін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сисналдың өтуі мен бөгелу шамасы артып кетеді. Кәдімгі кабельді қолданғанда желінің ұзындығы 2-2,5 км-ден аспауы керек, арнайы қондырғыларды (сәулелік-талшықты кабель, электромагниттік шығарғыш пен қабылдағыш және т.б.) қолдану нәтижесінде бұл арақашықтықты арттыруға болады.

Жергілікті желі топологиясы.

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясьшың бірнеше түрі бар.

1. Ең қарапайым топология түрі - шина ( 1-сурет). Мұндай желіде барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады. Шиналы топологияның пайдалы жағы, біріншіден, бір не бірнеше компьютердің істен шығуы желінің жұмысына кедергі жасамайды, екіншіден, желілердің ішіндегі ең арзаны. Мұндай желіде барлық компьютерлер біршенді. Шиналы топологияның жағымсыз жағы онда қолданылатын кабель ұзындығы шектеулі, себебі кабель неғұрлым ұзын болса соғұрлым электр сигналының өшу дәрежесі үлкен болады,сондықтан белгілі бір арақашықтықтан бастап сигнал толық өшіп қалу қауіпі бар.

2. Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түрінде кабельге жалғанады (2-сурет). Мұндай желі өте ыңғайсыз бір компьютердің бүлінуі бүкіл желінің істен шығуына әкеледі. Бұл желіде де компьютерлер бір шенді.

3. Жұмыс тобы деп аталатын компьютерлердің әрқайсысы тікелей бір компьютерге жалғанған желі топологиясын жұлдыз деп атайды (сурет 3). Желіге қосылған балық абоненттердің қорын бірлесіп пайдалануға арналған орталық компьютер файлдық сервер намесе жай ғана сервер деп аталады. Жұмыс тобы компьютерлерінің бірі не бірнешеуінің істен шығуы желінің жұмысына кедергі келтірмейді. Осы желі қазіргі кезде қолданылатын желілер негізі болып табылады.

4. Бірнеше жұмыс тобы серверлерінің орталық серверге қосылуы арқылы құрылған желіні ақшақарлы топология (сурет 4) деп атайды.

Құрылғылардың құрамы мен программалық жабдығы топологияға байланысты анықталады. Желі топологиясын мекеме­нің қажетіне қарай таңдап алады. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабаттағы жеке серверлерін байланыс­тыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер бөлінген ақшақар сызбасы ең тиімді топология болады..

Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:

- ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайда­ланушылардың қандай да бір дерекпен жұмыс істеуі;

- бірнеше пайдаланушылар қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

- электрондық пошта мен топтың жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымда жұмыс істеуі мен құжат айналымы; желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;

- Интернетке қосылу мүмкіндігі;

- ақпараттың резервтік көшірмесін алу және орталықтандырылған қорғау. (централизованная защита)

Ортақ деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлер тобы домен деп аталады.

Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушысында (контроллер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады. Мүмкіндігінше бір немесе бірнеше резервтік домен бақылаушы болғаны дұрыс.

АУҚЫМДЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР

Көптеген жергілікті желілердің қосылуы желі аралық бірлестік тудырады және аймақтық желілерді құрады. Мұндайт желілер бір бірінен алшақ орналасқан қолданушыларды байланыстырады. Аймақтық желіге мысал ретінде үлкен қала ішіндегі, экономиялық аймақтағы, жеке мемлекеттегі желілерді келтіруге болады. Аймақтық есептеу желі абонентерінің бір бірінен қашықтығы он – жүздеген шақырым болады. Әртүрлі аймақтардағы желілер әртүрлі хаттамалармен жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы, бір елде білім министрлігінің өзінің ұлттық желісі, ал әділет министрлігінің өзінің желісі болуы мүмкін және бұл желілер бүкіл ел ішіне таралып бір бірімен қилыспауы да мүмкін.

Көптеген аймақтық желілердің қосылуынан ауқымды желі пайда болады. Ауқымды желілер әртүрлі елдердегі, әртүрлі континенттердегі, жер жүзінің кезкелген жерлеріндегі желі абоненттерін байланыстырады, яғни бүкіл жер жүзін қамтиды. Мұндай желіде қолданушылар арасындағы өзара байланыс арнайы байланыс кабельдерімен бірге кәдімгі байланыс құрылғылары, телефон желісі, радиостанциялар, талшықты­ оптикалық желі, ғарыштық серік байланысы т.б. қолданылуы арқылы жүзеге асады. Ауқымды желілер бүкіл адамзаттың тудырған ақпараттық қорларын біріктіру үрдісін және осы қорларға жетуді ұйымдастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік тудырды.

Бір немесе бірнеше желілерді бір-бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Аyқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін. Әр саладағы желілер әр түрлі хаттамамен жұмыс істеуі мүмкін.

Әр түрлі хаттама бойынша жұмыс істейтін екі немесе одан да көп желілер бір-бірімен қиылысқан жағдайда арнайы компьютер (немесе программа) қажет болады. Мұндай компьютерлер немесе пpограммалар бір желідегі деректерді басқа желідегі пайдалану­шылар түсінетіндей форматқа аударып беруі қажет. Ондай қызмет атқаратын компьютерлер немесе пpограммалар шлюздер деп ата­лады. Ал бірдей хаттамамен жұмыс істейтін екі желі біріктіретін құрылғыны көпір деп атайды .

Интернет. Екі немесе одан да көп желілерді байланыстыру кезінде желіаралық байланыс құрылады. Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүз мыңдаған үлкен және кіші желілер жұмыс істейді. Олардың көпшілігі бір-бірімен байланыстырылған. Осылайша біртіндеп өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерлерден құралған ақпараттық өріс құрылды. Осы біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады, яғни ең әйгілі ауқымды есептегіш желі.

Дүние жүзілік ақпараттық желі (WWW)- ол Әр түрлі серверлерде гипертекст пен графиктік құжаттарды тауып, пайдалануға мүмкіндік беретін қызмет. Интернеттің физикалық құрылымын әр түрлі типтегі компью­терлер құрайды. Олардың ішіндегі тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Барлық серверлердің npограммалық жабдықтары бір-біріне сәйкес келмегенімен олардың барлығы TCP/IP стандартты хаттамасы қолданады. Протокол - желімен байланысуға компьютерлерді пайдалану ережелерінің жиынтығы. Компьютерлердің ақпаратты Internet арқылы жіберуде қолданатын стандарт Internet (IP) протоколы. Деректерді басқару (ТСР) протоколы деректерде информация түрін анықтайтын стандартты колданады. ТСР/ІР протоколы бір-бірімен байланысқан қомпьютерлердің қатынасу тілін анықтауға мүмкіндік береді.

Internetке компьютерлерді тізбектелген байланыс каналы арқылы тез және тұрақты қосуға түйін аралық байланыс (PPP) хаттамасы мүмкіндік береді, сонымен қатар ақпарат пакеттерінің желі арқылы жіберілуіне және қабылдаушыға жетуіне жауапты.

TCP/IP хаттамасына сәйкес ақпараттық өрісте айналыста жүретін барлық деректер блоктарға бөлініп, дестелерге салынады. Әрбір десте оған салынған деректен басқа ұзындығы 20 байт тақырыптан тұрады. Бұл тақырыпта жөнелтуші мен қабылдап алушының адресі, жіберілген орында дестелерді жинақтауға қажетті ақпараттар жазылады. Бұл дестелер бір серверден келесі серверге жіберіліп, біртіндеп тиісті адреске жеткізіледі. Егер десте сәтсіз жөнелтілсе, жөнелту қайталанады. Бір хабардың әр түрлі дестесі әр түрлі жолмен өтіп келеді, бірақ ең соңында барлығы жинақталып, бір құжат құрайды.

Интернет адрестері. ТСР/ІР хаттамасы шын мәнінде бір емес екі хаттама. Бірінші ТСР хаттамасы ақпараттың дестелерге бөлініп, қайтадан толық құжат болып жинақталуын қамтамасыз етеді. Екінші хаттама ІР - осы дестелердің желі арқылы берілуі мен олардың адресатқа жетуін басқарады.

Алыстан алу (Удаленный доступ) - программасы компьютерлерді модем арқылы байланыстыруды жүзеге асырады.

Бүкіләлемдік желіге қосылған барлық компьютерлер адамдардың қатысынсыз автоматты түрде жұмыс істейді.. Сервер қай компьютердің жақын немесе қашық екендігін адрестің төрт байты бойынша анықтайды, оларды w.x.y.z түрінде белгілуге болады, мұнда көрсетілген шамалардың сандық мәндері от 0 мен 255 аралығында болады, мысалы 198.137.240.100, яғни w=198, x=137, y=240, z=100. Адрестің мұндай түрде жазылуы IP адресдеп аталады. Адрестің бұл түрі компьютерлер үшін өте ыңғайлы, ал адамдар үшін еске сақтауға ыңғайсыз. Сондықтан адрестің адамзат үшін ыңғайлы символдар түрінде көрсетілетін Интернет адрестер қолданылады. Бұл Интернет адрестерді домендік есімдер жүйесі (DNS) компьютерлерге ыңғайлы IP адреске айналдырады. IP-адрестегі w, x, y, z шамаларының мағынасы желінің класына байланысты.

А класты желідегі IP-адресте

· w бас желі нөмірі (бірінші деңгейлі домен) және 0 ден 127-ге дейінгі мәндерді қабылдайды, ендеше осыдан А класты желілер саны NсА=128-ден аспайды;

· x, y, z А желідегі компьютерлердің нөмірін береді А, ендеше бас желінің біреуіндегі компьютерлер саны NкА=Nx*Ny*Nz=256*256*256=28*28*28=224=1 677 7216 және бүкіл А желісіндегі компьютерлер саны NА=NсА*NкА=128*16777216=27*224=231=2 147 483 648 болады.

В класты желідегі IP-адресте

· w бас желі нөмірі (бірінші деңгейлі домен) және 128 ден 191-ге дейінгі мәндерді қабылдайды, ендеше осыдан А класты желілер саны N =191-127 = 26= 64 -тен аспайды;

· х арлық желі нөмірі 0 ден 255-ке дейінгі мәнді қабылдайды, ендеше әр бас желіде Nx=256=28 аралық желі болады. Осыдан В класты желідегі барлық аралық желілер саны =Nw*Ny=64*256= 26*28= 214=16384.

· y, z В класты желідегі компьютерлер номірін анықтайды., сондықтан әр аралық желідегі компьютерлер саны NкпВ=Ny*Nz=256*256=28*28=216=65 536. В желідегі барлық компьютерлер саны NВ= NсВ*NкпВ=214*216=230=1 073 741 824.

С класты желідегі IP-адресте

· w бас желі нөмірі (бірінші деңгейлі домен) және 192 ден 223-ке дейінгі мәндерді қабылдайды, ендеше осыдан А класты желілер саны N =223-191= 25 = 32 -ден аспайды;

· х және y аралық желі нөмірлерінін санын анықтайды және олардың әрқайсысы 0 ден 255-ке дейінгі мәнге ие бола алады, сондықтан әр бас желіде N=256*256=28*28=216=65 536 аралық желі болуы мүмкін. Осыдан С класты желідегі барлық аралық желілер саны NсС=N* N=32*65536= 25*216= 221= 2 097 152.

· z, 0 ден 255-ке дейінгі мән қабылдайтын, В желісіндегі компьютерлер нөмірін көрсетеді, ендеше әр аралық желідегі компьютерлер саны Nz=256=28 болса, С желідегі барлық компьютерлер саны NкС=NсС*Nz=221*28=2 097 152*256=229=536 870 912.

w – үшін 223-тен 255-ке дейінгі мәндер қызметтік (служебный) D және Е кластаныа беріледі.

Желі класы w Бас желі нөмірі Бағыныңқы желі нөмірі Компьютер нөмірі Желілер саны Компьютерлер саны
A 1-126 w   x.y.z
B 128-191 w х y.z
C 192-223 w х.у z

Бір бірінен нүктемен бөлінетін және латын әріптерімен жазылатын компьютердің домендік интернет адресі ең кемінде екі деңгейлі домендерден тұрады және IP-адреспен салыстырғандеа керісінше оқылады. Мысалы, tutor.sptu.edu, мұнда edu – бірінші деңгейлі домен, аралық sptu доменінің иесін анықтайды, sptu – екінші деңгейлі домен, сервердің домендік есімі және edu-дің аралық домені, tutor – үшінші деңгейлі домен компьютердің есімі және sptu-дің аралық домені.

Қолданушының (абоненттің) электрондық жәшігінің адресі @ белгісі арқылы тіркелген домендік адресінен тұрады: victor@tutor.sptu.edu, мұндағы victor – жәшік иесінің есімі, tutor.sptu.edu – компьютердің домендік интернет адресі.

Компьютердің интернет адресіндегі бірінші деңгейлік доменді оның қайда тиісті екендігін анықтайтын жұрнақ деп те атайды. Көбірек тараған жұрнақтар:

соm - сервер коммерциялық ұжымдікі;

gov - үкісметтік ұйымдар сервері;

edu – оқу орындар сервері.

Кейбір елдерде сервер типі орнына сол елдің кодын көрсетеді. Мысалы:

fr - Франция;

ru - Россия;

kz - Қазахстан.

Internet-тегі ақпарат Web-сайттар түрінде ұсынылады. Web-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL мекен жайымен біріктірілген өзара гиперсілтемелер (гиперсылки) көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан Web-беттерінің жиынтығы. Әрбір Web-сайдтың өзінің бірегей мекен жайы URL ( ағыл. Сөзі -Uniform Resource Locator –ресурстардың әмбебап атауы / желі адресі), бар оны желіден осы мекен жай бойынша тауып алуға болады және Web-бет орналасқан компьютерді анықтайды.

Web сайтқа арналған URL дың көрінісі мынандай болады: http:// www.атауы.домен. Web – сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады. (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы : http: // www.akorda.kz. ал ҚР Үкіметі сайтының мекен жайы http: // www.government.kz.).

URL Ресурстардын әмбебап көрсетушісінің адресінде мысалы: http,://www:yahoo.com/Health/Medicine бірінші бөлігі http- хаттама пайдаланушының Web-бетті көргісі келетіндігін программаға хабарлайды, екінші бөлігі www:yohoo.com - Web-бет орналасқан компьютердің немесе WWW сервердің атын көрсетеді, үшінші бөлігі Hаelth/Medicine - ізделетін құжаттың орналасқан сервердегі бума атын көрсетеді. Келтірілген URL адрес Medicine бумасындағы барлық құжаттардың (Web-парақтардың) тізімін береді. Егер осы бумадағы белгілі бір құжат, мысалы qq.jpg, қажет болса, онда URL адреске төртінші бөлік ретінде осы құжат есімін енгізуге болады: http://www:yahoo.com/Health/Medicine/qq.jpg

Интернет қызметтерін ұсыну

Провайдер - бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Интернет қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефон компанялары да қызмет істей алады. Интернетке қосылу түрлерінің бірі коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу. Егер қaшықтaғы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.

Модем (МОдулятор/ДЕмодулятор сөздерінің қысқартылуы)­ таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үзіктелген аналогтық сигналдарға айналдыруды қамтамасыз ететін, қабыл­даушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.

Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық жөне коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай-ақ злектрондық поштаны пайдаланады, телеконференцияларға қатыса алады.

Бұл Интернетке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі.

Интернетте жұмыс істеу. Компьютерді Интернетке қосу үшін, оны тұрақты ІР адресі бар басқа компьютермен байланыс­тыру қажет. Осындай желіге қосу бойынша қызмет көрсететін ұйымдар Интернет қызметін жеткізушілер немесе сервис-провай­дерлер деп аталады. Мысалы Семей қаласында Қазақ­телеком, Мегалайн сервис-провайдерлер жұмыс істейді.

Әдетте мұндай мекемелер коммерциялық болғандықтан, Интер­нетке қосуды келісімшарт негізінде орындайды.

Ірі мекемелер Интернетке жергілікті желілерін тұрақты түрде қосып қояды да, өздері де осы желінің Интернеттің бір бөлігіне айналады. Кішігірім мекемелер мен жеке адамдар Интернетке модем және телефон желісі бойыншa провайдер мекемелер арқылы қосыла алады.

Интернет қызметтері. Компьютер провайдер мекеменің компьютерімен байланыстырған соң, интернетке нақты түрде қосылу орындaлaды. Бірақ бүкіләлемдік желіде жұмыс істей алмаймыз. Бүкіләлемдік желіде жұмыс істеу үшiн қосымша программалар қажет болады. Бұл программаларды тандау Интернеттің қандай қызметімен жұмыс істейтіндігімізге байланысты. Интернетте әр түрлі қызмет көрсету түрі бар.

GOPHER қызметі.

Gopher құжаттарды сұраныс-іздеу жүйесінің тарату - қызметі. Ол пайдаланушылардың сұранысын, ақпаратты жан-жақты іздеуін және алуын қамтамассыз етеді. Ақпараттардың әртүрлі жерде орналасуына қарамай, ақпарат пайдаланушыға жинақталған меню түрінде жеткізіледі. Gopher қызметі басқа да Gopher серверлерімен байланыста болып, Gopher желісін (Gopherspace) түзеді және файлдардың мәтіндік, дыбыстық, программалық типтерімен жұмыс жасайды.








Дата добавления: 2015-01-09; просмотров: 1941;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.037 сек.